Заң қабылданды: Шетелдік автокөліктерді 200 мың теңгеге бастапқы есепке қоюға болады

Сайт әкімшілігі

24.11.2022, 14:28

2439

Шетелдік автокөлікті Қазақстанда енді бұрынғыдай миллиондаған сомаға емес, 200 мың теңгеге бастапқы есепке қоюға болады. Мұндай заң бүгін Сенат қабырғасында қабылданды.

Қойылатын жалғыз шарт – көлік 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін елге келген болуы керек. Қазақстан Президенті өз Жолдауында қазақстандықтарға өз көліктерін заңдастыру құқығын беру туралы дәл осы күні тапсырма берген еді. Сенат бүгін заңды қабылдап, оны Мемлекет басшысына қол қоюға жіберді.

Бұл заңда кәсіпкерлерге да жағымды жаңалық бар. Онда олардың салық жүктемесін азайту туралы айтылған. Мәселен, егер қазір шағын және орта бизнес еңбекақы төлеу қорының 34,5%-ын төлеуі тиіс болса, келесі жылдан бастап олар бірыңғай төлемді өз еркімен төлей алады. Бұл іс жүзінде 2 есе аз – 20% болады, бірақ 2028 жылға қарай 26,3%-ға дейін біртіндеп өседі.

Бірқатар түзетулер азық-түлік тауарларының бағасына да оң әсер етуі керек. Қант, кондитерлік өнімдер мен ашытқы өндірушілер үшін қосылған құн салығының сомасы 70%-ға азаяды, ал қант шикізатын импорттаушылар ҚҚС төлеуден толығымен босатылады. Сондай-ақ, балық өңдеумен айналысатын кәсіпкерлерге ҚҚС төлемі 70%-ға төмендейді.

«Қабылданған заң инвестиция тартуға және бизнес-ортаны дамытуға қосымша құқықтық жағдай қалыптастырады. Атап айтқанда, жекелеген салаларда қосылған құн салығы бойынша жеңілдіктер беру арқылы өндірісті ынталандыру көзделіп отыр. Жаңа нормалар еңбекақы қорына жүктемені азайтуға мүмкіндік береді. Бұл – Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыруға арналған шара. Алдағы уақытта осы заң халыққа және бизнеске көрсетілетін қызметтердің сапасы мен деңгейін көтеруге мүмкіндік береді деп сенеміз», – деді Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев.

Тегтер: көлік мәселе

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 30.11.2022, 14:12
Зейнетақы жинағын алу: 2023 жылға арналған жеткілікті шек жарияланды
Сайт әкімшілігі 30.11.2022, 09:21
2023 жылы инфляция баяулай ма?!
Сайт әкімшілігі 29.11.2022, 13:59
Тауық етін тұтыну да арман болып жүрмесін...
Сайт әкімшілігі 29.11.2022, 09:25
Ресей мұнайының бағасы барреліне 52 долларға дейін төмендеді
Бифат ЕЛТАЕВА 29.11.2022, 08:52
Дәурен Сапарәліұлы: Дивиденд кепілді төлем емес екенін ескерген жөн
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 29.11.2022, 08:46
«Халықты байытамыз» десек, шенеуніктер тойынған жоқ...

Аңдатпа


  • Кеше мақтап, бүгін даттап, Жаңбыршиндер жүр қаптап...
    09:06
  • Қазақстанның тәуелсіздігі қыл үстінде тұр
    08:59
  • Назарбаев – елдің өткен шағы
    08:55
  • Барға бар, жоққа жоқ мемлекеттік бағдарламалар
    30.11.2022, 08:45
  • Мұғалім мәртебелі ме?
    30.11.2022, 08:43