Ылғалды жыл: Астық шығымы мен сапасы қандай?

08.10.2019, 11:47

33

2019 жыл ауылшаруашылығы, оның ішінде астық саласы үшін табысты, маңызды жыл боладыделінген. Бұл диқандар үшін жыл басы саналатын көктемдегі үміт болатын. Көктемерте шықты, жер ерте дегдіді, осының арқасында егін де ерте егілді. Ертесебілген дән ерте жиналады, суыққа ұрынбаймыз деп, бірнеше рет ақпарат таратқанбұқаралық ақпарат құралдары да, тиісті минситрлік те күздегі жиын-терінаяқталғанға дейін бәрі жоспарлы түрде жүріп келе жатыр деп сенді. Бірақ, бәрікүткеніміздей болмады. Биылғы түсім – жылдағыдан аз. Аз болған соң, астықтыңсапасы да жоғарғы деңгейде емес. Бір қарағанда бұл да түсінікті жағдай. Жаз тымыстық болды, соның салдарынан біраз егін күйіп кетті. Ал, күткен ауа райыболмаса астық сандық өлшем жағынан ғана емес, сапалық өлшем жағынан да өзініңартықшылығын жоғалтады. Шаруалар солай деп отыр. Шаруа атаулы жаз бойы тамбайқойған жаңбыр дәл орақ науқаны кезінде төпеп бергенін айтып, сан мен сапаныңтөмендеп кетуіне бұл фактор да аз әсер етпегенін айтады.

Жауын-шашынсалдарынан жұмыстың бөгелуі, әсіресе, орманды алқапқа жататын СолтүстікҚазақстан облысында көп болыпты. Орманды зона даласында орналасқан төр бірдейауданда ылғалдың, жауын-шашын түсімінің мол болуы салдарынан екі апта бойыжиын-терін тоқтап тұрыпты. Жұмыстың ең қызған кезінде жиын-теріннің тоқтауы текуақыт жоғалту ғана емес қой, бұл алдымен пісіп, төгіліп тұрған егіннің тағдырыболатын. Екі апта бойы құр тоқтап тұрған жұмыс қана емес, бұл екі апта ішіндежиналып алынуға тиіс егіс алқабын жаңбыр ұрып тұрды, оның үстіне солтүстікаймақта күн ерте салқындайды, қысқасы, піскен егінді уақтылы жинап алмау бір,сол уақыт аралығында жауын-шашын мен салқын ауа райы екі әсер етіп, шаруалардыбіраз шығынға батырды. Шығынға батқанда, бұл жағдайға байланысты қазірминситрлік те, өзге тиісті орындар да таза бидайдың бағасын көтеру арқылышешуге тырысып жатыр. Әрине, мұның салдарынан нан бағасы да қымбаттауы мүмкін.Дегенмен, шаруаларға қолдау білдіру үшін бағаны көтермей болмайды. Оның үстіне,қарапайым заңдылық – өнім мен тауар азайса баға көтерілетіні түсінікті. Мұныңсыртында, бидай бағасының көтерілуіне биылғы әлемдік астық шығымының аз болуыда әсер етіп отыр. Ал, астығының көп бөлігін сыртқа экспорттайтын Қазақстанүшін әлемдік нарықтағы баға да маңызды. Әлемдік нарық кез келген елдің ішкібағасына әсер етпей тұрмайды.

Қазақстанда жалпы13 миллион 460,3 мың гектар жерге астық егілсе, оның әр гектарынан алынған өнімбылтырғыдан едәуір төмен. Мәселен, ең көп астық егетін облыстардың біріҚостанайда әр гектардан алынатын өнім – 6,6 центнерді құрайды. Ал, былтырғыкөрсеткіш бұдан екі есеге жуық көп болған. Солтүстік Қазақстан облысындағыкөрсеткіш жаман емес, 15,3 центнер, бірақ, бұл да былтырғыға жетпейді. Былтырбұл көрсеткіш екі центнерге көп болатын. Астықты аймақ саналатын тағы бір облысАқмола облысында да солай. Былтырғы көрсеткіштен төмендеу.

