Ұжымдастырудың соңы аштыққа ұласты

29.05.2020, 12:31

30

   Саяси қуғын-сүргін ұғымы қазақхалқы үшін ерекше мағынаға ие. Бір жарым миллионнан астам қазақты жалмаған бұлзобалаң күні бүгінге дейін бітеу жараның аузын сыздатары анық. Сол кездегі солақайсаясат халықты ашындырды, ашықтырды, еңбекшілерді материалдық игілігінен жұрдайетті. Ол кезеңде өзінің «кіші Қазан» идеясын жүзеге асырмақ болған Голощекинқазақтың тірлік-тұрмысына үңілмей жатып, халық шаруашылығының хал-ахуалынбайыптамастан-ақ елді күштеп коллективтендіруге тырысып бақты. Мұның соңы қарахалыққа қасірет шектірді.

                                              СОҚЫР САЯСАТ  

       1925 жылы V өлкелік партия конференциясындаГолощекин «қазақ ауылдарында Кеңес өкіметінің шынайы қалыптаспағанын,қазақтарда тек байлардың үстемдігі мен ру билігі бар» екенін өз баяндамасындабаса айтты. Міне, осыған байланысты «қазақты коллективтендіру керек» дегенГолощекиннің ұсыныстары сол кезде қолдау тапты. Өзіне билік берілгеннен кейін,Голощекин ұжымдастыру саясатын бастап та кетті.

 Бұл ұжымдастырудыңсауатсыз, соқыр саясат екенін сол кездегі халықтың қалаулы азаматтары нақпа-нақдәлелдеді де. Мәселен, Голощекиннің ұжымдастыру саясаты жөнінде Тұрар РысқұловСталинге жазған хатында мынадай деректерді мысал еткен: «Ұжымдастыружылдарындағы халық шығыны: 1930 жылы аштықтан 313 мың адам; 1931 жылы аштықтан 755мың адам; 1932 жылы аштықтан 769 мың адам өлді. Ауыл халқының 40 пайызынжоғалттық. Жиыны – 1 млн 750 мың адам. 1 миллионнан астам адам шетелге көшіпкетті. Оның 616 мыңы қайтқан жоқ. 1931-33 жылдары аштықтан 6,2 млн адамның 2,1миллионы өлді. 1929 жылы Қазақстандағы 40,5 млн малдан 1933 жылы тек 4,5 млнғана қалды».

            ТАҒЫБІР ДЕРЕК

Жалпы, ұжымдастыру барысында1928-29 жылдары республика шаруашылығының 2 пайызы ғана ұжымдастырылса, 1930жылы сәуірде шаруашылықтардың 56,4 пайызы, 1931 жығы қазанда 69 пайызыұжымдастырылды. Жедел әрі жоспарсыз жүргізілген ұжымдастыру науқаныауылшаруашылық өнімдері  сапасыныңтөмендеуіне, мал басының жаппай етке өткізілуіне, шолақ белсенділердіңкедейлерге зорлық-зомбылық көрсетуіне әкеп соқтырды. 1928-30 жылдарыҚазақстанда, әсіресе солтүстіктегі аудандарда егін шықпай қалды, астықтапшылығы көбейді. Ал1929-30 жылдардың қысы да қоғамдық малды қынадай қырып салды. Ал астықжинау, ет дайындау жөніндегі жоспарлар өсе түспесе, азайған жоқ. Мұның бәрішаруаның тұрмысын күйзелте берді.

                               САЛЫҚ ТА ҚАМЫТБОЛДЫ

 Бұған қоса, 1928 жылы 27 тамыздаҚазақ АКСР-ның халық комиссарлар кеңесі мен орталық атқару комитеті «Ірі байшаруашылықтарын, жартылай феодалдарды конфискелеу және жер аудару» декретінқабылдады. Нәтижесінде 657 бай жер аударылып, олардан 145 мың мал салық ретіндеалынды. Десекте, мұндай салық салудан қара халық та қалтарыста қалмады. Мысалы, 1931-32жылдары Шұбартау ауданында малдың 80 пайызы халықтан салық ретінде алынып, еткеөткізілген. Бір ғана Балқаш ауданының халқына 297 мың бас малға салық салынса, ал аудандағыбарлық мал басы 173 мың ғана болған. Сондай-ақ Торғайдағы 1 млн малдың 98 мың басы ғана қалған.

