Үкімет есептен неге жаңылыса береді?!

Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ

19.07.2021, 09:20

1058

Сала мамандары қазірде үкіметтің «болашақта инфлияция 4-6 пайыз көлемінде сақталады» деген пікірімен де келіспейді. Мамандардың айтуынша, қазірде  тұтыну нарығында инфляция деңгейі 20 пайызға дейін артып, қымбатшылық тіпті еселеніп тұр. Бұған қатысты «Аналитик» талдау орталығының экономист-сарапшысы Наталья Гурева былай дейді:

— Алматыда 1,5 млн халық бар. Биыл қаладағы орташа табыс табатын халықтың азық-түлікке ай сайынғы тұтыну шығыны 123 338 теңгені құрады. Анықтағанымыздай, 123 338 теңгені үш баласы бар отбасы тек азық-түлікке ғана жұмсайды екен. Ал қосымша коммуналдық төлемге, жолақысына қаражат кетеді. Тапқан табысын тек ас-ауқатына жеткізетіндердің қатары көбейді. Мұны уәкілетті органдар сезінуі керек. Тұтыну нарығында  инфлияция 4-6 пайыз емес, 20 пайызға жетті. Сондықтан болашақта Ұлттық банк пен үкімет инфляцияны тежеудің заманға сай жолдарын меңгеруі тиіс. Олай етпесек, қымбатшылық қамыты бұқараны қысып барады, – дейді.

Жалпы, елдегі қымбатшылық деңгейі өскеніне қатысты  сарапшылар бізде инфляцияны есептеу әдісі дұрыс қалыптаспағанын айтып отыр. Бұл ретте қаржыгер Ілияс Исаев:

— Қазір инфляцияның әлеуметтік мазмұны бүркемеленіп тұр. Мен де бұл арада «инфлияция 4-6 пайыз» дегенмен келіспеймін. Бізде инфлияцияны әрбір нарық секторы бойынша есептеу тетігі  қалыптаспаған. Айталық тұтыну нарығында инфлияция қандай, өнеркәсіп саласындағы инфилияцияның көлемі қанша, ІТ саласындағы инфлияцияның көрсеткіші қанша осының барлығы жеке-жеке есептелмейді. Үкімет жалпы экономиканың  ЖІӨ-нің деңгейіне қарайды да инфлияцияны соған  шағып ежалпылама септей салады. Мысалы, қазір азық-түлік бағасы қатты қымбаттап кетті. Бірақ  жалпылама есептеулердің нәтижесінде инфлияцияны төмендетіп көрсетіп, көп шындықты бүркемелеп отыр. Сондықтан бізге нақты-нақты секторлардағы инфлияцияны есептеудің  тетігін қалыптастыру керек,-дегенді айтты.

Жалпы, мамандар экономиканы дамытуға, оның ішінде қымбатшылықты ауыздықтауға жаңаша әдістерді қолға алмасақ, келер жылы да халық одан әрі тарығып, ауыртпалық бұқараның арқасына бата түсетінін алға тартты.  Сала мамандарының байыптауынша, үкімет болашақта мына жайттарға аса мән беруі тиіс.

Біріншіден, тауар бағасын өсіруге бірден-бір әсер ететін дүние коррупциялық қадам. Оларға кедендегі, жол үстіндегі және басқа да тексеруші құрылымдардағы заңсыз алым-салықтарды жатқызуға болады. Мұндайға кеткен шығынын кәсіпкерлер тауар бағасына үстеме қосып шығарып алуға тырысады. Міне, бірінші кезекте баға осылай шарықтайды.  Екіншіден, мемлекеттік монополиялардың аздығы. Бұл ретте бірінші мұнай нарығының жекеменшік монополияға тәуелдігі ойлантуы тиіс. Мұнай өнімдерін сатудың жекелеген топтарға мүдделі болуы. Олардың бір-бірімен текетіресіп, бәсекелестерін болдырмау үшін нарықтан орын бермеуі бізде әбден өршіген.  Үшіншіден,  тендердегі заңсыздық. Мемлекеттік ведмоствалық кәсіпорындардың астыртын монополия құруы. Тендерді тамыр-таныстық жайлаған. Бұл да нарықтық экономиканың заңына қайшы дүние.  «Міне ең алдымен осы мәселелер нақты шешілмесе енді қымбатшылықты ауыздықтау да, экономиканы жандандыру да, нақты секторларды дамыту да қиынға түседі. Сондықтан үкімет осы мәселердің салдарымен сауатты күресу керек» дейді сала мамандары...

Тегтер: экономика инвестиция кедейлік шегі халық нарық

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 03.08.2021, 09:34
Ставканы өсірдік, экономика от ала ма, әлде «шок» ала ма?!
Еркежан АРЫН 29.07.2021, 17:20
Сүт өнімдерін цифрлық таңбалау өзекті
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 29.07.2021, 08:48
Қорды сақтай алмаған Үкімет Қор болмақ
Еркежан АРЫН 27.07.2021, 11:40
Қазақстан суды көрші мемлекеттермен бөлісу мәселелерін қалай шешеді?
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 22.07.2021, 08:57
80 триллион? Көк тиыны жоқ Келімбетов қиялдап жүр
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 21.07.2021, 13:38
Қазақтың мұнайы алпауыттардың ғана бағы ма?

Аңдатпа


  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58