Мұндайтөмендеудің негізгі себебі – жоғарыда айтқан жауын-шашынның салдары.Кәсіпкерлер мен мамандардың айтуынша кейде жауын-шашын көрсеткіші – 33миллиметрге дейін жеткен. Соның салдарынан астықтың біраз бөлігін жоғалтыпты.Тіпті, кейбір диқандар мұндай жайсыз күз бұрын-соңды болмаған дегенді деайтады. Соның салдарынан жиналған астықтың тең жартысына жуығы – төртіншісұрыпты бидайға жатады. Бұл өз кезегінде көптеген бидайдың төмен бағаменсатылатынын көрсетеді. Сапасы жоғары, санаты биік бидай қымбат, ол төмендегенсайын бағасы да арзандай түседі. Тіпті, кейбір кәсіпкерлер астық танаптарынанбидай емес, малға азық болатын жем-шөпке жарамды болардай ғана өнім алуға мәжбүрболыпты. Дегенмен, ол да болса жұбаныш, көктем мен жаз бойғы еңбек пайдаәкелмесе де, өз өзін ақтауға септеседі.

Биылғы астықсапасының төмендеуі өте жоғары. Астықтың қауызында жаңбырдың шамадан тыс көпжауғаны салдарынан көк дәнектер өсіп кетіп жатыр. Ал, мұндай өнім өндіріскежарамайды. Осының салдарынан кейбір облыстар өз көрсеткіштерін қағаз жүзіндекөтеріп көрсетуге тырысады. Бұл да бағаның тұрақсыздығына әкеліп соғады дейдімамандар. Ал, ұн тартуға жарамды, өндіріске кететін астық өндіру үшін жоғарыдағыдайжасыл дәнек араласқан бидайлар жарамсыз. Біріншіден, ол жасыл дәнек жай ғанаараласып кетпейді, қайта көктеп кеткен соң пісіп тұрған бидайдың құрамынөзгертіп жібереді. Дегенмен, Ақмола облысы жылдағы әдетінен танбай, өнімкөлемін аздап қысқартса да сапасын түсірмеуге тырысып бағыпты. Соның арқасындаұнға жарамды бидай да осы өңірге тиесілі болып отыр.

Қалай дегенде дешаруалардың бәрі сапа мен көлемді төмендетіп алды деуге болмайды. Былтығыданжоғары өнім алып, қуанып отырған шаруалар да бар. Оның да себебі жоқ емес.Соңғы уақыттарда адамзат баласының өнім алуы, даму мәселелері ауа райы ментабиғатқа бағынашты болмауы керек деген сөздер айтылып жүр. Ол да жансыз сөземес. Мәселен, кейбір дамыған елдерде қыс демей, жаз демей мықты, заманауитехниканың арқасында ылғи да максималды өнім алып жатқан кәсіпкерлер аз емесқой. Сол сияқты, қазақстандық кәсіпкерлердің кейбірі ді осындай жан-жақтылықтыңарқасында биыл да табысқа кенеліп отыр. Мәселен, биологиялық тыңайтқыштар менхимиялық қорғау құралдарын тиімді пайдалана білу, заманауи техникаларменжабдықтандыру сияқты шаруалар атқарылған шаруа қожалықтары биыл да пайдағакенелеміз деп отыр. Оның үстіне биылғыдай әлем бойынша астық бағасыныңқымбаттап тұрған шағында өзгелерден көп өнім алу табысты еселей түсері тағыанық. Мұндай табысқа жетіп отырған шаруалардың басым бөлігі – Қазақстанастығының 25 пайызын бір өзі өндіріп отырған Ақмола облысына тиесілі.Ежелден-ақ астықпен айналысып, күннің қабағын бағып, ауа райының құбылуына орайқимылдап үйренген шаруалар биыл да қапы қалмапты. Соның арқасында, Қостанайдағысияқты екі есе төмендемей, былтырғыдан 1-2 центнерлік айырмашылықпен өнім алыпотыр. Бұл жалпы орташа көрсеткіш екенін ескерсек, былтырғыдан асыра өнім алғаншаруалар да аз емес екеніне көз жете түседі.

