Туризм: Шағын ұшақпен құдалыққа барар күн жақын

24.10.2018, 22:02

7

Орташа қарқынмен дамып жатыр деген отандық турзим саласына күш-қуат бітіріп, дамытып жіберу үшін осы саланы дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасының жобасы жарияланды.Жалпы, Бүкіләлемдік экономикалық форумның Сапарлардың және туризмнің бәсекеге қабілеттілігінің жаһандық индексінде (2 жылда бір жарияланады) 2017 жылы Қазақстан 136 елдің ішінде 81-ші орын алған. Үкімет 2019 жылы бастап 2025 жылы аяқтаймыз деген жаңа бағдарламасымен отандық туризмнің бәсін асырып, жаһандық индекістің жағымды жағында жүрмек. Тіпті, оған қалай жетудің амалдарын есептеп, келетін туристердің санын есептеп те қойған.  Мәселен, бағдарламаны  іске асырғанда  яғни, 2025 жылы кірме келушілердің (келуші – шекарадан өткен шетел азаматы) саны 9 млн. адамға дейін, оның ішінде кірме туристтердің (кірме турист –кәсіби қызметпен емес >24 сағаттан астам уақыт ҚР аумағында өткізген шетел азаматы) санын 3 млн. адамға дейін ұлғаймақ. Ішкі туристтердің санын 8 млн. адамға дейін көбеймек. Ал туристік  салада жұмыс істейтіндердің саны 650 000 адамға дейін өспек. Үкімет осы мақсаттарға жету үшін туристік қызмет көлемін 2,5 есеге өсіріп (270 млрд. теңгеге дейін), туристтерді тарту үшін маркетинг пен брендингті жақсартып, әуекөлігінің инфрақұрылым реттеп, көлік және су жолдары және халықаралық бағыттарды жөнге келтімек ниетте.Сондай-ақ,  мемлекеттік бағдарламаның жаңа жобасы Қазақстандағы даму әлеуеті өте зор деген 10 аумақты іріктеп алып, оларға болашақта келетін туристер санын болжапты.1)  Алакөл көлі  әлеуеті бір жылда 2 500 000 турист қабылдамақ. Қазіргі ағымдағы ағын – бір жылда 772 000 туристен аспайды.2)  Алматы өңірінің тау кластері–  әлеуеті бір жылда 2 500 000 турист (ағымдағы ағын – 500 000);3) Щучинск-Бурабай курорттық аймағы – әлеуеті бір жылда 2 000 000 турист (ағымдағы ағын — 750 000);4) Баянауыл курорттық аймағы – әлеуеті бір жылда 450 000 турист (ағымдағы ағын — 200 000);5) Имантау-Шалқар курорттық аймағы – әлеуеті бір жылда 400 000 турист (ағымдағы ағын — 130 000);6) Балқаш көлі – әлеуеті бір жылда 400 000 турист  (ағымдағы ағын — 130 000);7) Шарын каньоны – әлеуеті бір жылда 1 000 000 турист (ағымдағы ағын — 100 000);8) Түркістанның тарихи-мәдени туризмін дамыту – әлеуеті бір жылда 1 500 000 турист  (ағымдағы ағын — 500 000);9) Маңғыстаудың жағажай туризмін дамыту — әлеуеті бір жылда 750 000 турист;10) Астана қ. МІСЕ туризмін дамыту – әлеуеті бір жылда 1 000 000 турист;Үкімет жобасын жасаған мемлекеттік бағдарлама ішкі туризм белсенділігін арттыру үшін ішкі авиаталмалдарды реттемек.Мәселен, қазіргі уақытта ішкі авиарейстерді аптасына 600 астам рейспен 55 ішкі маршрут бойынша жеті қазақстандық авиакомпания орындайды.Ұшулар географиясына қарасақ, Қазақстанның барлық өңірлерінен Астана және Алматы сияқты ірі қалаларға жасалады. Ал Қазақстанның қалған өңірлері арасында байланыс жоқтың қасы, бұл ішкі туризмнің дамуына кедергі келтіреді. Мысалға, Батыс Қазақстанның туристтеріне қысқа уақытта Шығыс Қазақстанға ұшақпен бару  қиын. Жаңа бағдарламада ішкі рейстерді көбейту, жаңа әуекомпаниялар ашу, ішкі авиатасымалдауларды дамыту, оның ішінде авиамаршруттарды субсидиялау мәселесі де қарастырылған.