Үлкен Алматы айналма жолы пайдалануға берілетін мерзім аталды

Сайт әкімшілігі

23.05.2023, 15:51

8055

Үлкен Алматы айналма автомобиль жолын 2023 жылдың екінші тоқсанында пайдалануға беру жоспарланып отыр. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі өкілі айтты, — деп хабарлайды Жас Алаш Tengrinews.kz -ке сілтеме жасап.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Жамбыл Бақтиярдың айтуынша, биыл екінші жартыжылдықта Үлкен Алматы айналма автомобиль жолын (ҮАААЖ) пайдалануға беру жоспарланған. Ұзындығы 66 шақырымға созылған үш жолақты I-А санатты жол, қарама-қарсы бағытта да солай қарастырылған. Жалпы саны алты жолақ болатын ақылы автомобиль трассасында сағатына 120 шақырыммен жүруге рұқсат етілген.

"ҮАААЖ-да ақы алудың ашық жүйесі қарастырылған. Яғни, бұл жүйе айналма жолда шығар кезде және кіреберісінде шлагбаум қоюды қажет етпейді ", — деді Жамбыл Бақтияр.

Айта кетейік, Үлкен Алматы айналма автомобиль жобасы концессия механизміне сәйкес жүзеге асырылып жатыр. Бұл дегеніміз, бір тарап екінші тарапқа нысандарды пайдалану немесе салу құқығын беретін келісім. Концессия әдетте мемлекеттер мен компаниялар арасында жасалады және белгілі бір шарттар мен мерзімдерге ие. Концессионер — "ҮАААЖ Инвестициялар және операциялар" ЖШС, оның құрылтайшылары «Алсим Аларко-Макйол – СК Экоплант – Корея Экспрессвэй» түрік – корей консорциумы болып табылады.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 16.09.2023, 11:30
АҚШ қаржы министрлігі Ресейге қатысты санкция тізімін ұлғайтты
Айтбала Сүлейменқызы 15.09.2023, 13:00
Қарағандылық өңдеуші кәсіпорындар экспорт көлемін ұлғайтуға үлес қосуда
Айтбала Сүлейменқызы 15.09.2023, 10:56
Қарағандыдағы өңдеуші өнеркәсіптер экономикаға серпін береді
Сайт әкімшілігі 15.09.2023, 09:20
Депутат шетелдік сериалдарға шектеу қоюды сұрады
Сайт әкімшілігі 11.09.2023, 15:45
Қазақстанда студенттерге берілетін грант саны артады
Сайт әкімшілігі 11.09.2023, 15:00
Қазақстан үкіметі моноқалаларды дамытады

Аңдатпа


  • Әлем әдебиетін оқыту орыс әдебиетінен бас тарту ма?
    16.09.2023, 13:50
  • Ақтөбеде терроризмді насихаттады деген күдікпен 2 адам ұсталды
    16.09.2023, 13:15
  • Алматыда Астана алаңы мен Сәтбаев көшесінің бір бөлігі жабылады
    16.09.2023, 12:52
  • Ет туралы ертегі
    16.09.2023, 12:33
  • Біздің қоғам шындықтан қорқады
    16.09.2023, 10:55