 Бұл жайында  бізге өзіндік пікір білдірген, қазірдеосы мәселені зерттеп жүрген  ғалым Жанарбек Әбдімәліков былай деді: «Халыққаорынсыз салық салудың ақыры ірі байлардың, «жартылай феодалдардың» ең әуелімалын, сосын,еңбек құралын, одан кейін олардың тұратын үйлерін тартып алып, жер аударыпжіберуге бағыт алды. Науқанның қорытындысы бойынша, іс жүзінде 696 шаруашылықтәркіге салынды, олардың 619-ы тұрған округінен тыс жерлерге айдалды. Тәркіленгендерденірі қараға шаққанда, салық ретінде 145 мыңдай бас мал және ауылшаруашылық саймандары тартып алынды.Салықтан алынған мал мен құрал-сайманға ие болған кедейлер ауылдағы орташалартобы қатарына көтерілуі керек еді. Дегенмен бұл саясат ешнәтиже бермеді. Керісінше, салық халыққа қамыт болып, елді ауыр тұрмысқажетеледі».

                     ХАЛЫҚ ЖЕРІНЕН АЙЫРЫЛДЫ

     Сол жылдары ұжымдастыру ісінекөмек ретінде ауылдық жерлерге 8000 жұмысшы жіберілді.«25мыңдықшылар»деп аталған ұжымдастырушы топ Мәскеу, Ленинград сияқты орталықтардан жіберілді.Ұжымдастыру барысында көптеген жерлерде көшпелі шаруашылықтар бір жергеиіріліп, киіз үйлерден көшесі бар қалашықтар құрылды. 10-15 күннен кейін ондағыадамдар ешкімді тыңдамай, жан-жаққа қашуға,көшуге мәжбүр болды. 1930-31 жылдарда осындай зорлап отырықшыландыру зобалаңынаұшыраған мал шаруашылығымен айналысатын 25 ауданнан 35 мыңнан астам шаруашылықреспубликадан тыс жерлерге көшіп кетті.

 Қазақстан бойынша 1931жылдың тамыз айына дейін 281 мыңнан астам шаруа қожалығы республикадантыс жерлерге көшіп кетті. Мұның соңы қазақты шұрайлы жерінен айыруға дейінапарып соқты. Бұл жайында кезінде ЖанарбекӘбдімәліков:«Қазақстан жерінде шаруалардың ұжымдастыру саясатына қарсы ұйымдастырылғанқарулы қозғалыстар өтті. Осыдан барып мемлекеттік меншік нығайып, шаруаларжерден шеттетілді. Жазалау органдарының қызметі күшейтілді», – дейді.  

Осылайша сауатсыз әрі орашолақбасталған бастама тұтас бір ұлтқа нәубет азабын тарттырды. Әрине, ол кезеңдеріГолощекин өзінің бүкіл сәтсіздігін қазақ коммунистеріне аударуға тырысып бақты.Олқазақ коммунистерінің бір тобын ешбір тәрбиеге көнбейтін, ұлтшыл уклонистерқатарына да жатқызды. Ал, ақиқатында, қазақ арыстары қазақтың болашағын ойлады,ел іргесін күйретпеуге барын салды.

 Бүгінде біз ерен ерлердің солнәубет жылдары қара басын емес, халық қамын ойлағанын мақтанышпен сезініп, әрдайымжадымызда түюге тиіспіз.

Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ,

«Жас Алаш»

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 10:26
Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
Еркежан АРЫН 24.09.2020, 10:35
Кәсіпкерлерді қолдайтын жобалардың бабын келістіре алдық па?
Еркежан АРЫН 24.09.2020, 10:23
Сауда ынтымақтастығын арттыру маңызды болып тұр
Айжан БҮРКІТБАЕВА 24.09.2020, 09:30
Жеке тұлғаларды банкроттау заңы керек пе?
Сайт әкімшілігі 23.09.2020, 13:22
Доллар қымбаттап жатыр
Қарлығаш Зарыққанқызы 22.09.2020, 10:46
Депозит нарығы: Банктер халықты қашанғы тонайды?

Аңдатпа


  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39