Үміт апай ауылдастарына үлгі болып отыр

29.09.2019, 12:16

204

Үлгілі ауылының тұрғыны Үміт Мұқанова кәсібінентапқан нәсібі арқылы ауылдастарына үлгі болып отыр. Жасы жетпіске келген Үмітапа бала-шағасымен бие байлап, қымыз сатуды кәсіпке айналдырған. Қырық жыл бойыұстаз болып еңбек еткен Үміт апай зейнеткерлікке шыққаннан кейін ауылдан шағындүкен ашып, уақыт өте келе үлкен кәсіпті қолға алыпты.

— Биыл жасым жетпіске келді, шырағым, — дейді ҮмітМұқанова бізбен әңгімесінде. — 2003 жылы зейнеткерлікке  шыққаннан кейін осы дүкенді аштым. 2015 жылыотағасы қатты ауырып, Қапшағайда әскери қызметтегі ұлымды қолыма шақырып алдым.Бірақ, ұлыма бұл жақтан жұмыс табылмай, сол жылы үйімізді кепілге қойып, «Құландән» деген ұйымнан 4,5 миллион теңге несие алдық. Оған 14 бас бие, 1 айғыр және4 сиыр сатып алдық. Бірақ, бізге сиыр қолайлы болмады. Бірінен кейін бірі ауырыпөлді. Дегенмен де осынау кәсіптен тапқан пайдамыз аз емес. 3 жылдың ішінде 14биенің қымызы мен құлын-тайларын сатып, биыл ұлыма 5 миллион теңгеге үй сатып алыпберіп, бөлек отау қылып шығардым. Несиемізді уақытылы жауып отырмыз.Ауылшетіндегі 4 гектар жерге жоңышқа сеуіп, оны жылына 3-4 рет орып аламыз.Малдың жемін сатып алғанымызбен, шөбінен қиналмаймыз. Реті келіп тұрғанда айтарым,мүмкін болса жергілікті билік қымыз қабылдайтын арнайы орын ашса, біз сол жергеөнімімізді өткізсек деген ұсынысым бар. Қымыз сатудың машақатынан соң биыл құлындардыертерек желіден босатуымызға тура келді.

Тірліктің көзін тауып, кәсібін дөңгелетіп, Үлгіліауылына үлгі болып отырғандықтан шығар бүгінде Үміт апайдан ақыл-кеңес сұрайтындаркөп екен.

— Өткенде Индира деген келіншек «сіздер несиеніқалай алдыңыздар, оның пайызы қандай, біз де бір кәсіп бастасақ деген ойымызбар?» деп ақыл-кеңес сұрап келіпті. Мен оған қорықпай әрекет етуге кеңес беріп,бұл кәсіптің тиімді тұстарын айттым. Мәселен мен 4,5 миллион теңге несиені 14пайызбен алғаныммен, оның 10 пайызын мемлекет субсидиялап, үстінен 670 мың теңгешамасында ғана қосып төлеймін. Әйтеуір, бүгінгі заманда әрекет еткен адамғаАлла берекесін береді ғой қашанда, — дейді Үміт апай.

Бүгінде үй іргесіндегі алақандай жерден кейбіротбасылар жылына миллион теңге табыс тауып отырса, ал, бір шаруалар 6 гектаржерін жалға беріп қойып, жылына одан бар-жоғы 100-150 мың теңге ғана пайын алыпотыр. Осы да әділдік пе? Негізі жер бос жатпай, нағыз жұмыс істейтіндергеберілуі керек қой. Яғни, жер табыс көзі болуы тиіс. Оның ішінде үй іргелік жерәрбір үйдің қазынасына, байлығына айналуы керек.

Фото: informburo.kz                                                                  

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 03.08.2021, 09:34
Ставканы өсірдік, экономика от ала ма, әлде «шок» ала ма?!
Еркежан АРЫН 29.07.2021, 17:20
Сүт өнімдерін цифрлық таңбалау өзекті
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 29.07.2021, 08:48
Қорды сақтай алмаған Үкімет Қор болмақ
Еркежан АРЫН 27.07.2021, 11:40
Қазақстан суды көрші мемлекеттермен бөлісу мәселелерін қалай шешеді?
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 22.07.2021, 08:57
80 триллион? Көк тиыны жоқ Келімбетов қиялдап жүр
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 21.07.2021, 13:38
Қазақтың мұнайы алпауыттардың ғана бағы ма?

Аңдатпа


  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58