Зейнетақы қорының активтері төмендеп жатыр

Сайт әкімшілігі

11.03.2021, 13:39

2004

Тұрғындардың зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алуына байланысты Ұлттық бірыңғай зейнетақы қоры жыл басынан бері 300 миллиард теңге активінен айырылды. Бұл туралы Ұлттық банк басшысы Ерболат Досаев айтты. 

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының активтері халықтың қаражатты мерзімінен бұрын алуына байланысты жыл басынан 0,3 триллион теңгеге немесе 12,6 триллион теңгеге дейін 2,0 пайызға төмендеді. Салымшылар енгізген зейнетақы жарналарының көлемі 191,7 миллиард теңге, зейнетақы төлемдері — 60,1 миллиард теңге болды», — деді ол.

Досаевтың айтуынша, осы жылдың басынан бері есептелген инвестициялық кіріс мөлшері 222,9 миллиард теңге болған.

«Биыл жылдың алғашқы екі айының қорытындысы бойынша, инфляция 1,3 пайызда 1,7 пайыз мөлшерінде кіріс түсті. Нақты кіріс инвестициялық қызмет, сондай-ақ зейнетақы активтерін нарықтық және бағамдық қайта бағалау нәтижесінде қамтамасыз етілді», — деді Ұлттық банк басшысы.

Тегтер: зейнетақы жинағы баспана сатып алу тұрғын үй құрылыс қор қаражат

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

М.СӘУЛЕБЕК 19.05.2022, 14:34
Жұмыссыздықпен күрестің тиімді тәсілі – шағын кәсіпкерлік
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 19.05.2022, 08:56
Сор болған стрестік активтер
М.СӘУЛЕБЕК 18.05.2022, 15:47
Кәсіпкерлікті арттыру «донор» өңірлер санын арттырады
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 18.05.2022, 06:20
Қалтырауық үкімет
Қуаныш ӘБІЛДАҚЫЗЫ 17.05.2022, 05:13
Халықты тонаудың бір әдісі
Сайт әкімшілігі 16.05.2022, 12:35
Бүгіннен бастап елімізде жеңілдетілген автонесие беріледі

Аңдатпа


  • Мусин міз бақпайды
    19.05.2022, 08:52
  • Сор болған стрестік активтер
    19.05.2022, 08:56
  • Балалар жылында балалар неге шеттетіледі?
    19.05.2022, 08:40
  • Қалтырауық үкімет
    18.05.2022, 06:20
  • Қонаев кімнен кем, кімнен артық еді?
    18.05.2022, 06:17