Ұлттық банк пен үкімет тірлігі

Сайт әкімшілігі

02.09.2020, 12:34

384

 Биыл елдегі инфляция көрсеткіші аспандап тұр. Сала мамандарының айтуынша, біз тез арада инфляцияны тежеудің заманға сай тәсілдерін меңгермесек, келер жылы инфляция деңгейі 10 пайызға дейін артып, қымбатшылық бұдан әрі еселене береді. Мамандар алға тартып отырғандай, қазір Алматыда азық-түлік бағасы ай сайын емес, апта сайын өсіп отыр. Бұған қатысты «Аналитик» талдау орталығының экономист-сарапшысы Тоғжан Шаяхметова: «Алматыда 1,5 млн халық бар. Олардың тұтыну шығыны биыл 2019 жылмен салыстырғанда 7,9 пайыз, 2018 жылдың соңғы алты айында 9,1 пайызға өскен. Биыл қаладағы орташа табыс табатын халықтың ай сайынғы тұтыну шығыны 123 338 теңгені құрады. Анықтағанымыздай, 123 338 теңгенің 90 мың теңгесін екі баласы бар отбасы тек азық-түлікке ғана жұмсайды екен. Ал қалған сома коммуналдық төлемге, жолақысына кетеді. Сонда біздің қарапайым халықтың тапқан табысы өзін-өзі дамытуға жетпейді. Тапқан табысын тек ас-ауқатына жеткізетіндердің қатары көбейді. Мұны уәкілетті органдар сезінуі керек. Сондықтан болашақта Ұлттық банк пен үкімет инфляцияны тежеудің заманға сай жолдарын меңгеруі тиіс. Олай етпесек, қымбатшылық қамыты бұқараны қысып барады», – дейді.

       Жалпы, елдегі қымбатшылық деңгейі өскенін сарапшылар ғана емес, Ұлттық банк те, ұлттық экономика министрлігі де мойындап отыр. Тіпті  бұған қатысты үкімет басшысы Асқар Мамин мырза бағаны орынсыз қымбаттатқандарға шара қолдану керегін бірнеше мәрте  айтты. Ұлттық банк те «биыл қымбатшылық былтырғыдан жоғары болады» деп талай рет мәлімдеген болатын.

     Ал енді мамандар нақты әдістерді қолға алмасақ, келер жылы да «қымбатшылыққа одан әрі күйіп отырамыз» деседі. Қаржыгер Жасұлан Мақсұтовтың байыптауынша, «ең бірінші, қымбатшылық бізге импортпен ілесіп келіп отыр» екен.

   – Бір ғана Алматыны мысал етсем, Алматы өзін-өзі толықтай азық-түлікпен қамтуға әлі жеткен жоқ. Мегаполисте өнім өндіретін кәсіпорындар бар, қала маңындағы аудандардан келетін азық-түлік өнімдері бар осы екі тарап қосылып, қаланы отандық өніммен 60 пайызға қамти алады. Ал қалған 40 пайыз өнім сырттан әкелінеді. Барлығымыз білеміз, импорт өнімді елге әкелгенде төленетін кедендік баж салығы, кедендік әкетілім салығы, кеден аумағында тауарды әкелу кезінде қосылатын құн салығы, кеден аумағына тауарды әкелу кезінде тауарды акциздеу – барлығынан төлемақы алынады. Осының барлығына кететін шығынды импорт тасымалдаушылар өнім бағасынан шығарып алғысы келеді. Осыдан барып Қытайдан 50 теңгеге алынған лимон Қазақстанға келгенде 200 теңге болып шыға келеді. Қазір көрші Ресейге санкциялар салынып жатқан тұс. Болашақта Ресей сыртқа шығаратын тауарларының бағасын екі есеге көтеріп жіберуі мүмкін. Сол кезде біздің нарыққа Ресейден келетін өнімдер қымбат болады. Міне, алдағы 2021 жылы импорт тасқыны инфляцияны өсіре түседі, – дейді Жасұлан Мақсұтов.

  

                                        

Тегтер: нарық. экономика қымбатшылық халық пікір пайым

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Еркежан АРЫН 11:40
Қазақстан суды көрші мемлекеттермен бөлісу мәселелерін қалай шешеді?
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 22.07.2021, 08:57
80 триллион? Көк тиыны жоқ Келімбетов қиялдап жүр
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 21.07.2021, 13:38
Қазақтың мұнайы алпауыттардың ғана бағы ма?
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 21.07.2021, 08:43
Қазақ ауылының кежегесі неге кері тартып тұр?
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 20.07.2021, 09:21
Сұлтанов ет сатады, қазақ сүйек-саяқ мүжиді
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 19.07.2021, 09:20
Үкімет есептен неге жаңылыса береді?!

Аңдатпа


  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58
  • Ташкенттен «Жас Алаш» газетінің түпнұсқасы табылды (видео)
    07.07.2021, 13:15
  • «Жас Алаш» Түркістан төрінде
    07.07.2021, 08:59
  • Жайыққа келді «Жас Алаш!»
    28.06.2021, 09:02
  • "Жас Алаштықтар" "Қазақстанның құрметті журналисі" атанды
    24.06.2021, 13:55