Түркістан – үлкен құрылыс алаңы

27.04.2019, 13:55

530

Жаңа құрылған облысретінде күллі Қазақстан қас қақпай қарап отырған Түркістан аймағының әлеуметтік-экономикалықдамуы кім үшін болса да маңызды екені түсінікті. Әсіресе, Түркістан облысыныңорталығы Түркістан қаласын дамыту, заманға сай өркендету жоспарлары – қаланы үлкенқұрылыс алаңына айналдырып отыр. Қазір облыстың әкімшілік-іскерлік орталығында17 нысан салынуда. Бұл туралы Түркістан қаласында өткен Қазақстан РеспубликасыПремьер-министрі Асқар Маминнің қатысуымен өткен жиында айтылды.

Премьер-министртөрағалық еткен селекторлық режимдегі жиында Түркістан қаласын дамытудың2019-2020 жылдарға арналға қаланы дамытудың кешенді жоспары мен дамуы сөзболды. Қала ғана емес, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының 2004 жылғадейінгі кешенді жоба-жаспарлар да айтылды. Премьер-министр Мамин осығанбайланысты бірнеше тапсырмалар берілгенін айтады:

«Қазіргі таңдаТүркістан қаласы үлкен құрылыс алаңына айналып отыр. Бүгін бірнеше құрылыснысандарында болып, атқарылып жатқан жұмыстармен таныстым, тиісті тапсырмаларберілді», — дейді премьер.

Жалпы, облысорталығында әсіресе облыс әкімдігінің ғимараты, басқармалар, департаменттерғимараты, конгресс орталығы, Оқушылар сарайы, Халыққа қызмет көрсету орталығысияқты, негізінен әкімшілік ғимараттарды түгендеп алу маңызды саналады. Тағыбір айта кетерлігі бұл орталықтардың көбін арнайы акция аясында өзге облыстармен қалалар және ұлттық компаниялар жаңа облысқа көмек ретінде салып беруде.Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев оны атап тұрып айтты. Түркістан қаласын дамытубойынша атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде арнайы баяндама жасаған әкім 29нысанның өзге облыстар мен ұлттық компаниялардың, бизнес өкілдерінің есебіненжүретінін айтты.

«Қазіргі таңдаәкімшілік-іскерлік орталығында 17 нысан салынуда. Оныңішінде 10 нысанда құрылыс жұмыстары өндірістік кестеге сәйкес жүргізілуде. Атапайтқанда, BI Group салып жатқан облыс әкімдігінің ғимараты, басқармаларғимараты, департаменттер ғимараты, конгресс орталығы (Самұрық-Қазына), медиаорталығы (Алматы қаласы), Оқушылар сарайы (Самұрық-Қазына), стадион(Самұрық-Қазына), Астана алаңы (Астана қаласы), Халыққа қызмет көрсету орталығы(Павлодар облысы), қалалық саябақ (Алматы, Ақмола, Қарағанды облыстары). Тұрғынүй құрылысы бойынша әкімшілік-іскерлік орталығында жалпы 2351 пәтер, 135,6 мыңшаршы метр, 52 тұрғын үй құрылысы жүргізілуде. Жыл соңына дейін 660 пәтермаусым айында пайдалануға беріледі. 7-20-25 бағдарламасы аясында тамыз айында336 пәтер пайдалануға беріледі. 540 пәтер желтоқсан айында, ал жеке инвесторларарқылы 815 пәтердіңқұрылысы жүргізілуде», — дейдіәкім Шөкеев.

