Зейнетақыны пайдалануда 10% салық ұстау жөніндегі заңды Мәжіліс кері қайтарды

Сайт әкімшілігі

24.11.2020, 14:18

1598

Бүгін депутаттар «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодекске (Салық кодексі) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына Сенат енгізген өзгерістер мен толықтыруларды қолдады.

Аталмыш заң жобасы бойынша:

— Жеке тұлғаларға зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамаға сәйкес біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдаланған кезде жеке табыс салығын төлеу мерзімін ұзарту құқығын беру, сондай-ақ оны есептеу, ұстап қалу және төлеу тәртібін айқындау;

—  пандемиядан зардап шеккен секторларда жұмыс істейтін шағын және орта бизнес субъектілеріне айналымнан бөлшек салық төлеу құқығын беру үшін бөлшек салықтың арнайы салық режимін енгізу;

— биылғы жылдың соңына дейін Үкімет белгілеген қызмет түрлерінің тізбесі бойынша экономиканың неғұрлым зардап шеккен салаларындағы микро-, шағын және орта бизнес субъектілеріне бюджетке төленуге жататын әлеуметтік салық сомасын есептелген әлеуметтік салық пен әлеуметтік аударымдар сомасының арасындағы айырма ретінде белгілеу құқығын беру;

 - жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық және жеке тұлғалардың жер салығы бір төлемге біріктіріледі, көппәтерлі үйлердің тұрғындары үшін жер салығын төлеу тоқтатылады;

— көлік салығын төлеу мерзімін ағымдағы жылдың 31 желтоқсанынан келесі жылдың 1 сәуіріне ауыстыру;

— Жеке тұлғаларға қызметтер мен тауарларды электронды түрде сататын шетелдік интернет-компаниялар қосылған құн салығын төлеуге міндетті болады («Google салығы»).

Айта кетейік, зейнетақы жинағын пайдалану кезінде жеке табыс салығы төлеуді кейінге қалдыру туралы түзетуді сенаторлар енгізіп, заң жобасын Мәжіліске қайтарды.

Қазіргі заң бойынша, егер қазақстандық өз жинағын шешіп алса, ол сомадан 10 пайыз табыс салығы ұсталады. Ал бұл ұсыныста біржолғы алу кезінде салықты ұстап қалмау айтылады.

Енді бұл заң жобасы Қазақстан Президентіне жолданады.

Тегтер: зейнетақы жұйесі экономика халық нарық болашақ қамсыздандыру бастама жоспар шара жинақ келешек қаражат

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 14:12
Қазақстандағы ресейлік банктердің шотындағы 9,2 млрд теңге бұғатталды
М.СӘУЛЕБЕК 19.05.2022, 14:34
Жұмыссыздықпен күрестің тиімді тәсілі – шағын кәсіпкерлік
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 19.05.2022, 08:56
Сор болған стрестік активтер
М.СӘУЛЕБЕК 18.05.2022, 15:47
Кәсіпкерлікті арттыру «донор» өңірлер санын арттырады
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 18.05.2022, 06:20
Қалтырауық үкімет
Қуаныш ӘБІЛДАҚЫЗЫ 17.05.2022, 05:13
Халықты тонаудың бір әдісі

Аңдатпа


  • Келесте 14 мал ұрлығына қатысы бар топ ұсталды
    10:30
  • Мусин міз бақпайды
    19.05.2022, 08:52
  • Сор болған стрестік активтер
    19.05.2022, 08:56
  • Балалар жылында балалар неге шеттетіледі?
    19.05.2022, 08:40
  • Қалтырауық үкімет
    18.05.2022, 06:20