Үкімет қымбатшылық құрсауынан халықты құтқара ала ма?!

Қарлығаш САЙЛАУБАЕВА

17.05.2021, 09:01

860

Биылғы жылы елдегі инфляция көрсеткіші аспандап тұр. Сала мамандарының айтуынша, біз дереу арада инфляцияны тежеудің заманға сай тәсілдерін меңгермесек, ендігі қымбатшылық инфляция деңгейі 10 пайызға дейін артып,  бұдан әрі еселене беретін болады.

 Қаржыгер Арман Мусиннің байыптауынша «ең бірінші қымбатшылық бізге импортпен ілесіп келіп отыр.

— Бір ғана Алматыны мысал етсем, Алматы өзін-өзі толықтай азық-түлікпен қамтуға әлі жеткен жоқ. Мегаполюстегі өнім өндіретін кәсіпорындар бар, қаланың маңындағы аудандардан келетін азық-түлік өнімдері бар осы екі тарап қосылып қаланы 60 пайыздық отандық өніммен қамти алады. Ал қалған 40пайыз өнім сырттан әкелінді. Барлығымыз білеміз, импорт өнімді елге әкелгенде төленетін кедендік баж салығы, кедендік әкетілім салығы, кеден аумағында тауарды әкелу кезінде қосылатын құн салығы, кеден аумағына тауарды әкелу кезінде тауарды акциздеу барлығына төлемақы алынданы. Осының барлығының шығынын импорт тасымалдаушылар өнімнің бағасынан шығарып алғысы келеді. Осыдан барып, Қытайдан 50 тенгеге алынған лимон Қазақстанға келгенде 200 теңге болып шыға келеді,-дейді қаржыгер.

   Не істеу керек?

Қаржыгер маманның пайымдауынша, осыны ескергендіктен Үкімет алдағы уақытта мына жайттарға назар аударғаны жөн.  Инфляцияны нарықтың талабына сай тежей алу үшін бірінші кезекте отындық кәсіпкерлерге салынатын қосымша құн салығы қымбат. Міне, осы мәселені шешіп алу керек. Отандық өнім өндіретін кәсіпкерлерге қосымша салықтық жеңілдіктер қарастырылуы тиіс. Екінші, жеке тұлғаларға арналған тарифтерден бөлек, кәсіпорындарға тариф бағалары бар. Келер жылы тариф бағасы арзандайды деп жатырмыз. Мұны зерттеу керек. Расымен де қойылатын тариф бағамы отандық кәсіпорындарға қолайлы ма осы жағы толық біліп алып барып бұл арада да жеңілдіктер керек.  Делдалдар мәселесін шешу керек. Тауар бағасының қымбаттауына тікелей ықпал етіп отыр делдалдарға бізде бақылау аз. Супермаркеттерге, ірі сауда дүкендеріне өнімді тікелеу зауыттан өз бағасына алатындай жағдай жасалынуы керек. «Бұл арада бизнесті бастадың ба, әрі қарай мемлекеттің көмегінсіз өзің дамытып ал» деген болмайды. Олай етсек жабайы кәсіпкерлік дамып кетеді. Сондықтан бизнеске де бақылау қойып, керек кезінде демеп отырғанның артығы болмайды. Бұл қарапайым халық үшін қажет нәрсе.  Қажет болса, мемлекеттік арзан дүкендер желісі де құрылғаны абзал. Әлеуметтік нормасы төмен жағдайы жоқ отбасыларды арзан дүкендер желісімен қамту алсақ, жөн болар еді. Арзан әлеуметтік дәріханалар желісін құру жайы да өзекті болып отыр.

«Міне, бастапқыда осы мәселелерді шешіп алсақ, одан кейін қалғаны біртіндеп реттелер еді» дейді қаржыгер  Арман Мусин. 

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 10.06.2021, 08:40
Ерғалиевтің «ерен» реформасына ел не дейді?
Қарлығаш САЙЛАУБАЕВА 07.06.2021, 10:03
Халықты асырайтын ауыл болады, үкімет мұны қашан сезінеді?!
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 04.06.2021, 10:38
Жасыл энергияға көшу – әлем көшіне ілесудің кепілі
Нұрсұлу МЫРЗАХМЕТ 04.06.2021, 08:48
«Қазақтелеком» қан қақсатып тұр
Сайт әкімшілігі 03.06.2021, 12:55
Ashyq жобасы - Kaspi.kz қосымшасында
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 03.06.2021, 12:06
Шенділердің қырсыздығы шаруаларға қашанғы қолбайлау болады?

Аңдатпа


  • Кім кінәлі?: Жауап берсін!
    11.06.2021, 11:11
  • Ресей деградацияға ұшырауда
    10.06.2021, 10:33
  • Түнгі жол (Әңгіме)
    08.06.2021, 12:00
  • Жеңсең, жүз атаң табылар еді...
    08.06.2021, 10:30
  • Қазақ тілінде оқымаған бала ұлттың ұлы бола ала ма?
    03.06.2021, 09:02