Жалпы ішкі өнім 3 пайызға төмендеді

Сайт әкімшілігі

09.09.2020, 10:17

660

2020 жылдың қаңтар-тамыздағы қорытындысы бойынша жалпы ішкі өнім 3 процентке төмендеді. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов мәлімдеді.

«2020 жылдың қаңтар-тамыз қорытындысы бойынша елдің әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелері мынадай: жылдық инфляция 7,0%-ке дейін бәсеңдеді. Тауарлар өндірісі 1,7%-ке өсті. Сонымен бірге, көрсетілетін қызметтер 6,1%-ке қысқарды. Жедел деректер бойынша, жалпы ішкі өнім 3,0%-ке төмендеді»,  — деді Дәленов үкімет отырысында.

Ол тамыздың екінші жартысында қызмет секторының бірқатар саласы жұмысты қайта бастағанын атап өтті. Экономиканың нақты секторында өсім сақталып отыр. Олар – құрылыс, ауыл шаруашылығы және өңдеу өнеркәсібі. Дайын өнім тауарлары экспортының ұлғаюы байқалады.

«Нақты сектор бәсекеге қабілеттіліктің жақсы нәтижелерін көрсетуде. Мәселен, есепті кезеңде автомобиль жасау 51,8%-ке, фармацевтика 34,1, дайын металл бұйымдары 18,8, қағаз өнімдері 15,3 және жеңіл өнеркәсіп 11%-ке өсті», — деді министр.

Есепті кезеңде әлемнің 105 еліне экспорт жасалған.

Жеті айда сыртқы сауда айналымы 48,7 миллиард долларды құрады. Экспорт 28,6 миллиард долларды, импорт – 20,1 миллиард доллар.

Сауда балансының оң сальдосы 8,5 миллиард доллар деңгейінде сақталуда

Тегтер: жалпы ішкі өнім экономика нарық төмен дағдарыс экспорт импорт қарым-қатынас

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 28.09.2020, 17:13
Жемқорлықты бақылау көрсеткіші артып келеді
Сайт әкімшілігі 28.09.2020, 15:45
Ұлттық банк теңгенің әлсіреуіне қатысты түсінік берді
Сайт әкімшілігі 28.09.2020, 14:06
Доллар күрт төмендейді-сарапшы
Сайт әкімшілігі 28.09.2020, 12:13
Қазақстанда доллар қымбаттап жатыр
Сайт әкімшілігі 25.09.2020, 10:26
Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
Еркежан АРЫН 24.09.2020, 10:35
Кәсіпкерлерді қолдайтын жобалардың бабын келістіре алдық па?

Аңдатпа


  • Ұлттық банк теңгенің әлсіреуіне қатысты түсінік берді
    28.09.2020, 15:45
  • «Shymkent bike» қызметін пайдаланушылар көбейді
    26.09.2020, 15:01
  • Үш мыңға жуық медицина қызметкеріне біржолғы төлем берілді
    28.09.2020, 11:16
  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    25.09.2020, 10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43