Жалпы алғанда,биылғы жыл, осы күз кәсіпорындар мен шаруаларды заманауи қондырғылар мен соңғыүлгідегі мүмкіндіктерге ие техникалармен қамтамасыз ету керектігін ұқтырды.Биылғы өнім жоғалтпаған да осындай жаңа қондырғылар мен техникасы мығымшаруалар. Оларды ауа райы жауын-шашынды болса да, ылғал көп болса да деркезінде қимылдап сан мен сапаны түсіріп алмауға мүмкіндігі болады. Міне,осындай шаруаларды ауа райына бағынбайды деп айтуға болады. Дегенмен,Қазақстанда жаңа құрылғыларды әкелу, шаруаларды заманауи қондырғыларменжабдықтау жұмыстары басталғанына да көп бола қойған жоқ. Оның үстіне, мұндайтехникалар мен жаңа технологиялардың орасан пайдасын дәстүрлі бағытты ұстаныпкеле жатқан көптеген шаруалар енді-енді ғана түсініп келе жатыр. Бәлкім, биылғысәтсіздіктен кейін жаппай жаңа техникаға қол соза бастайтын шығар. Дегенмен,«жоқ – жомарттың қолын байлайды» дегендей, мұндай агрегаттардың бағасы да шағынкәсіпкерлер мен көптеген шаруаларға оңай тимейді.

— Биылғы астықтүсімін жаңа техникалардың арқасында сақтап қалдық. Қазіргі таңда бізпайдаланып отырған көліктердің 70 пайызы шетелдік жаңа үлгідегі техникалар.Әлбетте, ескілері де жоқ емес. Бірақ, олар аз ғана. Ал, кейбір шаруашылықтардатрактор, комбайндардың тозу көрсеткіші 80 пайызға дейін жетеді. Кейбіреулертіпті, Кеңес өкіметі тұсында шығарылған ескі техникалармен жұмыс істеп жүр.Осының салдырынан орақ науқанында қарқынын бәсеңдетіп алады, — дейді кәсіпкерНағашыбай Барлыбаев. 

Астық түсімін ауарайынан тыс жақсарту үшін тек заманауи техника ғана емес, ұзақ жылғы тәжірибеде керек. Сонда жыл сайын жаңа әдіс-тәсілдер жасап, өнім көлемін жоғарылатыпотырады. Тіпті, заманауи қондырғыларды тиімді пайдалана білу үшін детәжірибенің артықшылығы болмайды. Мұндай білікті шаруалар мемлекет тарапынан бөлінгенсубсидиялар мен түрлі жеңілдіктерді де тиімді игеруге қауқарлы. Биылғыкөрсеткішін жоғалтпаған да сондай шаруалар.

Биыл Қазақстан 14-15миллион тоннаға дейін дәнді дақыл алады деп жоспарлап отыр. Министрлік мұныңбәраз бөлігі экспортқа кететінін айтады, дегенмен, жылдағыдан аз болатынынын даескертіп отыр. Ал, егін шығымдылығының төмендеуі нан бағасына әсер ете ме дегенсұрақ әзірге белгісіз. Оны жиын-терін аяөталған соң арнайы мамандар мен құзырлыоргандар түрлі көрсеткіштерді ескере отырып, есебін шығарады. Жалпы, әлембойынша 766 миллион тонна бидай қамбаға құйылса, оның 9-10 миллиондайыҚазақстанға тиесілі.

Айта кету керек, көктемде19 миллион гектар жерге дән себілген. Жаз ортасында агроөнеркәсіп саласыныңмамандары ауа райы аяқ асты тосын мінез танытпаса биылғы кұз алтын дәннің күзіболады деп мәлімдеген. Табиғат тосын мінез танытты, биылғы меже – жалпы көлемі20 миллион тонна өнім алу болатын, ал, орындалған жоспарды жоғарыда айттық.Қамбаға 20 емес, 14-15 миллион төңірегінде астық құйылмақ. Нақты есеп алдағыкүндері белгілі болады.

