Ядролық қарудан бас тарту – әлемдік өркениет құндылығы

Нұрболат ӘБДІҒАЛИ

31.05.2021, 09:08

2627

Ядролық қарусыз әлем – Жер шарындағы тіршілікті жоюға жол бермеу, бұл адамзаттың бүгіні мен келешектегі ізгі мұраттарының ең бастысы. Қазіргі кезде әлемде болып жатқан аймақтық қақтығыстар, соғыстар, террорлық әрекеттер адамзат үшін үлкен қауіп-қатер төндіріп тұр. Бұл ретте ядролық қарудан бас тартуға ұмтылу әлемдік өркениеттің негізгі құндылығы деп бағамдауға болады.

       Ядролық қарудан бас тарту арқылы Қазақстан бейбітшілік пен ынтымақтастық, сенім мен өзара түсінушіліктің жаңа заманауи үлгісін әлемге паш етті. «Ядролық қарудан бас тарту – ХХІ ғасырдың басты мақсаты» деген бастаманы, Қазақстан әзірлеген Ядролық қарудан азат әлем құру туралы жалпыға ортақ декларациясының БҰҰ Бас ассамблеясының отырысында қабылдануы осының айғағы.

         Тарихқа қысқаша шолу жасасақ, Қазақстандағы Семей полигоны КСРО ядролық сынақ полигондарының басты және аса маңызды стратегиялық объектісі болғанын көреміз. Ол үшін арнайы 18 миллион гектар жер бөлініп, Семей ядролық полигоны ашылды. Бастапқыда адамдарға, жануарлар мен табиғатқа тікелей зардап келтірген ашық сынақтар жасалса, кейінірек жер астында жүргізе бастады. Семей маңындағы радиациялық әсер аймағында тұратын 500 мыңдай адам осы сынақтан азап шекті. Деректерге сүйенсек, полигонның 40 жылдық тарихында 459 жарылыс жасалған. 1949-62 жылдары ашық ауада 88 сынақ жүргізілсе, жер қойнауында үш рет бомба жарылып, 1953 жылдың 12 тамызында әлем тарихында алғаш рет термоядролық құрылғы ашық аспан астында сынақтан өткізілді. Ал 1955 жылдың 22 қарашасында жер үстінде жарылған сутегі бомбасы жанталаса қарулану арқылы қырғиқабақ соғыс жүргізген дүниежүзінің державаларын Кеңес Одағының алдында тізе бүктірді. Өйткені мұндай сынақ адамзат тарихында бұрын-соңды болмаған еді.

       Сондай-ақ Кеңес елі осы уақыт аралығында ядролық заряды бар алты құрылғыны жоғары биіктікте сынақтан өткізіп үлгерді. Ал жер қабатындағы тік ұңғымалар мен көлбеу туннельдерде 340-тан астам сынақ жүргізілді. Соның салдарынан 1,5 миллион адам зардап шекті. Ал ғылымда ядролық сынақтардың зардаптары қоршаған ортамен қатар, адамзаттың екінші, үшінші ұрпақтарына дейін жалғасуы мүмкін екені айтылған. Қа­зіргі таңдағы жасалып жатқан ядролық қарудың көпшілігі 1945 жылғы Хиросима мен Нагасакиді күлге айналдырған ядролық бомбадан әлдеқайда қуатты деп бағаланады. «Жер бетіндегі барлық ядролық арсеналдың жиынтық қуаты бұл қалаларға тасталған бомбалардан 113 мың есе артық» дейді зерттеушілер.

      Ұлттар мен мемлекеттер жеке-жеке, бөлек өмір сүргенімен, жер, су мен ауа ортақ. Сондықтан да осы ортақ құндылықтарымызды сақтауымыз қажет. Бүгінгі жас ұрпақ жаһандық проблемалардың ішінде ядролық қарудан келетін алапат пен апатты бір сәт те естерінен шығармауы тиіс. Олар білімдері мен күш-жігерлерін осы ғаламат қауіптің алдын алуға жұмылдырулары керек.

      Еліміздің ядролық қаруға қарсы жаһандық бастамасы адамзатқа, қоғамға үлкен қозғау салды. 2015 жылдың 7 желтоқсанында Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясы Қазақстанның бастамасы бойынша Ядролық қарудан азат әлемді құру туралы жалпыға ортақ декларация қабылдағаны осының дәлелі.

      Осылайша 1949 жылы 29 тамызда алғашқы ядролық сынақ жасалған Семей ядролық сынақ полигонын Қазақстан 1991 жылдың 29 тамызында дүниежүзінде алғаш болып мәңгіге жапты. Міне, сол күннен бері Қазақстанның осынау жаһандық бастамасының құрметіне бұл күн әлем бойынша Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні болып бекітілді.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 10.06.2021, 08:40
Ерғалиевтің «ерен» реформасына ел не дейді?
Қарлығаш САЙЛАУБАЕВА 07.06.2021, 10:03
Халықты асырайтын ауыл болады, үкімет мұны қашан сезінеді?!
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 04.06.2021, 10:38
Жасыл энергияға көшу – әлем көшіне ілесудің кепілі
Нұрсұлу МЫРЗАХМЕТ 04.06.2021, 08:48
«Қазақтелеком» қан қақсатып тұр
Сайт әкімшілігі 03.06.2021, 12:55
Ashyq жобасы - Kaspi.kz қосымшасында
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 03.06.2021, 12:06
Шенділердің қырсыздығы шаруаларға қашанғы қолбайлау болады?

Аңдатпа


  • Кім кінәлі?: Жауап берсін!
    11.06.2021, 11:11
  • Ресей деградацияға ұшырауда
    10.06.2021, 10:33
  • Түнгі жол (Әңгіме)
    08.06.2021, 12:00
  • Жеңсең, жүз атаң табылар еді...
    08.06.2021, 10:30
  • Қазақ тілінде оқымаған бала ұлттың ұлы бола ала ма?
    03.06.2021, 09:02