Зейнетақы жинағына үй сатып алуға қандай құжаттар керектігі анықталды

Сайт әкімшілігі

11.02.2021, 09:51

3580

Отбасы банкі зейнетақы жинағын пайдаланы отырып, ипотекасыз тұрғын үй сатып алу (толық сатып алу) кезінде қандай құжаттар керек екенін желідегі парақшасында жариялады.

  45 күннің ішінде​ сатушымен бірге Халыққа қызмет көрсету орталығына немесе​ нотариусқа барып сатып алу – сату келісім шартын рәсімдеп, қаражаттың мақсатты қолданылатынын растау үшін​ келесі құжаттарды enpf-otbasy.kz онлайн платформасына PDF форматында жүктеу қажет:

1.​ ​ ​Уәкілетті орган тіркеген тұрғын үйді сатып алу-сату шарты.

2.​ ​ ​Мемлекеттік тіркеу туралы анықтама. (сатып алу-сату шартын тіркеген мекемеден алынады ХҚКО немесе нотариус)

3.​ ​ ​Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар туралы және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама (egov.kz — арқылы алуға болады)

1 және 2 құжаттарды бір PDF файлға жүктеу керек. Егер сіздің сканер PDF форматындағы құжат жасай алмаса, онда www.ilovepdf.com сайты арқылы кез келген JPEG, PNG немесе басқа форматтағы құжатты PDF — ке тегін ауыстыра аласыз.

Құжаттарды жүктеген соң қаражатты сатушыға аудару туралы өтінішке ЭЦҚ көмегімен қол қойыңыз.

10 жұмыс күні ішінде қаражат сатып алу – сату келісім шартында көрсетілген деректемелер бойынша сатушының шотына түсетін болады.

Еске салсақ, бұған дейін аталған платформада пәтер сатып алу немесе займды өтеуге арналған құжаттарды жүктегенге дейін бірреттік зейнетақы төлемін алған соң оған туысыңыз берген қаражатты қосу мүмкіндігі берілген еді.

Тегтер: зейнетақы жинағы баспана сатып алу тұрғын үй құрылыс қор қаражат

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Оразәлі СӘБДЕН 20.01.2022, 17:41
Өзгеретін кез келді
Нұрсұлу МЫРЗАХМЕТ 20.01.2022, 14:13
Сенатор Ақылбек Күрішбаев: «Жалған статистика ауылдағы нақты жағдайды көрсетпей отыр»
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 20.01.2022, 08:50
Байлар 30 жыл «жиып-тергенін» «Қазақстан халқына» қия ма?!
Сайт әкімшілігі 18.01.2022, 11:40
Жаңа министр Қазақстан экономикасын қалай қуаттандыратынын айтты
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 18.01.2022, 08:38
Қазақты байытпаған «Самұрық-Қазына» «Жаңа Қазақстанға» жеткізе ме?
Сайт әкімшілігі 17.01.2022, 09:49
Тимур Құлыбаев "Атамекен" ҰКП төрағасы қызметінен кетті

Аңдатпа


  • Байлар 30 жыл «жиып-тергенін» «Қазақстан халқына» қия ма?!
    20.01.2022, 08:50
  • Біреуге бас қайғы, біреуге «мал» қайғы
    20.01.2022, 08:49
  • Алматыны «терроризм астанасы» етпек болды
    20.01.2022, 08:48
  • Қазақстанда билік төңкеріледі - үндістандық көріпкел Арченаның айтқаны келді
    19.01.2022, 00:00
  • «Аш адам ұрысқақ келетінін» ұмытпасақ екен...
    19.01.2022, 08:48