Ұлттық қордың активтері екі айда жарты триллион теңгеге төмендеді

07.03.2020, 11:51

148

Бұлретте салықтық түсімдер 37,1 %-ғаазайды

2020жылдың қаңтар-ақпан айларында Ұлттық қорға түскен түсім 363,2 млрд теңгеніқұрады, бұлөткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 37,8%-ға немесе 220,7 млрд теңгегетөмен. Оның ішінде салықтық түсімдер 358,0 млрд теңгені құрап, 2019 жылдыңқаңтар-ақпанымен салыстырғанда 37,1%-ға төмендеді. Түсімдердің ағымдағы серпінісақталған жағдайда, 2020 жылы қордың пайдасына жиынтық салық төлемдері 2 147,8млрд теңгені құрауы мүмкін. Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылы Ұлттық қорғатүскен жиынтық салықкөлемі 2 837,2 млрд теңгені құрады.



Сонымен қатар, салық төлемдерінің барлық түрлері бойынша азайғаныбайқалады. Ағымдағы жылдың екі айында КТС бойынша түсімдер көлемі 121,9 млрдтеңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 100,9 млрдтеңгеге немесе 45,3%-ға төмен. Мұнай секторы ұйымдарының өнімдерін бөлу бойыншатүсімдер 43,7%-ға немесе 92,4 млрд теңгеге, 119,0 млрд теңгеге дейін азайды.Ағымдағы жылы ПҚӨС 16,7%-ға төмен, ал ренталық салықтан түскен түсімдер 10,4%-ғакем. Бұл ретте есепті кезеңде мұнай экспортының айтарлықтай төмендеуі байқалғанжоқ. Осылайша, 2020 жылдың қаңтар-ақпан айларында Новороссийск портында«Каспий құбыр консорциумы» (КҚК) теңіз терминалы арқылы мұнай тиеукөлемі 10,48 млн тоннаны құрады, бұл 2019 жылдың сәйкес кезеңінің көрсеткішінен0,2%-ға төмен (10,50 млн тонна). Айта кету керек, КҚК құбыр жүйесінеқазақстандық мұнай экспортының 75% — дан астамы келеді.

Айларбойынша түсімдерді бөлу кезінде, ағымдағы жылдың қаңтарында Ұлттық қорғатүсетін салық түсімдері 2019 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 53,3%-ға азайып,51,0 млрд теңгені құрады, ал ақпан айында түсімдер 33,3%-ға 307,0 млрд теңгегедейін азайды.

2020 жылдың екі айында 838,1млрд теңге қор қаражаты пайдаланылды. Оның ішінде, 838,0 млрд теңге республикалықбюджетке кепілдендірілген трансферт түрінде аударылды, ал 140,5 млн теңге қоршығындарын жабуға бағытталды. Осылайша, Ұлттық қордың активтері 2020 жылдыңқаңтар-ақпан айларында 474,9 млрд теңгеге, 26 565,6 млрд теңгеге дейінтөмендеді. Айта кетейік, "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2020 –2022 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы" Заңымен Ұлттыққордан 2020 және 2021 жылдары 2,7 трлн теңге мөлшерінде бюджетке кепілдендірілгентрансферт қарастырылған, кейін 2022 жылы 2,6 трлн теңгеге дейін төмендейді.

Талдау материалдарын кезкелген пайдалануға тек afk.kz дереккөзге гиперсілтеме болғанда ғана 



Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Нұрай РАХЫМ 10:19
Жаңа кен орындары игерілмек
Тоқтар ҒАБДРЕШҰЛЫ 19.10.2021, 14:24
Батыс Қазақстан башқұрттармен бизнес жасамақ
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 19.10.2021, 08:23
«Досаевқа – «2», үкіметке – «-1»
Сайт әкімшілігі 18.10.2021, 15:39
Ауыл шаруашылығы министрі ұн мен астық неге қымбаттағанын түсіндірді
Еркежан АРЫН 16.10.2021, 16:24
Қазақстандағы электрондық сауданың даму қарқыны жоғары
Айнұр ӘЛИ 14.10.2021, 13:00
Жалдамалы жұмыс жарылқай ма?

Аңдатпа


  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30
  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31