Түлкібастықтар атаулы әлеуметтік көмекпен кәсіп ашып жатыр

23.07.2019, 22:02

13

Мемлекет тарапынан көпбалалы отбасыларға беріліп жатқанатаулы әлеуметтік көмек арқылы кәсіп түрін ашып, одан әжептәуір пайда тауыпотырғандар да бар.

Қазір шағын жәнеорта бизнеске жан-жақты қолдау көрсету мәселесі жиі айтылады. Мемлекеттарапынан арнайы бағдарламалар да белгіленген. Бұл қолдау әсіресеауылшаруашылығы төңірегіндегі жиі байқалып келеді. Дегенмен, мемлекетке қолжайып, қашан көмек береді деп отыра бермей, өзге де қолдауларды сәттіпайдаланып, тұрмысын түзеп, кәсібін ашуға ниеттенгендер де жоқ емес.  

Түркістан облысы Түлкібасауданына қарасты Кемербастау ауылдық округінің тұрғыны Нүрилә ҚАРАТАЕВА үйшаруасындағы көпбалалы ана. Қосағымен бірге 3 ұл, 2 қыз өсіріп, тәрбиелеп отыр.Отағасы Мұқамеджан, мекемеде жүргізуші қызметін атқарады. Бірақ, атаулыәлеуметтік көмекті місе тұтып отыра бермей, осы бір сәтті ұтымды пайдаланып,ауылшаруашылығы саласы бойынша шағындау болса да кәсіп ашып, түскен пайдаарқылы күнкөрісті жақсартып қана қоймай, алдағы уақытта шаруашылығын ұлғайта түспек.Рас, қазірдің өзінде күндік табыстары әжептәуір көбейген, дегенмен, үлкенкөлеммен алыстырғанда бұл өте шағын кәсіп деуге болады. Әйтсе де, бұл бастамаболашақта үлкен шаруашылыққа ұласуы әбден ықтимал.

— Мен осы ауылға 2005 жылы келін болып түскенмін. Көпбалалы анамын. Қазіргі таңда елімізде көпбалалы аналарға барлықжағдай жасалуда. Солардың бірі атаулы әлеуметтік көмек. 
Аталмыш бағдарлама іске қосылды дегенде дереу қажетті құжаттарымды жинап, көмекалуға асықтым. Атаулы  көмекті алған соңжағдаймызда едәуір жақсарды. Баяғыдай, қалай жеткіземіз деген ойларазайды. Бірінші қаржы 340 мың теңге мамыр айында қолымызға тигеннен соң,отағасы екеуміз ақылдасып, 200 мың теңгесіне сауынды сиыр алып, ал қалған 140мың теңгесіне ауладағы 15 сотық жер теліміне мол өнім беретін голандтық «Аякс»сортты қиярды егуді ұйғардық, — дейді біраз жұртқа ой саларлық бастама жасапотырған көпбалалы ана Нүрилә Қаратаева.

Қазіргі уақыттаотбасы күн ара 60-70 келіден өнім алуда. Жинаған өнімді Түлкібас кентіндегі көкбазарға және консерві зауытына келісін 70-100 теңге аралығында өткізіп,бала-шағаның қажетті киім-кешегін түгендеп, сонымен бірге малдарының қысқы жемшөбін дайындауда.

Фотоны автор ұсынды.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 25.09.2020, 10:26
Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
Еркежан АРЫН 24.09.2020, 10:35
Кәсіпкерлерді қолдайтын жобалардың бабын келістіре алдық па?
Еркежан АРЫН 24.09.2020, 10:23
Сауда ынтымақтастығын арттыру маңызды болып тұр
Айжан БҮРКІТБАЕВА 24.09.2020, 09:30
Жеке тұлғаларды банкроттау заңы керек пе?
Сайт әкімшілігі 23.09.2020, 13:22
Доллар қымбаттап жатыр
Қарлығаш Зарыққанқызы 22.09.2020, 10:46
Депозит нарығы: Банктер халықты қашанғы тонайды?

Аңдатпа


  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    25.09.2020, 10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39