22.07.2020, 13:26
174
ҚазақстанныңҰлттық қоры қытайлық компаниялардың құнды қағаздарына $700 млн инвестициясалған. Бұл туралы LS сайтынасілтеме жасай отырып Азаттық рухы сайты хабарлады.
30 маусымдағыҰлттық банктің ақпаратына сәйкес, Ұлттық қор мен БЖЗҚ активтері Қытай юанындағыоблигацияларға емес, тек еуро мен долларға инвестицияланған.
«Қордың қаржысы мемлекеттікоблигацияларға, Қытайдың квазимемлекеттік секторына, сонымен бірге қытайлықэмитенттердің корпоративтік облигацияларына инвестицияланды. Барлық құндықағаздар доллар мен еурода есептелген. Ұлттық қордың жалпы салған ақшасышамамен, $700 млн-ды құрайды. Сонымен бірге БЖЗҚ-ның зейнетақы портфелінде деҚытайдың квазимемлекеттік секторының эмитенттеріне салынған $250 мың бар», — деп хабарлаған бақылаушы орган.
Ұлттық банк соныменбірге қазіргі уақытта Қытай компанияларындағы құнды қағаздар үлесін азайтужоспарда жоқ екенін де айтқан.
«Әлемдегі экономикасы ең ірі елдердіңбірі – Қытайдың құнды қағаздарына салынған ақша ұзақмерзімді перспективадастратегиялық пайданы көздейді. Дамушы елдер мемлекеттік облигацияларыныңмандаты аясында Ұлттық қордың жиынтық портфелінен 1% ақшаны қытай юанындағықұнды қағаздарға салу жоспарланып отыр», — деген Ұлттық банк.
Ведомствоныңжазуынша, 2020 жылдың 6 айында Зейнетақы қорының зейнетақы активтері бойыншаинвестициялық табысы 565,7 млрд теңгені құрады. Коронавирус пандемиясы шарықтаушегінен өткеннен кейін акциялар мен облигациялар нарығы қалыпқа келіп, алтынқымбаттаған. Осының арқасында маусым айында ұйымның портфеліндегі инвестициялықтабыс өсіп, $690 млн құрады.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР