Түрікменстанда сөйлейтін ақша жүр

18.06.2020, 06:39

220

 Түрікмен халқы қажыды. Аркадагтарынан әбденшаршады. Бірақ диктатордан әлі де қорқады. Әйтсе де ақырындап биліккеқарсылығын білдіре бастапты. Өйткені соңғы кездері елде президентке қарсыұрандар жазылған ақша купюралары жиі кездесе бастады.

 Аркадаг мәртебесін өзіне ресми түрде тағыпалған Гурбангулы Бердымухамедовқа деген ашуын ауызбен айтып жеткізуге батпасада, халық өз наразылығын қолмен ақшаға жаза бастапты. Елде «Haramdag, güm bol!»(«Харам Аркадаг, кет!») деген немесе «Haramdaga Olum, Halk oyandy!» («Харамдагқаөлім, халық оянды!») деген жазуы бар ақша купюралары жүр.

 Ондай купюралар қолдан-қолға тарап, тірі ақшатүрінде айналымда жүр. Тіпті анда-санда банкоматтардан да осындай «ұраны бар»ақша шығады екен. Бердымухамедовқа наразылардың «қолы қойылған» ақша Ашхабадта ғана емес, елдің басқа өңірлерінде детарап жатыр. Бұл тыныш түрде болса да, халықтың кәдімгі наразылығының белгісі.Ашықтан-ашық ұран қағаздарын тарату қауіпті, ал ақшаға ұран жазу – жақсы идея.Түрікмен билігі жазуы бар бар ақшаны жинап алып, өртеп жібермейтін шығар?

  Қалайдегенде де, бұл халықтың төзімі таусылып бара жатқанын көрсетеді. Сәуір айындаелде ондаған адамның өмірін қиған дауыл мен сел кезінде билік ешқандай әрекетжасамады. Соның салдарынан Лебап және Марый өңірлерінде халық баспанасыз, ашқалды. Дүкен сөрелерінде азық-түлік жоқ, ал Аркадагтың режимі апат аймағындағыхалыққа бір түйір көмегін көрсетпеді.

   Иә, «Түрікменніңалтын ғасыры» деген жазу бар ақшаға халық енді өз пікірін қоса жазып жатыр.Аркадаг отпен ойнап отыр. Тіпті 2020 жыл Бердымухамедовтің соңғы жылы болмасынакепіл жоқ. Жуырда шетелдегі түрікменстандықтар Түркия, АҚШ және СолтүстікКипрде наразылық шараларын өткізген болатын. Халық диктатордың отставкасынталап етеді. Егерәки, ондай наразылық шаралары ел ішінде бұрқ ете қалса,ашынған халықты тоқтату тым қиын болады.

Әділ АҚЫЛБАЙ,

«Жас Алаш»


Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 13:18
Қазақстан Үкіметі мен "Сбер" меморандумы: мән-жайы анықталды
Еңлік АБАҒАН 16.09.2021, 12:30
Көгілдір отын неге қымбаттап кетті?
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 16.09.2021, 07:53
Инфляция шарықтаса, Досаев қалтырайды
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 14.09.2021, 16:30
Сыбайластықтың сара жолы
Еркежан АРЫН 14.09.2021, 13:30
Су арналары: цифрландыру, реконструкция, жаңа суқоймалар
Еркежан АРЫН 14.09.2021, 10:30
Жер қатынастары туралы заңда не өзгерді?

Аңдатпа


  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39