Енді, астықтүсімі мен оның сапасы жайлы және астық қабылдау пункттеріндегі тыныс-тіршілікжайлы айта кетсек. Биылғы астық түсімінің күрт төмендеуі мен ауа райыныңқолайсыздығы қабылдау пунтттеріне қосымша көптеген жұмыс тауып бергені анық.Алқаптардан жаңа келген бидайды тазалап қана қоймай, белгіленген уақытқа дейінсапалы түрде сақтайтын элеваторлар керек болып жатса егін сапасын арттыруға даат салысады. Мәселен, биылғы астықтың құрамында жауын-шашын салдарынан ылғалдыңмол болғаны белгілі. Бұл өз кезегінде астықтың сапасын төмендетіп қана қоймай,керек болса аз уақыт ішінде бұзылып, жарамсыз болып қалуын тудыруы мүмкін.Міне, элеваторлардың басты міндеті осы тұста көрінеді. Ол дымқыл бидайдыкептіріп, ылғалынан айыру үшін де жұмыс істейді. Одан кейінгі негізгі міндеті –вагондарға тиеуге оңтайлы жасалғаны. Жалпы, биыл астықты өзге өңірлерге немесемемлекеттерге тасымалдау бойынша қиындық болмайды. Өйткені, вагондар арнайыбекітілген жоспар бойынша жұмыс істеп тұр. Бірақ, бұл жақтағы істі тоқтатып тұрған да сол жауын-шашын салдарынаналқаптардағы тоқтап тұрған жиын-терін.

Дегенмен,әкелініп жатқан астық тоқтаусыз қабылданып, элеваторлар тоқтаусыз жұмыс істептұр. Айта кетерлігі, жұмыстың жылдағыдан еселеп артқандығы. Дәнді дақыл құрамындаылғал көп болған соң, оны ылғалдан айыру үшін атқарылатын жұмыс бірнеше есегеартқан. Қосымша міндеттер жүктелгені тағы бар. Бәрі астық сапасын жақсартудың,жиналып алынған дән атаулының бәрінің әжетке жарауын қамтамасыз етудің әрекеті.Дегенмен, бұл алдымен уақытты көп алады, ал уақыттың шығыны қайтарымсыз, ол өзкезегінде жұмыс өнімділігі көрсеткішіне ықпал етеді.

— Кептіружұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Өнімнің құрамында су деңгейі неғұрлым аз болсасоғұрлым жұмыс та өнімді болмақ. Оны құрғату да жеңіл. Мәселен, ылғал көлемі 18пайызды құраса, тәулігіне 1000-1200 тонна дақылды қалыпты нормаға келтіругеболады. Ал, бұл көрсеткіш 20 пайыздан асып кетсе, тәулігіне 600-800 тоннаастықты кептірумен шектелеміз, — дейді элеватор директоры Бақтияр Шайкенов.

СолтүстікҚазақстан өңірінде көп жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан маманның айтуынша,биылғы жауын-шашынның көптігі астықтың шығымы мен оны жинаушы шаруаларға ғанаемес, астық қабылдау пункттері үшін де біраз басы артық жұмыс тауып беріпті.Дегенмен, қазірге дейін атқарылған істер жаман көрсеткіш емес. Қабылданғанастықтың бәрін кептіріп, жөнелтетінін жөнелтіп, сақтайтынын сақтап үлгеріпжатыр. Демек, алқаптан жиналған ешқандай дән далада қалмайды.

Әрине, негізгіастықты өңір саналатын Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарыныңбарлық аудандары жауын-шашынды болды деуге болмайды. Біраз аудандар жылдағы қалыптыырғақпен жұмыс істеуде. Мұндай аудандардағы элеваторларда да жұмыс қарқыныжоғары. Өйткені, жоғарыда айтылған проблема жоқ, астықтың өзі кебу күйде,қалыпты өз ылғалымен келеді. Оны кептіру де, тиеу де қиын емес. Соның арқасындаастық тасымалдаушылар мен өткізушілерде кезек күту мәселесі жоқ.

