Ұлттық банк теңгенің әлсіреуіне қатысты түсінік берді

Сайт әкімшілігі

28.09.2020, 09:45

1122

Теңгенің АҚШ долларына шаққандағы бағамы 28 қыркүйекте сауда-саттықтың ашылуында 0,38%-ға әлсіреп, 428,20 теңгені құрады. ҚР Ұлттық банкі теңге бағамындағы ахуалға қатысты пікір білдірді. «Жаһандық нарықтардағы доллардың нығаюына байланысты бүгін біз ұлттық валютаның біршама әлсіреуін байқап жатырмыз. АҚШ долларының индексі коронавирустың екінші рет қайталануына байланысты қауіптің күшеюі аясында, сондай-ақ АҚШ-та алдағы уақытта болатын Президет сайлауына байланысты негізгі әлемдік валюталар қоржынына қарсы нығайып, екі айдағы шарықтау шегіне жетті. ХВҚ өкілдерінің айтуынша, коронавирус пандемиясына байланысты дағдарыс ұзағырақ жалғасады және кейбір елдердің экономикасындағы өсімге қайта оралу үшін жылдар қажет болады. Еуропада коронавирустың екінші рет қайталануы туралы үрейлену және шектеу шараларын енгізу де долларға қолдау көрсетеді», — деді Ұлттық банктің монетарлық операциялар департаментінің директоры Нұржан Тұрсынханов.

Департамент директорының айтуынша, доллар индексінің өсуі мұнай бағасының төмендеуіне себеп болды. «Бейсенбі және жұма күндері сауда-саттықта мұнай бағасын белгілеу әлсіз қалпына келуіне қарамастан, қара алтын бағасының апталық үрдісі теріс аймақта – минус 2,9% болып қалып отыр. Сонымен қатар, мұнайға сұраныстың өсу перспективасы COVID-19 жағдайларының жаңа өсуі және бірқатар елдерде шектеу шараларын енгізу аясында күмәнді болып қалуда», — деп толықтырды ол.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 16:22
"Қазақстан тұрғын үй компаниясы" басшысының экс-орынбасарына ірі көлемде айыппұл салынды
Бекқали ТОРҒАЕВ 14:27
Медицина қашанда стратегиялық маңызға ие
Қамал СӘТТІЛІК 22.04.2021, 09:18
Биткоинмен пара алғыштар неге абыржып жүр?
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 22.04.2021, 08:55
«Инфляция 4-6 пайыз емес», үкімет шындықты бүркемелеп отыр
М.СӘУЛЕБЕК 21.04.2021, 08:59
Үшінші мегаполистің үлкен проблемасы
Еркежан Арын 20.04.2021, 10:56
«Жасыл кеңсе»: қанша тұрады және қаншалықты үнемді?

Аңдатпа


  • Жасымнан жол сілтеген шамшырағым
    09:03
  • Қонаевтың іс-әрекеттерін қалай бағалауымыз керек?
    21.04.2021, 09:13
  • Бердіқұлов тағылымы
    21.04.2021, 09:03
  • Жыры бітпеген электронды жүйе
    20.04.2021, 10:10
  • Артық мұнай қоры бітуге жақын - БАҚ
    19.04.2021, 10:25