Түркістанның құрылысы тәулік бойы жүреді

26.04.2019, 20:11

16

Жаңа құрылған Түркістаноблысының орталығында құрылыс жұмыстары тәулік бойы жүргізілуі тиіс. Бұл туралыосы өңірге арнайы сапарлап келген Қазақстан Республикасы премьер-министр АсқарМамин айтты.

Облысқа жұмыссапары барысында премьер-министр облыс орталығын аралап, қала құрылысының қалайжүріп жатқанын көріп, қала, облыс басшыларымен жоспарлардың іске асумәселелерін талқылады.

Жалпы, Түркістанқаласының даму бағыттары тек бір облыстың емес, күллі түркі жұртыныңмәдени-рухани, тарихи орталығы ретінде жүргізілуге тиіс. Сондықтан да,әкімшілік орталықтар мен тұрғын үйлерден басқа да біраз нысандар салынужоспарлануда. Одан бөлек әлеуметтік маңызы бар нысандар да тез арада іскеқосылуға тиіс. Әзірге, стадион, Оқушылар сарайы, Халыққа қызмет көрсетуорталығы, Музыка мектебін, бассейнді спорт сарайын, облыстық ғылыми-әмбебапкітапханалардың жобасы дайын, құрылыс жұмыстары дайындық сатысында тұр. ТұңғышПрезидент паркі, аттракциондары бар қала саябағы, музыкалық фонтан, амфитеатр,арбат сияқты халықтың қолайлы өмір сүруін қамтамасыз ететін абаттандырылғанорталықтарды салуға дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар,индустриялық аймақ аумағын кеңейту және «TURKISTAN» АЭА іске қосу жобалары дақолға алынбақ.

Сонымен қатар,жаңа құрылған облыс орталығы болғандықтан Түркістан қаласы халқының саны ендіеселеп өсетіні түсінікті. Сол себепті, бұдан былайғы кезде қалаға тұрғын үйлерсалу мен оларды абаттандыру жұмыстары да көптеп салынуға тиіс. Қазіргі жоспарбойынша, Түркістан қаласында осы жылдың соңына дейін 52 көппәтерлі тұрғын үйпайдалануға беріледі деп күтілуде. Жиыны 52 үйде 2300-ден астам пәтер бар. Ол1200 отбасын «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша баспанамен қамтамасыз етеді. 270аз қамтылған отбасы осы тізімнің ішінде баспаналы болады.

Облыс орталығыныңкөшелерін реттеу де кезек күттірмес мәселе. Қазір жалпы ұзындығы 82,5шақырымдық 69 көшені толықтай жөндеу, ұзындығы 42,2 шақырымды құрайтын барлығы47 көшені абаттандыру жұмыстары басталған. Сонымен қатар, ұзындығы 12,8 шақырымғасозылатын велосипед жолын салу жұмыстары да жүргізілуде.

Ал, тұрмыс пен коммуналдық шаруашылық жұмыстары да аз уақыт ішінде толықтай жолға қойылуға тиіс. Жалпы облысты газдандыру үшін 31,1 км магистральдық газ құбыры салынбақ. Ал, қала басшылығы 2020 жылға қарай облыс орталығы 100% табиғи газға қосылады деп отыр. Қазір қала құрылысына жалпы саны 400-ден астам техника жұмылдырылған, 3500 адам жұмыс істеп жатыр. Жаз мезгілінде құрылыс жұмыстарының қарқын алатынын ескерсек, бұл көрсеткіш тағы біразға өседіь дейді. Мәліметке сәйкес, жаз кезінде қосымша 2500 адам жұмысқа тартылады деген жоспар бар. Қаладағы барлық құрылыс жұмыстары кестеге сәйкес жүргізілуде. Бұған байланысты облыс, қала басшылары барлық нысандарды белгіленген мерзімде аяқталады деп отыр.

Сапар барысында Үкіметбасшысы қаланың әкімшілік-іскерлік орталығында болып, облыс әкімдігі,басқармалар мен департаменттер ғимараттары, Медиа орталық, Конгресс-холл салынатынқұрылыс алаңдарын аралады. Сонымен қатар, облыс орталығының кіру қақпаларын,қала қақпасы мен қаланы байланыстыратын Б. Саттарханов даңғылының жобасынкөрді. Қазір бұл даңғылды реконструкциядан өткізсе, оны 18 метрге дейінкеңейтуге мүмкіндік бар. Қала қақпасы мен қаланың аралығындағы жолдың кең,тартымды болуына баса назар аударылған. Оның сыртында қала маңын абаттандыру, «жасылбелдеу» құру, ирригациялық жүйені дамыту бойынша да атқарылып жатқан жұмыстарғабаға берілді.

Қаланың және қаламаңын инфрақұрылыммен толықтай қамтамасыз ету қазіргі басты міндет. Себебі,инфрақұрылым – сырттан, іштен инвесторлар тарту үшін басты шарттардың бірі.Өйткені, инвестиция да өнім беретін, шаруа жүретін, орталықтандырылған жергеүйір келеді. Сол себепті, «Арыс – Түркістан» каналын реконструкциялау және«Машинный» каналы құрылысының жоспары да басты назарда. Бұл жобалар іске ассасуармалы шаруашылыққа қатысты су тапшылығы мәселесін шешіп, ауылшаруашылығындамытып, өндіріс көлемін арттыуға мүмкіндік береді.

Жоғарыдаайтылғандай, Түркістан қаласын түркі жұртының мәдени-рухани орталығына айналдырумақсаты тұрғандықтан, қаланың тарихи-мәдени бөлігін дамытуға ерекше назараударылады. Қожа Ахмет Яссауи музейі, Туристік визит-орталық, сәулеті тарихинегіздегі Шығыс моншасының құрылысы жүріп жатыр. Сондай-ақ, «Әзірет Сұлтан»музей-қорығының аумағын абаттандыру жобасы жасалған. Қалашықтағы тарихи-мәденинысандарды реставрациялау жұмыстарының жоспары дайындалған.

Осы жоба-жоспарларментанысып шыққан соң, премьер Түркістанның 2019-2020 жылдарға арналған кешендіқұрылысын жүргізу және жан-жақты дамыту жоспарын талқылап, кеңес өткізді. Жұмыскеңесінде облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев құрылыс, тарихи- мәдени нысандардыреконструкциялау, тұрғын үй мәселелерін шешу, инженерлік-коммуникациялықинфрақұрылым жүргізу, жолдардың сапасын арттыру, туризм, ауыл шаруашылығысалаларын, арнайы экономикалық аймақты дамыту мәселесі жайында арнайы баяндамажасады.

Жұмыс кеңесінетек қазақстандық шенеуніктер мен әкімдік қызметкерлері ғана емес, шетелдерден,халықаралық ұйымдардан арнайы келген сарапшылар да қатысты. Ескерткіштер менобъектілер жөніндегі халықаралық кеңестің (ICOMOS) аға сарапшысы, германиялықпрофессор Михаэль Янсен, CIPA мұра құжаттары жөніндегі ғылыми комитетінің сарапшысы,Канададан келген доктор Она Вилейкис Тамайо арнайы шақыртылыпты. ҚР мәдениетжәне спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы қазіргі таңда аталған сарапшыларменбірлесіп арнайы жұмыстар жүргізіп жатқанын айтады. Министрдің сөзінше, ҚожаАхмет Яссауи ескерткішінің қазіргі жағдайы қай деңгейде, бекініс қабырғасынқайта қалпына келтіру және реставрациялау жұмыстарын жүргізу кезінде кесененіңтарихи келбетіне нұқсан келтірмеу жолдары қарастырылып жатыр.

Сондай-ақ, кеңесотырысында Түркістан қаласының көлік, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым,энергиямен, газбен және жылумен қамту туралы сөз болды. Түркістан облыс болыпқұрылғанда облыс орталығын дамтыуға көмек акциясы бойынша жауапкершілік алғанАқтөбе, Павлодар, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарының және Елорда,Алматы қалалары әкімдерінің орынбасарлары атқарылып жатқан шаруаларға қатыстыесеп берді.

Облыс орталығындағыкез келген нысан уақтылы пайдалануға берілсе, өңірдің әлеуметтік-экономикалықдамуына, тарихи-мәдени астана ретінде танылуына үлкен сеп. Премьер-министрі қалақұрылысын жүргізуде күшейтілген хұмыс тәртібіне көшу керек екенін айтты.

ЕндіТүркістандағы құрылыс жұмыстары тәулік бойы жүретін режимге көшеді.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Қарлығаш Зарыққанқызы 24.11.2020, 14:41
Қазақстан экономиканы сауықтыру үшін 1,5 млрд еуро қарыз алады
Сайт әкімшілігі 24.11.2020, 14:18
Зейнетақыны пайдалануда 10% салық ұстау жөніндегі заңды Мәжіліс кері қайтарды
Тоқтар ҒАБДІРЕШҰЛЫ 23.11.2020, 15:53
Батыс Қазақстанда азық-түлік бағасы ұшып тұр
Сайт әкімшілігі 23.11.2020, 10:49
Семинарға сенбеңіз, қаржылық сауаттылық туралы оқытқан алаяқ ұсталды
Қарлығаш Зарыққанқызы 20.11.2020, 09:33
Мемлекетке масыл болған банктер арқылы ДСҰ талаптарын орындай аламыз ба?!
Сайт әкімшілігі 19.11.2020, 16:09
2021 жылы жұмыссыздық дендесе 42 500 теңге төлене ме?

Аңдатпа


  • «Жас Алаш» жазған жайдан соң: Тұғыл тығырықтан шықты (видео)
    24.11.2020, 15:57
  • «Жас Алаштың» себепкер болуымен көп балалы ана жер алды
    23.11.2020, 11:20
  • Құны 68 мың теңгелік бетперденің қандай мақсатта алынғаны белгілі болды
    24.11.2020, 12:41
  • Үгіт-насихат материалдарын "Жас Алашқа" ұсыну тәртібі туралы мағлұмат
    23.11.2020, 18:42
  • Семинарға сенбеңіз, қаржылық сауаттылық туралы оқытқан алаяқ ұсталды
    23.11.2020, 10:49