Жалпы алғанда,Қазақстандағы барлық элеваторлардың санын қосқанда ортақ сыйымдылық мөлшері 12миллион 504 мың 900 тоннаны құрайды. Еліміздің 11 аймағында жұмыс істейтінқамбалардың басым бөлігі, әрине, негізгі үш облысқа тиесілі. Көш басындаәдеттегідей Ақмола облысы. Ал, қамба көлемі бойынша екінші орында тұрғанҚостанайдың элеваторлары биыл бос қалмай ма деген сұрақ туындайды. Әрине, бұлжақтағы көрсеткішті жоғарыда айттық. Былтырғыдан екі еседей шығымы төмен. Оныңүстіне, көптеген өнімдер арасында піспей, көк күйінде қалып қалған дәндер менжауын-шашын салдарынан өніп кеткен дақылдар да аз емес. Міне, элеваторлардыңжұмысы осының салдарынан арта түседі. Демек, қостанайлық қамбаларды жұмыссыз,бос қалады деп айтуға болмайды. Бұл қамбалар жылдағыдан артық бомласа, кемжұмыс істемейтін болып тұр. Себебі, онсыз да сапасы сын көтермей тұрғанастықтың ары қарайғы тағдыры осы элеваторлардың жұмысына тікелей байланысты.Оның үстіне, күндіз-түні жұмыс істеп, астық атаулыны бір орыннан екінші орынға(кептіру үшін) жиі ауыстыруға мәжбүр болып отырған мамандардың да еңбегіұшан-теңіз.

Айта кетерлігі,ұнға жарамаған өнімдер де далада қалмайды. Егер астық сапасы 5 санатқажатқызылса, ол мал азығы үшін пайдаланылады. Мал азығына сақталатын өнімдердісол дымқыл күйінде сақтай салуға болады деп кім айтты? Элеваторда жұмысістейтін мамандар мал азығын кептіріп, сақтаумен де айналысады. Арнайы нормағакелтірілмеген азықты да қамбаға сақтауға болмайды.

Негізі, биылғыегін бітік-ақ шықты дейді мамандар. Тек, дәл егін орағы кезіндегі ауа райыныңқолайсыздығы қаншама қосымша жұмыс тауып берген. Дегенмен, биылғы бидайдың натурасыбылтырғыдан жоғары екенін айтады мамандар. Әрине, қолайсыз ауа райы туғызғанылғал негізінен өсімдіктің тамыры мен сабағына әсер етті, кейбір жақтардаегінді ұрып кетті. Сондықтан, көп жағдайда өнім көлемі жағынан шығындар болды.Бірақ, бидай тұқымын анау айтқандай бүлдірді деп айтуға болмайды. Ал, жалпыалғанда элеваторларға 3 санатты бидайлар өте аз келгенін ескерсек, сапаныңтөмендеу көрсеткішін ешкім жоққа шығара алмайды. 3 санатты бидайды негізіненкүз басында немесе жаз аяғында орылған бидайлар құрайды. Ал, уақыт созылғансайын бидай сапасы да төмендей беріпті. Тіпті, кей жағдайларда элеваторларға ылғалдылығы30 пайыздан асатын астық та келіп түскен. Бұл, әрине, элеватор иелері үшінорасан жұмыс, қаншама артық шығын. Бірақ, осы күнге дейін әріптестік деңгейдежұмыс істеп келе жатқан Қазақстан астық шаруашылығы бұл жолы да ауызбірліктаныта білді. Соның арқасында сапасының төмендігіне қарамастан ешқандай шаруаөнімім далада қалды деп шағынған жоқ. Жалпы алғанда, сапа соншалық нашар деугеде келмейді, өйткені, Қазақстан бойынша жиналған астықтың 68 пайызы 3 классқажатады.