Сондай-ақ, жаңаоблыстың жаңа әкімі өз баяндамасында кейбір нысандардағы құрылыс жұмыстарыныңбаяу жүріп жатқанын айтты. Айтуынша оның саны төртеу: музыка мектебі, жабықбассейні бар спорт кешені, олимпиадалық резервтегі спорт мектебі, туризмбағытындағы колледж. Бұл нысандар әлгі көмек ретінде салынып жатқанқұрылыстарға жатады. Ретімен баяндасақ, Батыс Қазақстан облысы әкімдігі, PetroleumOperating компаниясы, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі, Sembol Constructionкомпаниясына тиесілі жұмыстар. Бұдан бөлек, облыс орталығының дамуына анауайтқандай кедергі келтірмесе де, қала тұрғындарына аса қажет саналатынғимараттардың құрылысы әлі басталмаған. Бұл нысандардың саны екеу: Хайлвиллкомпаниясына тиесілі тұрғын үй кешені мен «Самұрық Қазына» Ұлттық әл-ауқатқорына қарасты «қазпошта» ғимараты.

Әкімнің сөзінше,қазіргі таңда облыста 46 нысанның жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленуде, бұлжобалар қыркүйек айында қолданысқа берілмек. Бұл жылдам уақыт ішінде қолданысқаберілмек нысандар құқық қорғау органдары (9 жоба), тұрғын үй кешендері (18жоба), денсаулық сақтау (5 жоба), білім беру (4 жоба) және мәдениет саласыбойынша (2 жоба) нысандар.

Сонымен қатар,облыс әкімі кейбір жобаларға қатысты Үкіметтің қолдауы мен көмегі керек екенінде айтты.

«Кентау қаласыаумағын индустриалды-өндірістік аймақ ретінде дамыту барысында Түркістанқаласының шығыс аумағынан шамамен ұзындығы 30 шақырым, құрылыс-монтаждаужұмыстарының құны 15,0 млрд теңге болатын айналма жолды қарастыру туралы ҚРИндустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне ұсыныс жолданған болатын.Осыған қолдау қажет. Екіншіден, әуежайға баратын 15,2 шақырым жолдыңтехникалық-экономикалық негіздемесі мен жобалау-сметалық құжаттамасыәзірленуде. Шаға ауылы тұсынан әуежайға салынатын автомобиль жолынан Қосқорғанауылы арқылы тікелей Кентау қаласындағы индустриалды аймаққа дейінгі жалпыұзындығы 24 шақырымды құрайтын жол құрылысын жүргізу жоспарлануда. Бұл бағытарқылы жүк көліктері Түркістан қаласы аумағына кірмей тікелей индустриалдыаумаққа қатынайтын болады. Аталған жол құрылысы Түркістан облысының 2024 жылғадейінгі әлеуметтік-экономикалық даму кешенді жоспарына өзгеріс енгізу барысындақарастырылды. Жобаны қолдауыңызды сұраймын», — деді Ө.Шөкеев.

Ал, Премьер-министрА.Мамин құрылыс жұмыстарын қарқындатуды және барлық шаруаны жоспар бойыншаатқару туралы тапсырма берді.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Еркенұр ҚОНЫСБАЙ 06.06.2023, 09:00
Жалған кәсіпкерлер, алаяқ аналар
Сайт әкімшілігі 05.06.2023, 09:14
ОПЕК+ мұнай өндіруді азайту келісімін 2024 жылдың соңына дейін ұзартты
Сайт әкімшілігі 05.06.2023, 09:00
1 шілдеден бастап газ қымбаттайды
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 01.06.2023, 10:11
Жұманғариннің жиналыстары. Бас шұлғитын әкімдер, орындалмайтын тапсырмалар
Сайт әкімшілігі 29.05.2023, 10:01
Зейнетақы қоры қазақстандықтарға үндеу жолдады
Сайт әкімшілігі 25.05.2023, 06:23
Электромобильді кедендік бажсыз ресімдеу тәртібі туралы

Аңдатпа


  • Данияр Базарқұлов, режиссер: Отанды сүю деген билікті сүю деген сөз емес
    09:32
  • Ораловтың барында...
    06.06.2023, 10:17
  • Ұстағанның қолындағы, тістегеннің аузындағы қазақ ураны
    06.06.2023, 09:46
  • Жалған кәсіпкерлер, алаяқ аналар
    06.06.2023, 09:00
  • Өзбекстан қай жолды таңдады?
    02.06.2023, 10:15