Үкіметтің қымбатшылықты ауыздықтауға шамасы келмейді

25.06.2020, 08:03

163

        ҮКІМЕТТІҢ ДЕ,  ҰЛТТЫҚ БАНКТІҢ ДЕ ҚЫМБАТШЫЛЫҚТЫ  АУЫЗДЫҚТАУҒА ШАМАСЫ КЕЛМЕЙДІ


    Халықты қазір қымбатшылық қамыты қысып тұр.Бір қарағанда үкімет пен Ұлттық банк қымбатшылықты ауыздықтауға қатыстыбірқатар шараларды атқарып-ақ жатыр.  Дегенмен, қаржыгерлердің айтуынша, алдағыуақытта бағаны байлап ұстап тұруға әкімнің де, Ұлттық банктің де шамасыкелмейді.  Мамандардың пайымдауынша,біздің бағаны байлап-матап ұстауымыз нарық заңына қарама-қайшы келетін дүние. Бұғанқатыстыэкономист-сарапшы Ілияс Исаев: «Қазіршенеуніктердің басым бөлігі елдегі инфляцияны одан әрі шарықтатпау үшін бағаны тежепұстау керегін айтады. Бұл нарық заңына қайшы келетін дүние. Нарық қағидасындатауар бағасын тежеп ұстау деген саясат жоқ», – дейді.

     Маманның пайымдауынша, бұл әдістен отандықөнім өндірушілер шығарған өнімдерінен пайда көре алмай ұтылады. Сондықтанотандық тауар бағасын өсіруге шектеу қою қисынсыз. «Ойлап қараңыз, сіз 10жұмыртқаны 250 теңгеге алып, оны 257 теңгеге ғана сатпайсыз ғой. Тауар бағасына 7 теңге қосу деген формулажоқ. Нарық заңы бойынша шығарған өнім өзін-өзі ақтап, өндірістік шығынды жабуүшін оған үстеме қосылады. Өніміне үстеме баға қосылмаса, ол өндіріс шығынынжаппай, дағдарыс болады. Сондықтан біздегі бағаны тежеп ұстау саясаты ақылғақонымсыз. Бұл үрдіс арқылы отандық өнім өндірушілерге салмақ салып отырмыз.Олардың шығарған өнімдерін шеттен келген импорт тауарлар бір ығыстырса,  «бағаны өсірсең басың кетеді» деп,  біздегі атқамінерлер бір үркітеді. Бұл отандықөнім өндірушілерді тұсаулап, бәсекеге қабілеттілігін жоятын әдіс», – дейдіІлияс Исаев.

Тақырыпқа тұздық

     Ал енді мәселенің түбірі неде? Бұл ретте, экономист-сарапшы Дәурен АРЫН былай дейді:

   – Біріншіден, тауар бағасын өсіругебірден-бір әсер ететін нәрсе –  коррупциялық қадам. Оларға кедендегі, жолүстіндегі және басқа да тексеруші құрылымдардағы заңсыз алым-салықтардыжатқызуға болады. Мұндайға кеткен шығынын кәсіпкерлер тауар бағасына үстемеқосып, шығарып алуға тырысады. Міне, бірінші кезекте баға осылай шарықтайды.

Екіншіден, мемлекеттікмонополиялардың аздығы. Бұл ретте, бірінші мұнай нарығының жекеменшікмонополияға тәуелділігі ойлантуы тиіс. Мұнай өнімдерін сатудың жекелегентоптарға мүдделі болуы. Олардың бір-бірімен текетіресіп, бәсекелестерінболдырмау үшін нарықтан орын бермеуі бізде әбден өршіген. Үшіншіден, табиғигаз, жарық, су нарығының жекеменшікке өтуі. Бұл нарықта делдалдардың көптігікөгілдір отын, су, жарық бағасының шектен тыс қымбаттауына жол беріп отыр. Газтасымалдау инфрақұрылымы дамымағандықтан, кейбір өндіріс орындары қымбат бағағагаз енгізеді. Оны енгізіп алғаннан кейін, ай сайынғы төлейтін бағасы да қымбат.Өнім шығару үшін не керек – газ, жарық, су керек. Сонда коммуналдық төлемгеқымбат ақы төлеп отырған кәсіпорынға «тауарыңды арзанға сат» деп, қайтіп айтааламыз?! Сондықтан бұл да шешімін табуы керек мәселе.

      Тағы бір жайт, тендердегі заңсыздық. Мемлекеттікведомостволық кәсіпорындардың астыртын монополия құруы. Мемлекеттен бөлінгенқаржының 97 пайызын осындай кәсіпорындар алады. Тендерді тамыр-таныстықжайлаған. Бұл да нарықтық экономиканың заңына қайшы дүние.

Міне, ең алдымен осы мәселелернақты шешілмесе, онда қымбатшылықты ауыздықтауға Ұлттық банктің де, үкіметтіңде шамасы келмейді. Мәселенің түбірімен сауатты күресу керек.

Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 10.06.2021, 08:40
Ерғалиевтің «ерен» реформасына ел не дейді?
Қарлығаш САЙЛАУБАЕВА 07.06.2021, 10:03
Халықты асырайтын ауыл болады, үкімет мұны қашан сезінеді?!
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 04.06.2021, 10:38
Жасыл энергияға көшу – әлем көшіне ілесудің кепілі
Нұрсұлу МЫРЗАХМЕТ 04.06.2021, 08:48
«Қазақтелеком» қан қақсатып тұр
Сайт әкімшілігі 03.06.2021, 12:55
Ashyq жобасы - Kaspi.kz қосымшасында
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 03.06.2021, 12:06
Шенділердің қырсыздығы шаруаларға қашанғы қолбайлау болады?

Аңдатпа


  • Кім кінәлі?: Жауап берсін!
    11.06.2021, 11:11
  • Ресей деградацияға ұшырауда
    10.06.2021, 10:33
  • Түнгі жол (Әңгіме)
    08.06.2021, 12:00
  • Жеңсең, жүз атаң табылар еді...
    08.06.2021, 10:30
  • Қазақ тілінде оқымаған бала ұлттың ұлы бола ала ма?
    03.06.2021, 09:02