Ұлттық жобалар ауылдың бағын аша ма?

Қарлығаш САЙЛАУ

17.08.2022, 15:42

1847

Ауыл шаруашылығы министрлігі Ербол Қарашөкеевтің айтуынша, қолға алынып жатқан Ұлттық жобалар аясында басым экспорттық саясатпен қатар, импортты алмастыру мәселелері де кешенді түрде шешілетін болады.

Біз еліміздің ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасын әзірлегенін білеміз.  Ұлттық жобаны әзірлеу кезінде агроөнеркәсіптік кешенді дамытудағы жаһандық сын-қатерлер мен әлемдік трендтер, алдыңғы мемлекеттік және салалық бағдарламаларды іске асыру қорытындылары ескерілді. Ұлттық жобаны әзірлеуге халықаралық FAO ұйымының сарапшылары тартылған болатын.

Жалпы, бұл ұлттық жобалар жөнінде айтатын болсақ, ауылдың бағын ашатын жобалар баршылық.  Жоба аясында еңбек өнімділігін 2,5 есеге арттыру, сондай-ақ отандық өндірістің негізгі бөлігін отандық азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету; өңделген өнім үлесін 70 пайызға дейін жеткізу көзделген. Бұдан бөлек,  ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын екі есеге ұлғайту да жүзеге аспақ. Сондай-ақ жоба аясында жеті ірі эко-жүйе қалыптастыру, 1 миллионға жуық ауыл тұрғындарының табысын тұрақты ету де жоспарланып отыр. Тұқым шаруашылығын қолдау,  өсімдік шаруашылығына жаңаша бағыт беру, ауыл шаруашылығын қазіргі заманға сай техникалық жабдықтармен жабдықтау да жобаның мақсат міндеттерінде бар. Ауыл шаруашылығы саласын зерттеп жүрген мамандардың пайымдауынша, бұл жоба агро-бизнеске серпін беріп, агро сектордың бағын ашатын болады.

Қазір біздің егіс алқаптарында  жүрген техникалардың дені Кеңес заманынан қалған. Егер осы ұлттық жоба ойдағыдай жүзеге асатын болса, тозығы жеткен сол техникалардан құтылар едік. Заманауи техникалармен ауылды жабдықтау өте өзекті болып отыр. Ауылдың материалдық-базалық деңгейін көтергенде ғана ауыл өркендейді. Қазақстан негізінен аграрлы мемлекет, сондықтан бізге ауыл шаруашылығын қолдау қажет. Ауыл шаруашылығын зерттейтін ғылыми-әдістемелік институттардың жұмысын жетілдіру керек. Тыңайтқыштар, минералды тыңайтқыштар, тұқымды пайдалану үлесін арттыру керек. Бүгінде әлем бойынша азық-түлік қауіпсіздігін нығайту басты орында тұрған проблема. Сондықтан біз үшін астық тұқымдарын молайтып, барынша мол өнім алуға ұмтылған жөн. Ал бұл жоба осыған мүмкіндік береді деп сенемін, дейді ауыл шаруашылығы ғылымының докторы Серік Еңсебаев.

   Абзалында мамандардың байыптауынша, бұл жобаны жүзеге асыру барысында жыл сайын ауыл шаруашылығы техникасын жаңартуды 6 пайызға өсіруге болады. Қосымша шығындарды 20 пайызға төмендетуге мүмкіндік туады.

Сондай-ақ жоба аясында су үнемдеу технологияларын кеңінен енгізу, су беруді субсидиялау тетігін жетілдіру жөнінде шаралар қабылданады. Бұл талай өңірдегі қуаңшылық, су тапшылығы мәселесін шешпек. Бұдан бөлек импортқа тәуелділіктен арылу мақсатында мал шаруашылығы өнімінің экспортын арттыру да жоба аясында іске асырылмақ.  

Жоба бойынша мал бордақылау орындарын ашу, шаруаларға мал өсіруге қаражат ұсыну жоспарланған. Бұл ауылда бір малын екі бас етіп көбейте алмай отырған қарапайым халық үшін де мүмкіндік. Мал азығын реттеу, қымбатшылыққа тоқтам салу да жобаның мақсаты. Бүгінгі таңда инвестициялық жобалар пулындағы 194 жобаны іске асыру жоспарда бар. Бұл агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспортын 2 есеге ұлғайту мүмкіндік береді»,  дейді  ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев.

Осылайша, жоба аясында 5 жыл ішінде 4,1 трлн теңгеге 582 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Біз бұл жоба расымен де ауылдың дәулетін тасытып, әлеуетін арттырады деп сенеміз...

Тегтер: кәсіп нәсіп еңбек еңбек нарығы

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 23.09.2022, 12:06
Михаил Ломтадзе Kazakhstan Growth Forum таңдауы бойынша тағы да үздік CEO атанды
Еркежан АРЫН 23.09.2022, 09:56
Жаңа Қазақстанда қауіпсіз жұмыс
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 23.09.2022, 08:42
Жемқорларға жем болған Қазақстан
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 21.09.2022, 08:51
Кедей жаритын, халық дамитын күн туа ма?!
"Жас Алаштың" сараптама орталығы 20.09.2022, 08:37
Қайтқан малда қайыр бар. Jusan банк Ксell акцияларын қайтаруы тиіс
Сайт әкімшілігі 19.09.2022, 09:22
Астана атауын қайтаруға қанша ақша жұмсалады?

Аңдатпа


  • Безбүйрек үкімет. Қуыршақ депутат. Таңдаусыз сайлау
    23.09.2022, 08:47
  • Жемқорларға жем болған Қазақстан
    23.09.2022, 08:42
  • Аймағамбетовтің құлағына «Алтын сырға»
    23.09.2022, 08:37
  • 25 қазан ұлттық мереке: Парламент заң қабылдады
    22.09.2022, 13:38
  • Әкімді әйел билесе...
    22.09.2022, 08:41