Зейнетақы жинағын алу: БЖЗҚ 49 миллиард теңгеге өтінім мақұлдады

Сайт әкімшілігі

27.01.2021, 16:15

2045

БЖЗҚ-ға зейнетақы жинақтарын алуға өтінімдер қабылдаудың алғашқы күні 10 мыңнан астам өтініш келіп түсті, — деп хабарлайды  «Жас Алаш» Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Өтінімдерді қабылдаудың бірінші күнінде-ақ, яғни  2021 жылдың 25 қаңтарында  «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ  уәкілетті операторынан  «БЖЗҚ» АҚ-ға  жалпы сомасы 114,6 миллиард теңгеден аса сомаға 10 292 өтінім келіп түсті. Барлық келіп түскен өтінімдерді «БЖЗҚ» АҚ сол күні-ақ, еш кідіріссіз қарады. 8 460 өтінім  тексеруден сәтті өтті. Заңнамаға сәйкес «БЖЗҚ» АҚ-ға өтінім келіп түскен күннен бастап 5 жұмыс күнінен кешіктірілмей, салымшылардың «Отбасы банкі» АҚ арнайы шоттарына шамамен 49,2 миллиард теңге аударылады. Аударымның орташа сомасы – 5,8 миллион теңге", — делінген хабарламада. 

1832  (немесе 18 пайыз) өтінімді заңнама талаптарына сәйкес келмейтіндіктен  «БЖЗҚ» АҚ төмендегі негізгі себептер бойынша қабылдамады: 

1. Сомалар қате, яғни шоттағы зейнетақы жинақтарының көлемінен асыра көрсетілген. Сондықтан өтінімдерді «Отбасы банкі» ұсынымдарын басшылыққа ала отырып, мұқият толтыру керек.

2. Жеке табыс салығын (ЖТС) төлеу тәсілін таңдау кезінде алуға сұраныс жасалатын сомалар дұрыс көрсетілмеген. Салық заңнамасы бойынша міндетті зейнетақы жарналарына Қорға аударылған кезінде ЖТС салынбайды, сондықтан зейнетақы төлемдеріне салық салынуы тиіс. Салымшы біржолғы зейнетақы төлемін алған кезде ЖТС төлеудің екі тәсілін таңдауға құқылы. Бірінші тәсіл — кейінге қалдыру, екінші тәсіл — біржолғы зейнетақы төлемі кезінде салықты толық көлемде бірден төлеу. Салымшының шешімі уәкілетті операторға берілетін өтінімде көрсетілуі тиіс.

Егер өтініш беруші ЖТС төлеуді кейінге қалдыру туралы шешім қабылдаса, онда ол өтінімде сұратылатын соманы ЖТС-ты шегерместен көрсетуі тиіс. Егер өтініш беруші ЖТС-ты толық көлемде бірден төлеуді ұйғарса, онда ол өтінімде алуға болатын соманы 10% мөлшеріндегі ЖТС-ты шегере отырып көрсетуге тиіс. БЖЗҚ беретін үзінді көшірмеде салымшыға ыңғайлы және өз бетінше таңдау жасау үшін екі сома да көрсетілген. Салымшы көрсететін, алуға болатын сома БЖЗҚ-дан оның уәкілетті операторда ашылған арнайы шотына түседі.

3. Өтінімде алуға сұраныс жасалатын сомалар ең аз жеткіліктілік шегін есепке алмастан көрсетіледі. Салымшылар өз өтінімдерінде алуға болатын және үзінді көшірмеде көрсетілген сома шегінде емес, жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының барлық сомасын көрсеткен.

4. Өтінімдерде валюта бағамдарының құбылмалылығы және зейнетақы активтерінің инвестициялық портфеліндегі қаржы құралдары құнының өзгеруі нәтижесінде инвестициялық табыстың нарықтық ауытқуына байланысты өзгерістерді ескермейтін өзекті емес сомалар көрсетілген.

5. «БЖЗҚ» АҚ деректер базасында жеке зейнетақы шоттары және тиісінше зейнетақы жинақтары жоқ тұлғалардан да өтінімдер түскен.

6. Салымшылар бірін-бірі қайталайтын өтінімдер де берген.

«Осы жағдайларды ескеріп, азаматтарға өздерінің зейнетақы жинақтары туралы өзекті ақпаратты, оның ішінде қолжетімді сома туралы мәліметтерді enpf.kz сайтындағы жеке кабинеттен немесе Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының мобильдік қосымшасы арқылы біржолғы зейнетақы төлемдерін алуға тікелей өтінім берер алдында мұқият тексеруге кеңес береміз. Зейнетақы жинақтары туралы ақпарат „Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы“ ҚР Заңының талаптарына сәйкес зейнетақы жинақтарының құпиясын қамтамасыз ету мақсатында салымшының өзіне ғана беріледі», — деп ескертті ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

Естеріңізге сала кетейік, салымшының  БЖЗҚ-да жеткілікті шегінен асатын сомасы болған жағдайда, оны пайдалануға өтінім шексіз рет берілуі мүмкін. Егер қандай да бір себеппен салымшыға біржолғы зейнетақы төлемін алуға арналған өтінімді қанағаттандырудан бас тартылса, онда бас тарту себебін жойып, уәкілетті операторға қайтадан өтінім беруге болады. Егер салымшы өз жинақтарын әртүрлі мақсаттарға пайдаланғысы келсе, онда алуға болатын сома шегінде осы мақсаттарға жеке өтінімдер беруге болады.

Сондай-ақ, өтінім беруге және зейнетақы жинақтарын тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу үшін нысаналы пайдалану шарттарына байланысты барлық мәселелерді уәкілетті оператордың «бір терезе» қағидаты бойынша қарайтынын және БЖЗҚ-ға жеке өтініш беру қажеттігі талап етілмейтінін естеріңізге саламыз.

БЖЗҚ-ның барлық техникалық және ақпараттық ресурсы штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 10.06.2021, 08:40
Ерғалиевтің «ерен» реформасына ел не дейді?
Қарлығаш САЙЛАУБАЕВА 07.06.2021, 10:03
Халықты асырайтын ауыл болады, үкімет мұны қашан сезінеді?!
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 04.06.2021, 10:38
Жасыл энергияға көшу – әлем көшіне ілесудің кепілі
Нұрсұлу МЫРЗАХМЕТ 04.06.2021, 08:48
«Қазақтелеком» қан қақсатып тұр
Сайт әкімшілігі 03.06.2021, 12:55
Ashyq жобасы - Kaspi.kz қосымшасында
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 03.06.2021, 12:06
Шенділердің қырсыздығы шаруаларға қашанғы қолбайлау болады?

Аңдатпа


  • Кім кінәлі?: Жауап берсін!
    11.06.2021, 11:11
  • Ресей деградацияға ұшырауда
    10.06.2021, 10:33
  • Түнгі жол (Әңгіме)
    08.06.2021, 12:00
  • Жеңсең, жүз атаң табылар еді...
    08.06.2021, 10:30
  • Қазақ тілінде оқымаған бала ұлттың ұлы бола ала ма?
    03.06.2021, 09:02