Бұл бағытта қазірдің өзінде жұмыстар басталып,  2018 жылы 1,8 млрд. теңге сомасында 17 авиабағыт субсидия алып, Қарағанды – Қызылорда – Қарағанды, Өскемен – Қарағанды – Өскемен, Петропавловск – Шымкент – Петропавловск, Алматы-Балқаш-Алматы, Астана-Ұржар – Астана, Астана-Үшарал – Астана, Көкшетау-Ақтау – Көкшетау, Алматы – Көкшетау – Алматы, Астана-Петропавловск – Астана, Алматы – Петропавловск – Алматы, Алматы — Ұржар – Алматы, Алматы – Үшарал – Алматы, Астана — Талдықорған – Астана, Астана — Балқаш – Астана, Өскемен – Семей – Ұржар – Семей – Өскемен, Өскемен – Зайсан – Өскемен, Талдықорған – Үшарал – Талдықорған арасы жақындай түскен. Сондай-ақ, мемлекеттік туризм бағдарламасын жүзеге асыру өңірлік авиацияның дамуына да септеспек. Мәселен, қияндағы тарихи маңызы бар жерге автомабилжолын салуға өте көп қаржы кетеді. Және ол жолды ұстап тұру шығыны да мол. Ал алыстағы тарихи не турист қызығатын жерлерге шағын ұшақпен жету біріншіден уақытқа үнемді, екіншіден өңірлік авиацияны дамытуға пайдалы.Осы мақсатта қазір Павлодар облысының Баянауыл ауданындағы курорттық аймақтың қолжетімділігін арттыру үшін ұзындығы 1200 м және ені 21 м ұшып-қону алаңы жаңартылып жатыр.Курорттық аймақтағы аэродромды 2018 жылдың соңына дейін салып бітіру жоспарланған. Тиісті сертификаттаудан кейін келесі туристік маусым алдында Астана-Баянауыл, Павлодар-Баянауыл рейстерін ашу көзделініп отыр. Сонымен қатар, Алматы-Баянауыл бағытын ашу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Аталған бағыттарда аймақтық авиацияның ұшақтарын пайдалану жоспарға алыныпты.Қазіргі уақытта шағын авиация паркі үлкен емес, соның салдарынан өңірлік авиажелілердің тапшылығы байқалады. Ауа кемелерінің өңірлік паркін жаңарту мәселесіне осы туризм бағдарламасы оң әсерін тигізер.Бағдарламада Өңірлік авиация флотын жасақтау үшін біртипті ауа кемелері флотын сатып алған жөн деп жазылған. Мәселен, сыйымдылығы 20 жолаушыға дейін, топырақты немесе қар жауған аэродромдардан еркін ұшып қона алатын, максималды ұшу қашықтығы кем дегенде 1000 шақырымды еркін алатын ауа кемелерінің жалпы санын  5 жыл ішінде 20-дан асыру  керек депті.  Әрине, мұндай ұшақтар жолға қойылса,  қара жолдағы көлікпен  бір күн кетер уақытты үнемдеп, бар-жоғы 1-1,5 сағатта барар жерге жетіп алар едік. Қалай десек те, туризмнің жаңа бағдарламасы іске асса, құдалыққа да шағын ұшақпен барар едік. Тойға бару да туризм ғой!  
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 18:17
Құс тұмауы: шаруаларға өтемақы қалай берілетіні айтылды
Сайт әкімшілігі 12:34
Пойыз билеттері қымбаттады
Сайт әкімшілігі 18.09.2020, 10:05
Tengri Bank лицензиясынан айырылды
Қарлығаш Зарыққанқызы 17.09.2020, 09:14
Ресейдің доллардан арылуға асығуы нені аңғартады?
Қарлығаш Зарыққанқызы 15.09.2020, 10:51
Халық арзан баспанамен қашан қамтылады?
Сайт әкімшілігі 14.09.2020, 15:37
Қазақстандықтар айдың соңына дейін жер мен мүлік салығын төлеу керек

Аңдатпа


  • Ахметовтің кадр саясаты ақсай бастады
    21:08
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13