Қазақстандықэлеваторлар заманауи үлгіге көшіп болды деуге болады. Құрал-жабдықтары да жаңа,техникалары да заманға сай. Бірақ, бұл бүкіл пролеманы шешіп тастамайды.Қазақстан астығының сапасын түсіретін тағы бір фактор бар. Ол – ұсақшаруашылықтар мен кейбір ірі шаруа қожалықтарының элеватор қызметіне жүгінбеуі.Әрине, олар өз қоймаларын өздері кептіріп, өздері астық сапасын бақылаудаұстағысы келеді. Дегенмен, мамандар мұны тиімсіз деп отыр. Өйткені, дизельжағармайы қымбат, ал, арзан деген газбен жұмыс істеу үшін арнайы маман жалдауғатура келеді. Оның үстіне, өздері салып алған жеке қамбалар ылғалдылығы жоғарыастықты сақтауға, кептіруге қауқарсыз. Қазір құйып тастағанмен, көктемге дейіндәндер бұзылып, диқанды көптеген шығынға ұшыратуы мүмкін. Сол себепті, көптегеншаруаларға элеваторға тасымалдап, сақтауға кеңес береді. Бұл біріншіден өнімніңсапасына кепілдік берсе, оның қауіпсіздігі үшін де жауап береді. Элеваторлардыңқызмет құнына тоқталсақ, бір тонна астықты қабылдап алу құны – 200 теңге. Оныңқұрамындағы ылғалдылық көрсеткішін де осы ақшаға зерттейді. Ары қарай кептіруқұны есептеледі. Егер, ылғалдылық көрсеткіші 20 пайыз болса, бір тонна бидайды500 теңгеге кептіреді, 25 пайыз болса – 600 теңге, одан асып, 36 пайыздықкөрсеткішке жетсе – 700 теңге. Астықты тазалау 40 теңге, бір ай сақтау құны –250 теңге тұрады. Ал, тиеу құны 1200 теңге.

Айта кету керек,биылғы әзірге бекітілген бидайдың құны әр түрлі. 3 классқа жататын бидайдыңтоннасы 70-75 мың теңгеге бағаланса, ең көп сұранысқа ие 4 санатты бидай – 56мен 62 мың теңге көлемінде бағаланып жатыр. Ал, 5 санаттағы бидай құны 52 мыңғадейін сатылуда.

Биылғықиындықтарға орай, дәнді дақылдарды кептіру бойынша министрлік қосымша көмекретінде 50 мың тонна жанар жағар май беру туралы шешім шығарды. Бұл да астықтыңсапасын арттыруға, қиын кездерде шаруаларға жасалған мемлекеттің көмегі депайтуға болады.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тоқтар ҒАБДІРЕШҰЛЫ 15:53
Батыс Қазақстанда азық-түлік бағасы ұшып тұр
Сайт әкімшілігі 10:49
Семинарға сенбеңіз, қаржылық сауаттылық туралы оқытқан алаяқ ұсталды
Қарлығаш Зарыққанқызы 20.11.2020, 09:33
Мемлекетке масыл болған банктер арқылы ДСҰ талаптарын орындай аламыз ба?!
Сайт әкімшілігі 19.11.2020, 16:09
2021 жылы жұмыссыздық дендесе 42 500 теңге төлене ме?
Сайт әкімшілігі 17.11.2020, 11:24
5 теңге – 1 долларға тең болған кез. Теңге қалай құнсызданды?
Қарлығаш Зарыққанқызы 16.11.2020, 10:45
Теңгені қалай қорғаймыз?!

Аңдатпа


  • Үгіт-насихат материалдарын "Жас Алашқа" ұсыну тәртібі туралы мағлұмат
    18:42
  • Семинарға сенбеңіз, қаржылық сауаттылық туралы оқытқан алаяқ ұсталды
    10:49
  • Ауыз шаюға арналған сұйықтық коронавирусты емдей ме?
    09:56
  • "Көлігім жоқ болса да қарыз төледім" - салық органдарына шағымданатындар көп
    21.11.2020, 11:05
  • Билбордтардан не пайда, жемқорлар саны азаймаса?
    21.11.2020, 10:52