Жалдамалы жұмыс жарылқай ма?

Айнұр ӘЛИ

14.10.2021, 13:00

880

Аптап ыстықта ескі базардың маңында жалдамалы жұмысшылар үйіліп тұратын. Қымбат көлік жүйтки келіп тоқтағанда әлгілер сұраулы жүзбен қарайтын. Мейлі, қандай жұмыс болса да, ақысын жемесе болғаны. Бұл – бұрындары. Ал қазір ше?

Каир елді мекенінде, Сфинкстен оңтүстікке қарай 400 метр қашықтықта ерекше қала орналасқан. Оны әдетте «Пирамида тұрғызушылар қаласы» немесе арабша «Хейт-аль-Гураб» деп атайды. Оған 4,5 мың жыл болған. Пирамиданың құпиясына қызыққан ғалымдардың пайымынша, Мысыр пирамидаларын құлдар емес, жалдамалы жұмысшылар тұрғызған деседі. Бірінші кезекте құрылысшылардың жұмыс сапасына басты назар аударған. Ал сапалы жұмыс істеудің нәтижесі тәтті тағамдар жеумен байланысты болса керек. Елді мекеннің оңтүстік бөлігінде жануарларға арналған қораның орнынан төрт түлік мал мен жануарлардың сүйегі табылған. Сенесіз бе? Жалдамалы жұмысшылар күніне 2 тонна ет жеген. Ол қойдың, қозының еті болса керек-ті. Калориясы көп тағамдар жеп қана қоймай, медициналық тексеруден өткен екен. Осыдан-ақ олардың еңбегі жоғары бағаланғанын көруге болады.

Ал бүгінде күнделікті тапқан нәпақасын отбасына жеткіземін деп жүріп, уақтылы ақшасын ала алмай жүргендер бар. Жұмыссыздықтан шаршағаны өз бетімен күн көрудің жаңа жүйесіне көшкенді жөн санайды. Ол – жалдамалы жұмыс. Әлгінде айтқандай, базар маңында емес, қазір жаңа түрін іске асырып, тепсе темір үзетін жігіттер жалдамалы жұмыспен осылай айналысуды жөн санаса керек-ті. Жігіті былай тұрсын, қыз-келіншектер де қатарға қосылып үлгерді. Олар ғаламторда белгілі бір жұмыс ұсынады. Әрі ұсынған жұмысты да бағасына қарай келісіп жасайды.

– Қолымда диплом жоқ. Тұрақты жұмысқа да орналаса алмадым. Өз күнімді өзім көру үшін үй ақтап, жалдамалы жұмыс жасаймын. Өзіме ыңғайлы. Бағасы да қымбат емес. Бөлменің көлеміне байланысты 2000 теңгеден басталады. Жоғарғы қабырғасы бар үлкен бөлме болса 3000-3500 теңге. Тапсырыс көп бола бермейді. Бірақ көктем мезгілінде артады. Бір ғана жұмыспен тоқтап қалмай, қосымша сылақ сылау, үй тазалау, бала күтуші сияқты жұмыстарды да істеймін. Ай сайынғы жәрдемақы азық-түліктен артылмайды. Балалардың киімі, оқу-құралы бар дегендей. Сол үшін өлместің қамы ғой бұл, – дейді Асыл Бейімбетова (есімі өзгертілген).

 Қазір көп жастар Алматыда арман қуып емес, «стройкада» кірпіш өріп, нәпақасын тауып жүр. Айтатыны – «керегімді өтейді». Құрылыс материалдары қанша қымбаттағанымен, түрлі нысандар бой көтеруде. Оның ішінде қарапайым халық та бастаған істі аяқтауға мәжбүр. Осындайда сырттан келген жалдамалы жұмысшылар көмекке келеді. Айтпақшы, беріде шетелдік жалдамалыларға арналған ережеге өзгеріс еніп, тәртіп тұрақталып қалған-ды. Осының өзінде де заңды айналып өтіп, жалдамалыларға жебеуші болып, сол арқылы пайда тапқысы келетіндер жеткілікті.

Қазір елде 300 мыңнан астам адам зиянды және қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істейді екен. Кәсіби аурулар бастапқы сатысында нашар анықталады. Кәсіптік патологиялық көмек жеткіліксіз, кәсіби ауруларды анықтау деңгейі нашар. Қазақстанда кәсіптік аурулар мәселесі  мұқият көңіл бөлуді талап етуде. Сондықтан өтемақы төлемеу үшін жұмыс берушілер кәсіптік аурулардың алғашқы белгілері анықталысымен не араға уақыт салып жұмысшылардың құрамын жаңартуға, науқас жұмысшыларды сау жұмысшылармен алмастыруға тырысады. Өзінің барлық жемісті жылдарын зиянды жағдайларда жұмыс істеуге жұмсаған жұмысшыларға мұндай көзқарасты болдырмау үшін қауіпті нысандарда жалдамалы жұмыс күшін пайдалану әсте болмайды. Осындайда олардың құқығы толық қорғалмағанын аңғарасың. Ал нәпақа іздеп келген гастарбайтерлердің заңды жиі бұзуы сырттан ағылғанның бәрі жақсы ниетпен келіп жатпағанын көрсетеді емес пе?

Тегтер: жұмыссыдық диплом жастар

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Нұрай РАХЫМ 20.10.2021, 10:19
Жаңа кен орындары игерілмек
Еңлік АБАҒАН 20.10.2021, 09:12
Ауғанстанға астық беру – пиар
Тоқтар ҒАБДРЕШҰЛЫ 19.10.2021, 14:24
Батыс Қазақстан башқұрттармен бизнес жасамақ
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 19.10.2021, 08:23
«Досаевқа – «2», үкіметке – «-1»
Сайт әкімшілігі 18.10.2021, 15:39
Ауыл шаруашылығы министрі ұн мен астық неге қымбаттағанын түсіндірді
Еркежан АРЫН 16.10.2021, 16:24
Қазақстандағы электрондық сауданың даму қарқыны жоғары

Аңдатпа


  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30
  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31