Үкіметте Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасы жарияланды

Сайт әкімшілігі

09.09.2020, 04:28

1274

Үкіметте Мемлекет басшысының биылғы Жолдауын іске асыру бойынша Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасы жарияланды.

 Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленовтың айтуынша жоба жаңа экономикалық бағдардың 7 негізгі қағидатына негізделген және 10 бағыт бойынша 143 іс-шарадан тұрады. «Бірінші бағыт: «Мемлекеттік басқарудың жаңа үлгісі». Мемлекеттік жоспарлау жүйесін одан әрі жетілдіру жоспарланып отыр. Тиімді кадр саясаты мен шешімдер қабылдау жүйесі қамтамасыз етіледі. Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін одан әрі арттыру мақсатында 2021 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік қызметшілерге еңбекақы төлеудің жаңа жүйесіне көшу жүзеге асырылады», — деді ол.

Оның айтуынша экономикаға мемлекеттің қатысуын азайту жөніндегі шаралар жалғасын табады. Барлығы 10 іс-шараны іске асыру жоспарлануда.

«Екінші бағыт — «Жаңа жағдайдағы экономикалық даму». Бұл бағыттың негізгі басымдығы — өңдеуші өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және қазақстандық қамту үлесі ұлғайту. Агроөнеркәсіп кешенінің әлеуетін дамытуға ерекше назар аударылатын болады. Елдің көлік-транзит секторын белсенді дамыту жалғасады. Шағын және орта бизнесті, оның ішінде экономиканың зардап шеккен секторларын қолдау және дамыту жалғастырылады. Ақша-кредит саясаты маңызды ынталандырушы рөл атқарады. Салық міндеттемелерін орындауды оңайлату және көлеңкелі экономиканы азайту бойынша жұмыс жүргізіледі. Бұл бағытта барлығы 42 іс-шараны іске асыру жоспарлануда», — деді Руслан Дәленов.

Тегтер: жоспар шара үкімет шағын және орта бизнес жеті бағыт көлік-транзит сектор ақша-кредит

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Еркежан АРЫН 11:40
Қазақстан суды көрші мемлекеттермен бөлісу мәселелерін қалай шешеді?
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 22.07.2021, 08:57
80 триллион? Көк тиыны жоқ Келімбетов қиялдап жүр
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 21.07.2021, 13:38
Қазақтың мұнайы алпауыттардың ғана бағы ма?
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 21.07.2021, 08:43
Қазақ ауылының кежегесі неге кері тартып тұр?
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 20.07.2021, 09:21
Сұлтанов ет сатады, қазақ сүйек-саяқ мүжиді
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 19.07.2021, 09:20
Үкімет есептен неге жаңылыса береді?!

Аңдатпа


  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58
  • Ташкенттен «Жас Алаш» газетінің түпнұсқасы табылды (видео)
    07.07.2021, 13:15
  • «Жас Алаш» Түркістан төрінде
    07.07.2021, 08:59
  • Жайыққа келді «Жас Алаш!»
    28.06.2021, 09:02
  • "Жас Алаштықтар" "Қазақстанның құрметті журналисі" атанды
    24.06.2021, 13:55