Үкімет экономиканы қалай сауықтырмақ?

20.05.2020, 06:33

221

<p style=«color:#4E4E4E;font-family:»font-size:16px;background-color:#FFFFFF;text-align:justify;"> ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің селекторлық отырысында 2020 жылдың соңына дейін экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспар қаралды.<p style=«color:#4E4E4E;font-family:»font-size:16px;background-color:#FFFFFF;text-align:justify;"> Ұлттық экономика министрі Р. Дәленов, Қазақстан ет-сүт одағы қауымдастығының басқарма төрағасы И. Сауэр, «Қазақстан кәсіпкерлерінің форумы» Қауымдастығы Кеңесінің төрағасы Р. Баталов, Қазақстан машина жасаушылары одағының төрағасы М. Пішембаев, «KazakhmysCopper» басқармасының төрағасы Б. Қырықпышев, «Атамекен» ҰКП төрағасы А. Мырзахметов баяндама жасады.<p style=«color:#4E4E4E;font-family:»font-size:16px;background-color:#FFFFFF;text-align:justify;"> Кешенді жоспар 10 бағыттан және іскерлік белсенділікті ынталандыру, жұмыспен қамтуды қолдау және халықтың табысын арттыру жөніндегі 172 жүйелі әрі салалық шаралардан тұрады. Құжат жобасын барлық мүдделі тараптар және бизнес-қоғамдастық, оның ішінде «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен салалық бизнес қауымдастықтар егжей-тегжейлі талқылап, мақұлдаған.<p style=«color:#4E4E4E;font-family:»font-size:16px;background-color:#FFFFFF;text-align:justify;"> «Кешенді жоспарды іске асыру сыртқы орта тигізетін келеңсіз әсерді барынша азайтуға, аса маңызды салалардың бәрін және отандық бизнес қызметін жандандыру бойынша практикалық іс-шараларды қамтуы тиіс», <span style=«font-family:»background-color:#FFFFFF;font-size:14px;font-style:italic;">— деді А. Мамин.<p style=«color:#4E4E4E;font-family:»font-size:16px;background-color:#FFFFFF;text-align:justify;"> Ұсынылып отырған шаралар қаржыландыру және жеңілдікті несие беру тетіктерін, оның ішінде микробизнес тетіктерін едәуір кеңейтуді, экспорттық шығындарды кепілдендіру және өтеу құралдарын белсенді түрде қолдануды көздейді. Форвардтық және ұзақ мерзімді оффтейк-келісімшарттар жасасу практикасы енгізіледі. Жүктеме азаяды және салықтық әкімшілендіру жеңілдетіледі, салықтар мен қарыздар бойынша преференциялар мен төлемді кейінге қалдыру қолданылады, жекелеген айыппұлдар мен алымдар алынып тасталады, әкімшілік кедергілер азайтылады.<p style=«color:#4E4E4E;font-family:»font-size:16px;background-color:#FFFFFF;text-align:justify;"> Тұрғын үй құрылысы нарығында сұранысты ынталандырудың, отандық өндірісті және қызмет көрсету саласын қолдаудың жаңа тәсілдері енгізіледі.<p style=«color:#4E4E4E;font-family:»font-size:16px;background-color:#FFFFFF;text-align:justify;"> «Жалпы, Кешенді жоспарда көзделген шаралар бірқатар салалардың белсенділігін қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Бұл салаларда 6 млн-нан аса адам жұмыспен қамтылған», <span style=«font-family:»background-color:#FFFFFF;font-size:14px;font-style:italic;">— деді А. Мамин.<p style=«color:#4E4E4E;font-family:»font-size:16px;background-color:#FFFFFF;text-align:justify;"> Үкімет басшысы мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына, өңірлер әкімдеріне Жоспардың іс-шараларын белгіленген мерзімде сапалы түрде іске асыруды қамтамасыз етуді тапсырды.<p style=«color:#4E4E4E;font-family:»font-size:16px;background-color:#FFFFFF;text-align:justify;"> «Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әлемдік және ұлттық экономикадағы жағдайдың күрт өзгеруіне байланысты 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары жаңа редакцияда әзірленеді. Ол институционалдық және құрылымдық реформаларды жүргізуді қамтитын елдің орта мерзімді кезеңге арналған жаңа экономикалық бағытының негізгі бағыттарын айқындайды»,<span style=«font-family:»background-color:#FFFFFF;font-size:14px;font-style:italic;"> — деп А. Мамин, осы жылдың 1 шілдесіне дейін құжаттың жаңа редакциядағы жобасын әзірлеуді тапсырды.
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 08:57
Үй сатып алу биыл 35 пайызға төмендеген
Сайт әкімшілігі 11.08.2022, 09:12
Кәсіпкерлер мобильді аударымдардан жаппай бас тартып жатыр
Сайт әкімшілігі 10.08.2022, 11:37
Қазақстан табиғи апаттардан жылына 477 млн доллар шығынға ұшырайды
Әділ АҚЫЛБАЙ 09.08.2022, 09:18
«Жасыл Қазақстан» – елдің экологиялық мәдениетін көтереді
Сайт әкімшілігі 09.08.2022, 08:57
"Қазақстан экономикасы сыртқы күйзелістерге ұшырып отыр" - Ұлттық банк
Азат ӘЛИХАН 08.08.2022, 11:39
Жасыл экономикада жеткен жетістік көп

Аңдатпа


  • Қасақана өртеді: Тараздағы әскери бөлімдегі жарылысқа қатысты тың дерек шықты
    08:47
  • «Үйдің жыртығын жамау мүмкін емес»: Елордада 50 жыл болған жатақхана құлағалы тұр
    11.08.2022, 09:04
  • Смайыловтың Президентке ұсынған болжамы дөп келе ме?
    10.08.2022, 09:37
  • «ЭКСПО-2017»: Миллиардттарға салынған мақтаулы нысандар су астында қалды
    09.08.2022, 08:49
  • Ұлттық банк пен Үкімет қымбатшылықты құрықтауға неге қауқарсыз?
    08.08.2022, 08:49