Түркістанға 10 мың түп гүжім көшеті әкелінеді

Сайт әкімшілігі

09.11.2021, 10:09

980

Түркістанды көгалдандыру үшін Өзбекстаннан 10 мың түп гүжім ағашы әкелінеді.

Сонымен бірге жергілікті климатқа қолайлы саналатын қарағаш пен терек егіледі. Күзгі ағаш егу науқанының барысын бақылаған Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев облыс орталығындағы бірқатар нысандарды аралады. Қаланы көгалдандыру бағытында атқарылып жатқан іс-шараларды, аудан, қала әкімдіктері мен басқармалардан жасақталған секторлардың жұмысын пысықтады.

Облыс әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Түркістан қаласы көгалдандыру және абаттандыру жұмысын жүйелі жүргізу мақсатында 32 секторға бөлінген. Аудан, қала әкімдіктері мен басқармалар тұрақты түрде өздеріне бөлінген аумаққа көшет егіп, оның өсіп шығуын жауапкершіліктеріне алған. Секторлардың жұмысын жандандыру мәселесі облыс әкімі аппаратында да арнайы қаралып, облыс басшысы тарапынан тиісті тапсырмалар берілген болатын.

«Біріншіден, әрбір көшет, жасыл желекке су барып тұруы тиіс. Егер тұрақты суғарылса, Түркістанда ағаш өседі. Екіншіден, біздің климатқа төзімді қарағаш, терек, акация және өзге де ағаштарды өсірген жөн. Үшіншіден, сол көшеттер тамыр алып кеткенше желден қорғап, сынып кетпеуі үшін арнайы қорғауды қамтамасыз ету қажет»,- деген өңір басшысы секторларға жауапкершілігі жоғары, қоғамға жанашыр азаматтарды тартуды тапсырды.

Арық жүйелерін суландыру жұмыстары мен жаңа нысандардың айналасын абаттандыруды бақылаған облыс басшысына бірқатар жаңа жобалар таныстырылды. Бүгінгі секторларды аралау барысында да бірқатар ескертпелер айтылып, тиісті тапсырмалар берілді.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

М.СӘУЛЕБЕК 19.05.2022, 14:34
Жұмыссыздықпен күрестің тиімді тәсілі – шағын кәсіпкерлік
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 19.05.2022, 08:56
Сор болған стрестік активтер
М.СӘУЛЕБЕК 18.05.2022, 15:47
Кәсіпкерлікті арттыру «донор» өңірлер санын арттырады
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 18.05.2022, 06:20
Қалтырауық үкімет
Қуаныш ӘБІЛДАҚЫЗЫ 17.05.2022, 05:13
Халықты тонаудың бір әдісі
Сайт әкімшілігі 16.05.2022, 12:35
Бүгіннен бастап елімізде жеңілдетілген автонесие беріледі

Аңдатпа


  • Мусин міз бақпайды
    19.05.2022, 08:52
  • Сор болған стрестік активтер
    19.05.2022, 08:56
  • Балалар жылында балалар неге шеттетіледі?
    19.05.2022, 08:40
  • Қалтырауық үкімет
    18.05.2022, 06:20
  • Қонаев кімнен кем, кімнен артық еді?
    18.05.2022, 06:17