Зейнетақының зейінін қалай ашамыз?

Айжан БҮРКІТБАЕВА

06.10.2020, 04:10

4613

Тірнектеген тиынымызбен келесі айға жете алмай, тәнтіректеп қаламыз ба деген зейнеткерлерде уайым басым.  Жаңа жылда өсім туралы жаңалық күтетін қариялар мардымсыз зейнетақыдан шаршаған. Биыл зейнетақы көтеріледі деп бір қуантып, салымды 15 пайызға арттырдық деп бір жұбатып алатын үкіметтің үкімі «әйтеуір зейнетақым көбейіпті» деп бір айтуға болатындай етіп бағдарлайды. Сонымен қатар биыл тағы да биліктегілердің жаңа ережесінің есесін есіртіп жатырмыз.  Әрбір жұмыс беруші  қызметкердің 10 пайыздық міндетті зейнетақы жарнасынан бөлек, 5 пайызды өз қалтасынан аударуға тиіс. Дәл осы 5 пайыз қызметкердің меншігі болып есептелмейді. Қаражат бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының актив құзырлығында болады. Бұл мемлекет жыртығын жамауды, олқылықтардың орнын толтыруды қоғамға жүктеп қойды деген сөз. Билік азаматтарды тесік шелекпен су тасуға мәжбүрлеп отырған жоқ па? Әр азаматтан қайтарымсыз 5 пайыз зейнетақы жарнасын жиыстыру – заңдастырылған тонаудың бір түрі. Жыртық жамаймыз деп, зейнетақының зейінін ашпай, алдымен, өзгенің қалтасына түсетін шенеуніктердің тәбетіне тосқауыл қою керек.

Осы тұрғыда тәжірибелі экономист Мақсат Халық былай деп пікір білдірді:

Бүгінге дейін зейнетақы қоры тиімді жұмыс істеп келген жоқ. Биыл инвестициялық кіріс инфляциядан да төмен болғандықтан, жинақтарымызды инфляция жеп жатыр. Нәтижесінде,  қартайған кезде азаматтарамыз өте төмен дәрежедегі зейнетақыға алуға мәжбүр болады. Неге? Себебі, ол жақтағы қаражат тиімді басқарылмаған. Әзірбайжан банкіндегі жағдайды мысал ретінде алсақ болады. Біздің зейнетақы қорының ақшасы сол жаққа салынды. Кейін ол банк банкротқа ұшырады. Нәтижесінде, ол жақтағы көптеген қаражаттан айырылып қалдық. Халық банкі Әзірбайжан банк рейтингіндегі тұрақсыздығына байланысты бірден өзінің қаражатын алып кетсе, бұндай жағдай болмас еді. Әзірбайжан үкіметі қайтарып береміз деп уәде берді. Бірақ ол қаражатты ешқандай пайызсыз және ұзақ мерзімге дейін созып тастады. Әрине, осыдан кейін зейнетақы қаражаты тиімділігін мүлдем жоғалтып алды. Тура сол сияқты «Бузул Аурум» деген компания құрып, 5 млрд теңгеге дейін зейнетақы активтерін талан-таражға ұшыратқан жағдай да болған. Осындай жағдайларды және де зейнетақы қорындағы қызмет етіп жатқан азаматтардың өте үлкен көлемдегі жалақысын, жақсы офистерін, қымбат көліктер мініп жүргенін көріп, қаншалықты олар қаражатты тиімді игеріп жатыр деген сұрақ туындайды. Зейнетақы қорындағы халықтың қаражаты тиімді жинақталмаған. Сол үшін халық сенбейді. Ол жаққа жинақтағаннан гөрі қаржыны бүгін қажеттілігіме жұмсайын деген ой туындайды. Сондықтан көбісі зейнетақы қорына ақша салуға, шот ашуға ынталы емес.

Тағы бір мәселе бар. Халықаралық дәрежеде қарайтын болсақ Еуропа елдеріндегі халықтың күні тек зейнетақыға қарамайды. Олар зейнетақы қорынан бөлек, сақтандыру қорына да ақша жинайды. Сонда зейнетке шыққан кезде зейнетақы қорынан да, сақтандыру қорынан да ақша алып отырады. Нәтижесінде зейнет жасында таршылық көрмейді. Және де оларда күнкөріс деңгейі жоғары. Өкінішке орай, бізде олай емес. Бұл жерде екі фактор бар. Бірінші, зейнетақы қорындағы қаражатты тиімді басқаруға мүмкіндік берілуі керек. Қазір зейнетақы активтерін басқартуды мемлекет меншігінен алып жеке секторға, арнайы компанияларға беру керек деген мәселе көтеріліп жатыр. Мен оны белгілі дәрежеде қолдаймын. Зейнетақы қорындағы қаражаттың көп бөлігі мемлекеттің өте төмен дәрежедегі құнды қағаздарына салынып жатқан жағдайлары бар. Ал егер бұған жеке компаниялар иелік ететін болса, онда олар тіршілігі төмен қағаздарға ақшаны салмайды. Керісінше, оны тиімді құнды қағаздарға әрекеттейді. Оның кірістілігі де артады. Зейнетақы қорын басқаратын мықты менеджерлер керек. Және халық та бұған саналы түрде дайын болуы тиіс.

