Тоқаевтың туфлиі: Отандық өнімді алған шенеуніктер неге мақтанады?

02.08.2019, 04:21

12

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ Twitterжелісіндегі парақшасына отандық кәсіпкер Дәурен Рахманқұлдың аяқ киім фабрикасынанотандық өнімді қолдау мақсатында туфли алғанын жазды.

«Отандық өнімді қолдау мақсатында мен де бір аяқ киімінсатып алдым. Адал еңбек етіп, нақты кәсіппен айналысуға деген көзқарас орнығуытиіс» деп жазды президент.

Тоқаев туфлиді «Қазпошта»арқылы алыпты. «Бағасы 21 мың теңге, алаяқ киім өлшемі – 43. Ол қоңыр түсті лофер алды. Біздің аяқ киімдер тазабылғарыдан», – дейді фабрика иесі Дәурен Рахманқұл. 

Президенттің баспасөз хатшысы БерікУәли, тағы екі қызметкер де отандық өнімнің тұтынушысы болыпты.

2015 жылы Нұрсұлтан Назарбаевотандық костюмді киіп, осыны алыңдар деген. Бірақ одан жаппай халықтың отандықкостюмді киіп кеткенін көрген жоқпыз. Назарбаевтың артынан сол уақыттағыОңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұлов пен Қарағанды облысының бұрынғыәкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков те  бір-біркостюм сатып алған еді. Бейбіт Атамқұловтың костюмі «Golden Nomad»фабрикасында тігілсе, Әбдібековтің костюмі «Алтын Адам» тігін фабрикасынаншыққан еді. Бұл екі өндіріс орны да Оңтүстік Қазақстанда облысында орналасқан. ЕндіТоқаевтың артынан шенеуніктер жаппай туфли ала бастай ма екен?

Наурыз айында Шымкентке жасағаніс-сапарында премьер-министр Асқар Мамин Шымкент аяқ киім фабрикасынан екі жұпаяқ киім алған еді. Үкімет басшысының бұл саудасы 12 мың ғана теңге болғанынсол кезде бұқаралық ақпарат көздері жарыса жазды. Неге біздің отандық өнімдердішенеуніктер сатып алып, сонымен мақтанады? Бұл комплекс емес пе? Алдымен бүкілелді отандық өніммен қамтамасыз етіп алып, сонда мақтансақ жараспай ма? Егерсол дәрежеге жеткенде біз бұлай мақтанбас та едік, бәлкім. Өйткені ол қалыптыжағдай болар еді. Бұл мақтан – өте арзан мақтан. Және осы уақытқа дейінхалқымызды өзіміз киіндіре алмай отырғанымызды көрсетеді. Осындайда Абайдың: «мақтаншақ деген біреуі «демесін»демейді, «десін» дейді. Бай десін, батыр десін, қу десін, пысық десін, әрдайымне түрлі болса да, «десін» деп азаптанып жүріп, «демесінді» ұмытып кетеді.Ұмытпақ түгіл, әуелі іс екен деп ескермейді» деген сөзі еске түседі.Аяқкиім шығарады екен, киім тігеді екен десін деп жүріп, өз елін киіммен дұрысқамтамасыз ете алмай жүр екен демесін дегенді ел басшылары ұмытып кеткендей.

agapas.kzмәліметіне сүйенсек, 90% аса киім-кешек Қазақстанға шетелдерден келеді.Отандық өндірушілер сырт киім сұранысының бар-жоғы 2,5 пайызын ғана шығарыпотыр. 2018 жылы Қазақстанға ең көп киім сатқан – Өзбекстан. Өзбекстандық kun.uzсайтының жазуынша, былтыр Қазақстан шетелденкиім-кешекті 512,3 млн АҚШ долларына сатып алған. Соның 18,4 млн АҚШ долларыӨзбекстанға кеткен. Яғни Өзбекстан Қазақстанға ең көп киім-кешек сатқан мемлекет.Ала шапанды ел бұл жағынан Қытайды басып озып кетіпті.

Фото: express-k.kz


Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 23.09.2020, 13:22
Доллар қымбаттап жатыр
Қарлығаш Зарыққанқызы 22.09.2020, 10:46
Депозит нарығы: Банктер халықты қашанғы тонайды?
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 22.09.2020, 10:36
SMART СARD сергелдеңге сала ма?
Еркежан АРЫН 22.09.2020, 10:18
Еңбек нарығы: сұраныс пен ұсыныс теңесе ме?
Еркежан АРЫН 22.09.2020, 10:14
Цифрландыру жемісі: электронды сауда қызып тұр
Қарлығаш Зарыққанқызы 22.09.2020, 09:25
Тендер: Ал, жеңдер!

Аңдатпа


  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27