Ұлттық экономика министрлігін «ояту» керек

Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ

27.05.2022, 08:42

1580

Ресей қаржыгерлерінің пайымдауынша, Ресей экономикасы биыл қатты титықтап тұр. Жалпы, экономист-сарапшылардың байыптауынша, Ресейде қазір азық-түлік тапшылығы туындай бастаған. Бұрын ішкі нарығын Батыстан келетін азық-түлік өнімдерімен толтырып отырған Ресейдің қазір ішкі нарығы бос қалды. Норвегия, Греция, Австралия, Аргентина, Канада

елдерінен ауыл шаруашылығы өнімдерін аста-төк алатын көрші ел қазір біршама өнім түрлерінен қатты тарығып отыр.

Бұған қатысты «ендігі кезекте Ресейді Қазақстан асырай бастайды.  Сондықтан бұл арада Ресейді асыраймыз деп өзіміз тарығып қалмаудың жолдарын қарастырғанымыз абзал», деген сарапшылар да бар.

Экономика ғылымының докторы, профессор Жұмаділда Баяхметовтың айтуынша, осы тұста Қазақстан үкіметі отандық өнім өндірушілерге нақты-нақты қолдау білдіруі керек.

–Ресей бос жатқан нарығын енді Қазақстан арқылы толтыра бастайды. Осы арада үкімет сауатты әрекет етсе, біздің аграрийлер үлкен пайда көрер еді.

Сондықтан біз мынаны ескеруіміз керек. Ол үшін мына ұсыныстарға ерекше назар аударған жөн: Біріншілен, астық сақтайтын орындардың қасынан ұн тартатын диірмен орындарын ашу қажет болады. Екіншіден, елде жеңіл өнеркәсіп саласын дамытуға назар аударып, мал бордақылайтын орындардың маңынан тері-жүн өңдейтін цехтар ашу тиімді болар еді. Үшіншіден, біздегі бағалар мен тарифтердің өсуі тұрғындардың көпшілігінің табысынан әлдеқайда жоғары. Яғни тұрғындар бағаның өсуіне үнемі бейімделу үстінде. Бүгінде елімізде азық-түлік нарығы мен коммуналды қызмет саласындағы қалыптасқан жағдайға отандық мамандардың біразы алаңдаушылық білдіруде. Азық-түлік бағасының қымбаттауы мен коммуналды төлемақының үздіксіз өсуі көптеген азаматтардың тұрмыстық мәселелерін қиындатып та жібергені жасырын емес. Осыған орай,  Бәсекелестікті қорғау агенттігін министрлік деңгейіне көтеру керек, – дейді экономист-ғалым.

Маманның пайымдауынша, мұндай әрекет елдегі монополистердің бағаны орынсыз өсіруіне жол бермейтін дүние. Бағаны өсірмеуді бір министрлікке арнайы жүктесек, отандық өнім өндірушілерге тарифтерді төлеу арзанға түсіп, жұмыс істеу жеңілдейді. Бұдан барып, өнім өндіру көлемі де сапасы да артады. Міне, біз үшін, алдымен, осы жайттарға мән берген жөн. Сонда отандық өндіріс нақты қолдауды сезініп, жұмысын алға бастырады.

          Экономист-ғалымның пайымдауынша, негізінде, біздің экономикалық құрылымымыз екіге бөлінеді.  Қала және халықтың 47 пайызы тұратын ауыл. Сондықтан көрші елдегі жағдайды ескере отырып, алдағы уақытта ауыл шаруашылығына ас мән берілуі қажет. Мамандардың пайымдауынша,  ауылдың шаруашылығын дамытуды бір ғана Ауыл шаруашылығы министрлігіне таңып қою да дұрыс емес. Бұл шаруаны Ұлттық экономика министрлігіне де жүктеген жөн болады.

– Біз енді болашақта Ресейден азық-түлік ала алмаймыз. Себебі ол Ресейдің өзіне жетпей жатыр. Қазір Еуропа елдері де ауыл шаруашылығы өнімдерін қымбаттатып жіберді. Арзан азық-түлік импорты деген әңгіме жоқ.

Сондықтан әркім өз күнін өзі көретін заман туып келеді. Ал бұл арада біз отандық өндіріске ғана арқа сүйей аламыз. Демек, бізге шикізатты сыртқа шикі күйінде жібере бермей, ең соңғы, дайын өнім өндіру саласының дамуына күш салу керек. Олай етпесек, күні ертең бізде де аш құрсақ халық көбейеді. Сондықтан бұл арада Ұлттық экономика министрлігін ұйқысынан  ояту керек. Министрліктерге серпіліс қажет. «Салдары болмайды», «әсер етпейді», деген сөздерді ұмыту керек. Барлығын алдын ала болжап, біліп отырған жөн, – дейді Жұмаділда Баяхметов.

Тегтер: экономика халық нарық кедейшілік

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

М.ЖӘНІБЕКҰЛЫ 24.06.2022, 15:08
Арылу амалы: Үкімет артық рубльді шетел асырмақ
Сайт әкімшілігі 21.06.2022, 12:34
Еуроодақ санкцияларының қазақстандық компанияларға әсерін болдырмау жолдары талқыланды
Сайт әкімшілігі 20.06.2022, 15:30
Өңірлерге бөлінген қаражаттың 59 млрд теңгесі игерілмеген
Сайт әкімшілігі 20.06.2022, 11:06
Қарағандыда тағы бір қаржы пирамидасының жолы кесілді
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 17.06.2022, 08:20
Үкіметтің ісі неге өнбейді?!
Нұр-Қасым ЖОМАРТ 16.06.2022, 11:20
Монополист тұтынушыларға 2,3 млрд теңге қарыз

Аңдатпа


  • Қазақстан азаматтығын тарату – қылмыс
    23.06.2022, 09:23
  • «Тойсаңдар, тоба қылыңдар»...
    23.06.2022, 09:20
  • Ертең «мың ұлысты Қазақстан» боп тұрмайық
    23.06.2022, 09:11
  • Аймағамбетовтың реформасы жаңа министрге үлгі бола ма?
    22.06.2022, 08:36
  • Тоғжановтың қиялы...
    22.06.2022, 08:33