Тұтынушылардың құқығы өз деңгейінде қорғалуда

Еркежан Арын

18.06.2021, 09:49

1715

        Биылғы бірінші тоқсанда Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне 6000-ға жуық шағым түскен көрінеді. Тұтынушылардан түсетін шағымдардың негізгі легі шағын және микро кәсіпкерліктің жосықсыз кәсіпкерлерінің үлесіне тиді. Осының негізінде комитеттің аймақтық департаменттері айыппұл түріндегі жазаға тартылған және ескерту алған кәсіпкерлерге жоспардан тыс 23 тексеру жүргізді.

       Белгілі болғандай, тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне түскен шағымдардың басым бөлігі тамақ өнімдеріне қатысты екен. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары Вахит Сейдуалиевтың айтуынша, соңғы бір жыл ішінде қоғамдық бірлестіктерге келіп түскен өтініштер саны 662-ні құрайды. Зерттеулер жүргізілді, соның ішінде 89 стандартты емес үлгілер анықталды, сондай-ақ тамақ өнімдерін таңбалау және өнім құрамында нитраттардың болуына қатысты шағым басым.

— Аталған заңбұзушылық фактілері тұтынушылардың құқығын қорғау комитетінің аумақтық органдарының тиімді шаралар қабылдамауымен байланысты. Қазақстан Республикасының «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заңына өзгерістер мен толықтырулар қабылдауды тездету қажет, – дейді маман.

        Осы жылдың бірінші тоқсанында бөлім шағымдардың жалпы санының 958-ін қанағаттандырды, тиісті органдарға бағытталған іс саны – 313. Екі мыңға жуық адам қолданыстағы заңнамаға сәйкес, түсініктеме алды. Қабылданған шаралар шеңберінде қазақстандық тұтынушыларға 23 миллионнан астам теңге қайтарылды.

       Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесі бірқатар маңызды реформалардан өтіп жатқанын атап өткен жөн. Себебі қолданыстағы құқықтық нормалар ескіріп, тұтынушылардың құқықтарын бұзу саны едәуір өсті. Бұған 2020 жылдың қорытындылары дәлел, оның барысында комитетке және оның аумақтық органдарына 20 919 шағым түскен болатын, бұл 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,5 есе көп.

       Көбінесе қазақстандықтар көлік қызметтерінің сапасыздығына шағымданады. Бұдан әрі бұл жағымсыз рейтингте бөлшек сауда, тұрмыстық және туристік қызметтер тұр. Электрондық сауда, байланыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, қаржы, қоғамдық тамақтану, медицина және басқа да салалардағы қызмет халықтың ашу-ызасынан қалыс қалған жоқ.

Өткен жылдың соңында комитет 7380 шағымды қанағаттандырды, салалық мемлекеттік органдарға 3863 шағымды қайта бағыттады, 9577 арыз бойынша түсініктеме берді. Қабылданған шаралар аясында сот арқылы тұтынушыларға 249 миллион теңгеден астам қаражат қайтарылды.

       Айтпақшы, өткен жылы департамент бөлімшесінің комитеттері соңғы алты жылда алғаш рет соттарда тұтынушылардың шексіз тобының құқықтарын қорғау тәжірибесін қайта бастады. Бір жыл ішінде Bek Air компаниясына қарсы сотта төрт ұжымдық іс қозғалды. Комитет 1740 адамның мүддесін қорғады. Талаптардың жалпы сомасы 106,7 млн теңгені құрады. Сонымен бірге талаптарды бірінші және екінші сатыдағы соттар қанағаттандырып, шешімдер заңды күшіне енді.

     Сондай-ақ Батыс Қазақстан облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің «Самер» ЖШС-іне қатысты ұжымдық сот ісі толықтай қанағаттандырылды. Іс сапасыз жиһаз өндірісі үшін 12 тұтынушыға 1,7 миллион теңге көлеміндегі қаражатты өтеу мәселесіне қатысты болған-ды.

Тегтер: экономика инвестиция кедейлік шегі халық нарық

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тоқтар ҒАБДРЕШҰЛЫ 14:24
Батыс Қазақстан башқұрттармен бизнес жасамақ
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 08:23
«Досаевқа – «2», үкіметке – «-1»
Сайт әкімшілігі 18.10.2021, 15:39
Ауыл шаруашылығы министрі ұн мен астық неге қымбаттағанын түсіндірді
Еркежан АРЫН 16.10.2021, 16:24
Қазақстандағы электрондық сауданың даму қарқыны жоғары
Айнұр ӘЛИ 14.10.2021, 13:00
Жалдамалы жұмыс жарылқай ма?
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 14.10.2021, 09:00
Зейнетке шығу бір арман

Аңдатпа


  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    10:30
  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31