Үкімет "Б" жоспарын әзірледі

Сайт әкімшілігі

12.02.2021, 13:39

2284

Қазақстанда пандемия ұзаққа созылған жағдайда экономика үшін «Б» жоспары әзірленді. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев мәлімдеді. 

Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин әлеуметтік-экономикалық ахуалдың нашарлаған жағдайда қазақстандық экономиканы сақтап қалуға арналған қосалқы жоспар туралы сұрады. 

"Әсет Арманұлы, 2019 жылдың қорытындысы бойынша, шағын және орта бизнестің үлесі 31,7 пайыз. Алдын-ала есептеулер бойынша, (2020 жылғы қорытынды — ескерт.) 28,5 болады. Бұл туралы сұрақтар жоқ. Шағын және орта бизнестің төмендеуі коронавирус инфекциясына байланысты шектеу шараларының нәтижесі екені түсінікті. Біз пандемия бұдан әрі қалай жалғасатынын, дағдарыстың қашан аяқталатынын, экономика қалпына келе ме немесе жаңа жағымсыз факторлар пайда бола ма білмейміз. Партия төрағасы да, мемлекет басшысы да «Б» жоспары болуы керек деді. Егер біз басқа да қауіп-қатерлерге тап болсақ, қосымша іс-қимыл жоспары бар ма? (...) Біз туризм, мейрамхана бизнесі, сервистік қызмет көрсетудің қандай жағдайда екенін көріп отырмыз. Бұл көрсеткіштерді (Nur Otan сайлауалды бағдарламасында көрсетілген көрсеткіштер) қалай көтереміз? Басқа жоспар бар ма?", — деп сұрады Нығматулин Мәжілісте.

Ұлттық экономика министрлігі басшысы «Б» жоспары барын айтты.

"Үкімет Ұлттық банкпен және Қаржы нарығын дамыту агенттігімен бірлесіп, әлеуметтік-экономикалық ахуал нашарлаған жағдайда бірлескен іс-қимыл жоспарын әзірледі. Ол халық пен бизнеске қажет қолдауды, сондай-ақ, макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған шұғыл шаралардан тұрады. Егер триггерлер жұмыс істесе, жоспар күшіне енеді. Триггерлердің арасында коронавирус таралуы және мұнай бағасының жоғары құбылмалығы, басқа да сыртқы факторлар бар", — деп түсіндірді бөлім басшысы.

Тегтер: экономика инвестиция қаражат қаржы

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 11:37
Қазақстан табиғи апаттардан жылына 477 млн доллар шығынға ұшырайды
Әділ АҚЫЛБАЙ 09.08.2022, 09:18
«Жасыл Қазақстан» – елдің экологиялық мәдениетін көтереді
Сайт әкімшілігі 09.08.2022, 08:57
"Қазақстан экономикасы сыртқы күйзелістерге ұшырып отыр" - Ұлттық банк
Азат ӘЛИХАН 08.08.2022, 11:39
Жасыл экономикада жеткен жетістік көп
Сайт әкімшілігі 08.08.2022, 08:49
Ұлттық банк пен Үкімет қымбатшылықты құрықтауға неге қауқарсыз?
Сайт әкімшілігі 08.08.2022, 08:07
Бюджет секторындағы энергия үнемдеу

Аңдатпа


  • Смайыловтың Президентке ұсынған болжамы дөп келе ме?
    09:37
  • «ЭКСПО-2017»: Миллиардттарға салынған мақтаулы нысандар су астында қалды
    09.08.2022, 08:49
  • Ұлттық банк пен Үкімет қымбатшылықты құрықтауға неге қауқарсыз?
    08.08.2022, 08:49
  • Баспана аспандады, азық-түлік шарықтады, үкімет өз жөнімен қалықтап жүр...
    05.08.2022, 09:17
  • АЭС-тің арты жақсы бола ма?!
    04.08.2022, 08:55