Екінші фактор, бізде зейнетақы қорына салым дұрыс салынбайды. Көптеген азаматтарымыз «20-30 жыл жұмыс істейміз, бірақ зейнетақымыз көрсетілген шекке жетпейді» деген арыз-шағымдар білдіріп жатады. Мұның  себебі, айналып келгенде халықтың табысы төмендігіне тіреледі. Сондықтан да, мемлекеттің, үкіметтің алдында тұрған үлкен міндет – халықтың табысын арттыру. Және де қазір пандемияға байланысты жұмыссыздық өршіп тұр. Мемлекет бірінші шешуге тиіс мәселе  жұмыс орындарын сақтап қалу, жаңа жұмыс орындарын ашу болып тұр. Егер халықтың табысы артса, зейнетақы қорына салынатын салым да көбейеді.  

Елдегі 2020 жылғы зейнетақы мөлшерінің ең төменгі көрсеткіші 40 411 теңге болып бекітілген. Ал орташа бағам 80 мыңның үстінде. Бұл – ресми көрсеткіштер көрінісі ғана. Зейнетақысы өссе, азық-түлік бағасын қоса ертіп жүретін біздің қоғам 80 мыңға селк етпейді. Оның үстіне көкқағазымыздың құндылығын жоғалтқаны тағы бар.

Алматы қаласы Момышұлы көшесінен күннің ызғарында қайыр тілеп отырған әжейді көзіміз шалды. Әңгімеге тартып, не мақсатпен отырғанын сұрадық. Зере әженің өткен-кеткенге алақан жаю себебі, зейнетақының жетіспеуі мен  тұрмыс таршылығы екен:

Жасым 75-тен асты. Күйеуімнен ертеректе көз жазып қалғанмын. Ұлымның да еміне ақша таппай, ол да бақилық болды. Содан бері жалғызбын. Бір көзім көрмейді.  Денсаулығым да мәз емес. Зейнетақым 40 мың теңге. Бүкіл ақшам дәрімен кетеді. Өзім Ұзынағаштан ары тұрам. Тамағыма, су, светімен ақша керек болған соң, осылай қалаға келіп қайыр тілеуге мәжбүрмін. Себебі, жұмысқа жасым да, денсаулығым да  жарамайды. Осылай күнелтпеске басқа амалым жоқ.

Шетелдегі зейнетақы көлемі қандай?

Әлемдегі ең жоғары зейнетақы мөлшері даниялықтарға тиесілі екен. Олар айына шамамен, 3 000 АҚШ долларын қалтасына қайырады. Одан кейінгі орынға Финляндия жайғасқан. Кейінгі жүлделі орындарды Норвегия, Израиль, Германия, Испания, АҚШ иемденеді.

Іргелес Ресейдегі орташа зейнетақы мөлшері – 560 долларды құрап тұр. Біздің елдегі орташа зейнет төлемін АҚШ валютасымен есептесек, 200 долларды ғана дәруіштеп қалады. Кезінде Қазақстанмен бірге КСРО құрамында болған елдерде орташа зейнетақы мөлшері Латвия – 570, Литва – 590, Эстонияда – 680 доларды көрсетеді. Бұл бізбен салыстырғанда, 2-3 есеге артық көрсеткіш.

Еуропа елдерінің зейнет төлеміне көз жүгіртсек, Венгрияда – 900, Чехияда – 950, Польшада – 1080, Португалияда бізден 6 есе көп – 1340, Германияда – 1860, Францияда – 1940,  Испанияда – 1990, ал Норвегия елінде орташа зейнетақы мөлшері  – 2110 долларды көрсетеді.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Еркенұр ҚОНЫСБАЙ 06.06.2023, 09:00
Жалған кәсіпкерлер, алаяқ аналар
Сайт әкімшілігі 05.06.2023, 09:14
ОПЕК+ мұнай өндіруді азайту келісімін 2024 жылдың соңына дейін ұзартты
Сайт әкімшілігі 05.06.2023, 09:00
1 шілдеден бастап газ қымбаттайды
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 01.06.2023, 10:11
Жұманғариннің жиналыстары. Бас шұлғитын әкімдер, орындалмайтын тапсырмалар
Сайт әкімшілігі 29.05.2023, 10:01
Зейнетақы қоры қазақстандықтарға үндеу жолдады
Сайт әкімшілігі 25.05.2023, 06:23
Электромобильді кедендік бажсыз ресімдеу тәртібі туралы

Аңдатпа


  • Ораловтың барында...
    06.06.2023, 10:17
  • Ұстағанның қолындағы, тістегеннің аузындағы қазақ ураны
    06.06.2023, 09:46
  • Жалған кәсіпкерлер, алаяқ аналар
    06.06.2023, 09:00
  • Өзбекстан қай жолды таңдады?
    02.06.2023, 10:15
  • Жұманғариннің жиналыстары. Бас шұлғитын әкімдер, орындалмайтын тапсырмалар
    01.06.2023, 10:11