21.02.2020, 09:48
84
Бұл туралы Ұлттық Банк жариялаған құжаттан белгіліболды.
Зейнет Қоры активтерін кезең-кезеңмен шет елкомпанияларының басқаруына беру процесі былтыр қараша айында басталған болатын.
Дамыған елдердің акцияларына салу үшін HSBC Global Asset Management (UK) Limitedкомпаниясы тартылып, оған «Жаһандық бейтарап акциялар» мандаты бойынша $100 млнқаржы берілген еді. Инвестициялық деңгейдегі корпоративтік облигацияларға салуүшін, «Доллармен бағамдалған, инвестициялық деңгейі барынша капиталдандырылғанжаһандық корпоративтік облигациялар» мандаты бойынша Principal Global Investors (Europe) Limited жәнеPGIM Fixed Income компанияларының әрқайсысына $100 бөлінді.
Ұлттық Банктің мәліметі бойынша, биылғы жылдың бастапқыкезеңіне қарай, зейнет активтері қоржынының сыртқы басқаруға көшкен үлесі 2%-ға (211,9 млрд теңге) өскен.
Ұлттық Банк шет елдік басқарушы компаниялар құзырынабермекші қаржының жалпы сомасы $2,8 миллардты құрайды. Бұл процесс екі жылғасозылады.
ФОТО ашық ақпарат көздерінен
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР