Үш ұлттық жоба үмітті ақтай ма?

Қарлығаш САЙЛАУ

24.08.2022, 09:51

832

Қазірде Қазақстан үкіметі үкілеп отырға үш ұлттық жоба бар. Олар   «Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған орнықты экономикалық өсу», «Кәсіпкерлікті дамыту», сондай-ақ «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» атты ұлттық жобалары. Жоспар бойынша бұл жобалар  елімізде 450 мың тұрақты жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Бүгінде аталмыш жобалардың тиімділігі жөнінде аз айтылып жатқан жоқ. Біз де өз кезегімізде үміт артып, үкілеп отырған осы жобалар туралы біраз зерттеп көруді жөн көрдік.

Деректерге сүйенсек, бұл үш ұлттық жобаны тиімді іске асыру орнықты экономикалық өсуді 5 пайыздан төмен емес деңгейде қамтамасыз етуге және  халықтың табысын 27 пайызға арттыруға көмектеседі делінген. Сала мамандарының пайымдауынша, бұл жобаларды сауатты жүзеге асыру Дүниежүзілік экономикалық форумның бәсекеге қабілеттілік рейтингінде инфрақұрылым сапасы бойынша Қазақстанның ұстанымын 40-орынға дейін жақсартуға мүмкіндік береді.

Негізінен бұл ұлттық жобалар  еліміздің Энергетика, Сауда және интеграция, Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Экология, геология және табиғи ресурстар, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Мәдениет және спорт министрліктерімен, сондай-ақ Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен бірлесіп іске асырылатын болады.

Негізінде президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 он ұлттық жобаны бекіткен болатын. Ұлттық жобалар тізбесі былай бөлінеді:

  1. «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау ұлттық жобасы.
  2. «Білімді ұлт» сапалы білім беру ұлттық жобасы.
  3. «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасы.
  4. «Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс» ұлттық жобасы.
  5. Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба.
  6. «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы.
  7. «Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған орнықты экономикалық өсу» ұлттық жобасы.
  8. «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы.
  9. Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі ұлттық жоба.
  10.  «Қауіпсіз ел» ұлттық жобасы.

Экономика ғылымының докторы,  профессор  Жаңабай Алдабергеновтың айтуынша, жоғарыда көрсетілген ұлттық жобалардың қай-қайсысы да үмітті ақтауы тиіс.

— Ұлттық жобалардың басты міндеті халықтың тұрмысын жақсарту болғандықтан, өз басым мұндай жобалардан үміт күтемін. Келешекте бұл жобалар елді өркениетке жетелейді деп ойлаймын. Қазіргі «Жаңа Қазақстанның» жаңашылдығы мемлекеттік бағдарламалардың орнын ұлттық жобалар басты. Тек қана Ұлттық экономика министрлігі ұсынып отырған үш ұлттық жоба аясында 15,9 трлн теңге бөлініп отыр.  Бұл үш жоба экономиканы 5 пайызға өсіреді. Болашақта аталған жобалар үмітті ақтайды деп сену керек, – дейді экономист ғалым Жаңабай   Алдабергенов.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 30.11.2022, 14:12
Зейнетақы жинағын алу: 2023 жылға арналған жеткілікті шек жарияланды
Сайт әкімшілігі 30.11.2022, 09:21
2023 жылы инфляция баяулай ма?!
Сайт әкімшілігі 29.11.2022, 13:59
Тауық етін тұтыну да арман болып жүрмесін...
Сайт әкімшілігі 29.11.2022, 09:25
Ресей мұнайының бағасы барреліне 52 долларға дейін төмендеді
Бифат ЕЛТАЕВА 29.11.2022, 08:52
Дәурен Сапарәліұлы: Дивиденд кепілді төлем емес екенін ескерген жөн
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 29.11.2022, 08:46
«Халықты байытамыз» десек, шенеуніктер тойынған жоқ...

Аңдатпа


  • Кеше мақтап, бүгін даттап, Жаңбыршиндер жүр қаптап...
    09:06
  • Қазақстанның тәуелсіздігі қыл үстінде тұр
    08:59
  • Назарбаев – елдің өткен шағы
    08:55
  • Барға бар, жоққа жоқ мемлекеттік бағдарламалар
    30.11.2022, 08:45
  • Мұғалім мәртебелі ме?
    30.11.2022, 08:43