Тоқаевтың бастамалары халықты алдаусырату емес пе?

31.10.2019, 10:36

190

Қыркүйек айыныңбасында президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ үкімет мүшелеріне Бірыңғай жинақзейнетақы қорындағы қаржыны азаматтарың мерзімінен бұрын пайдалануына мүмкіндікберетін жоспар құруға тапсырма берген. Кейіннен БАҚ беттерінде БЖЗҚ қаржысыныңбелгілі бір бөлігін алып, тұрғын үй немесе білімге жұмсауға болады дегенақпараттар шыққан. Кеше Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіаталмыш мәселеге байланысты мәлімдеме таратты.

Онда зейнетақықорынан қаржы алуға байланысты бірқатар талаптар қойылған. Атап айтқанда, ерадамдар үшін 20, 30, 40, 50, 60 жас ерекшеліктеріне қарай қаржылай шекбелгіленген. Мысалы, 20 жастағы адамның есеп шотында 6 миллион 549 мың теңгеболуы тиіс. Бұндай сомма болмаса, ол зейнетақы қорындағы қаржысын ала алмайды.Бір қызығы Қазақстанда зейнетақы қорында бұндай қаржысы бар бірде-бір адам жоқ.Сол сияқты 30 жастағыларға – 6 миллион 695 мың теңге, 40 жастағыларға – 6миллион 897 мың теңге, 50 жастағыларға – 7 миллион 244 мың теңге, 60жастағыларға – 7 миллион 985 мың теңгелік шек қойылған. Ал әйел адамдарғақойылған талаптар тіпті күрделі. 20 жастағы бойжеткендер зейнетақы қорындағықаржысын алу үшін есеп-шотында 9 миллион 601 мың теңге қаржысы болуы тиіс. Осысияқты 30 жастағыларға – 9 миллион 674 мың теңге, 40 жастағыларға – 9 миллион759 мың теңге, 50 жастағыларға 9 миллион 800 мың теңге, 60 жастағыларға 10миллион 147 мың теңгелік шек қойылған. Бұндай талаптарға Республика бойынша,тек 103 мың 503 адам сай келеді.

Экономист МақсатХАЛЫҚ  Еңбек және халықты әлеуметтікқорғау министрлігі жариялаған мәліметтер ешқандай қисынға келмейтіндігін, тіптікүлгілі екендігін айтады.

«Бірден айтайын, бұл күлкілі ұсыныстар. Бұл есептеулердікімнің жасағанын білмеймін, бірақ бұда ешқандай негіз жоқ деп айтуға болады.Бірінші кезекте мен ойлаймын, олардың ойлағандары сол зейнетақы қорындағыақшаны ұстап қалу сияқты. Сондықтан бұл процесс бұлай жасалмауы керек. Біржағынан ең төменгі шек қою ұсынысын түсінуге болады. Бірақ оның өзі қазірреалды емес қой. Өйткені 90 пайыз халықтың сол жерде жинап отырған қаржысы 1миллион теңге көлемінде ғана. Есеп-шотындағы қаржысы 5 миллионнан асатындарсаны 300 мың адам. 6 миллион деген шек қойса, ондай адамдар мүлдем аз. 8миллион жинаған адамдардың саны тек 1 пайыз. Сондықтан бірден айту керек, бұлешқандай ақылға сыймайтын көрсеткіш»  — деді Мақсат Халық.

Бұдан бөлек, Еңбекжәне халықты әлеуметтік қорғау министрлігі зенетақы қорындағы ақшаны несиетүрінде беруді ұсынды. Яғни сіз өзіңіздің қаржыңызды өзің несиеге аласыз. Бұлшын мәнінде абсурд дүние. Бірақ біздің елде түрлі ғажайыптар болатындығынескерсек, бұған таң қалудың қажеті болмайды.

Біріңғай зайнетақықоры маңынан соңғы жылдары дау кетпей тұр. Біресе басшылары істі болыпсотталады, біресе жианқталған қаржы шетелдегі банкрот банктерге салынып жоқ болады.Естеріңізде болса, 2014 жылы БЖЗҚ-ның 250 миллион доллар қаржысы Әзірбайжанбанкінің құнды қағаздарын сатып алуға жұмсалған. Ол банк кейіннен банкротболған. Келісім бойынша, Әзірбайжан банкі енді қаржыны 2032 жылға дейінқайтарады деп күтілуде...

Жалпы, бірқарағанда президент Тоқаевтың зейнетақы қорына қатысты ұсыныстары өте жақсысияқты көрінеді. БЖЗҚ қаржысын пәтер немесе білім алуға жұмсау көңілге қонымдыбастама. Бірақ кеше жарияланған мәліметтерге қарап, бұл кезекті рет халықтыалдаусырату ма деген ой келеді...

Фото: mir24.tv

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 23.09.2021, 09:04
Қазынада дефицит: Үкімет «тарта жесе, тай қалатынын» қашан ұғады?
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 22.09.2021, 08:22
«Уәдеге тойып біттік»
Айнұр ӘЛИ 21.09.2021, 14:50
Жеңіл өнеркәсіптің жайы қалай?
Сайт әкімшілігі 20.09.2021, 13:18
Қазақстан Үкіметі мен "Сбер" меморандумы: мән-жайы анықталды
Еңлік АБАҒАН 16.09.2021, 12:30
Көгілдір отын неге қымбаттап кетті?
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 16.09.2021, 07:53
Инфляция шарықтаса, Досаев қалтырайды

Аңдатпа


  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39