Жамбыл облысында төрт түлік саны көбейіп келеді

01.09.2019, 19:55

10

ҚазақҚамбар ата тұқымы деп әспеттеген, «жесең ет, ішсең қымыс, мінсең көлік» деперекше қадір тұтқан, тіпті, «ер қанаты» деп қасиетті санаған жылқы малынаежелден ерекше мән берген. Жаңа заманда да жылқыны шаруашылыққа пайдаланудыжалғастырып келеді. Әсіресе, соңғы кездері жылқының сүті – қымыз өндірудеерекше өсу байқалады. Өйткені, қымыздың денсаулыққа пайдасы туралы жиі айтылабастады. Бие байланған желі басына саумал ішу үшін кезекте тұрған қазақстандықтардыда кқптеп көруге болады. Ал енді жылқының еті туралы айтып жатудың өзі артықшығар. Бәзбір елдер жемейді екен дегенмен, жылқы етінің пайдасы да үшан-теңізекені жайлы да аз айтылып жүрген жоқ. Осының арқасында жылқы етіне де сұраныс артыпкеледі. Міне, осындай жағдайда Қазақстанда жылқы санының артуы заңды. Бүгін бізжылқы шаруашылығы ғана емес, төрт түлік малдың барлық түрі бойынша жоғарғы өсімкөрсеткен Әулиеата өңірі – Жамбыл облысы туралы сөз қозғаймыз.

Айта кету керек,биыл Жамбыл облысында ауыл шаруашылығы бойынша барлық салада дерлік тұрақты өсудинамикасы байқалады. Егін шаруашылығы бойынша барлық шаруа уақытымен шешіліп,егінге орақ түсіп, біраз аудандар қамбасын астыққа толтырып үлгерді. Жалпыоблыс бойынша биыл 333 мың 526 гектар жерге егін егілген болса, қазіргі таңдаоның 328 мың 493 гектар жері орылып үлгерді. Бұл тамыз айындағы жалпыкөрсеткіш. Одан бері күн санап біраз шаруа атқарылып жатқаны белгілі. Текөңірдегі таулы аймақтардың жекелеген шаруашылықтарында ғана егін орағы жалғасыпжатқанын ескерсек, егін орағы түгелге жуық аяқталды деуге болады. Мәліметкежүгінсек, облыс бойынша орта есеппен әр гектардан 22,7 центнерден егін түсіп,бүгіндері 746 мың 703 тонна астық жиналған. Ел ырзығы егін жинауға 5 мыңнанастам түрлі техникалар мен 782 комбайн жұмылдырылған. Бұл егін шаруашылығы –ауыл шаруашылығының жетекші салаларының бірі болғандықтан ерекше тоқталыпотырмыз. Әйтпесе, облыста егін орағы аяқтала салысымен соның ізін алабасталатын майлы дақылдарды ору басталады. Облыс бұл бағыт бойынша да сақадайсаймыз деп отыр.

Ауыл шаруашылығындағыегіншілікпен қатар жүретін жетекші сала – мал шаруашылығы екені айтпаса датүсінікті. Облыстағы мал басы санының негізін құрайтын ол жекелеген тұрғындардыңқорасындағы түліктер есебінен артып отыр. Бұл да қуанарлық жағдай деуге болады.Өйткені, облыс жұртшылығы бір кездері онша құнттамай кеткен ата кәсіпке қайтаоралып жатыр. Қорадағы малды өсіре келе үлкен шаруашылыққа айналдыруға дамүмкіндік бар екені белгілі. Енді аздаған цифр: облыста мүйізді ірі қараның саны2019-шы жылдың 1 тамызына 440 425 басты құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда29079 басқа артқан. Бұл 7,1 пайыздық көрсеткіш. Бұл сиыр малының жалпыкөрсеткіші. Оның ішінде сиыр саны 187 369 басқа жетіп, өткен жылмен салыстырғанда13836 басқа, яғни 8 пайызға көбейіп отыр. Айта кету керек, Жамбылоблысында 2018-2027 жылдар аралығында етті мал шаруашылығын дамытуға арналғанұзақ мерзімге жоспарланған салалық бағдарлама қабылданып, индикативті көрсеткіштерібекітілген болатын. Жалпы осы бағдарлама аясында 2018-2027 жылдар аралығындаоблысқа алыс-жақын шет елден 36 мыңға жуық мүйізді ірі қара малының аналықбасын сатып алу жоспарланып отыр. Өткен жылы «КазАгро» ҰБХ несиелікқаржы институттарынвң арнайы бағдарламалары арқылы 8208 бас мүйізді ірі қарасатып алуға 34 шаруашылықтан өтінім түскен болса, бұл ретте оның 7818 басыбойынша жоба мақұлданыпты. Жыл басынан бері жергілікті шаруалар алыс-жақын шетелдерден 2912 бас мүйізді ірі қара сатып әкелген. Жалпы,Жамбыл облысы бойынша осы жылы асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, малшаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды қолдау бағдарламасына 3,65миллиард теңге бөлініпті. Облыстың ауылшаруашылығы басқармасы ол қаржынытамызға дейін толық игеріп болғанын айтады.

Облыста ең көпөскен қой мен ешкінің саны деуге болады. Әулиеатаның қой-ешкісі – 3 323 121басқа жетіпті. Бұл былтырғы жылғыкөрсеткіштен 124457 басқа артқан (9 %). Өткенжылы «КазАгро» ҰБХ несиелік қаржы институттары арқылы 77 тауар өндірушіге 948,6миллион теңге несие беріліп, 32,2 мың бас қой сатып алынған.

Сондай-ақ, түйе малы7405 басқа жетіп, былтырғы көрсеткіштен 8,1 пайызға артып, 553 түйеге көбейген.Түйе етінен бөлек, шұбатын өндіру тұрғсында да сұраныс артып келе жетқан түлік.

Ал, біз сөз қылғалыотырған жылқы саны 141 904 басты құрап, былтырдан бері өңірде Қамбар ататұқымы 10296 басқа көбейген, яғни 7,8%-ға артқан. Қазір басқа-басқа,жылқы санын арттыру мәселесі өзгелерге қарағанда қиындау. Оның асты себебі –жылқыға келер жау көп. Мініске ғана емес, жетекке немесе үйірімен бел асыраайдап кетуге ыңғайлы жылқы малын барымтаушылар да азаймай тұр. Және соңғыжылдары өрісте жүрген жерінен жабайы аң секілді атып алып, көлігіне басып алып,жөнелетіндерді де естіп жүрміз. Оның үстіне, жылқы өзге малдардай емес,қамауға, қорада тұруға онша көне қоймайды. Сиыр сияқты емес, қашан да төліқасында болмаса, ешқайда аттап баспайды. Сол себепті, жылқы бағам деген адамғаалдымен өріс керек, жер керек. Ал, өріс пен жер мәселесі мал шаруашылығындағыең бір түйткілді мәселе. Өріске шығып, үйірлеп жылқы айдау үшін – міндетті түрдеөзге тіршілікті ысырып қоюға тура келеді. Осыдан да болар, үйіндегі қорадааздаған ұсақ мал, біршама сиыр ұстап отыратын жүрт жылқы дегенде асса мініскедеп бірді-екілі жылқы ғана ұстайды. Сол себепті, Жамбыл облысындағы биылғыөсімді жақсы көрсеткіш деп бағалау керек.

Жалпы, жылқысанының өсуіне соңғы жылдары жақсы қозғалған, қоғамда зор сұранысқа ие болыпүлгерген қымыз саудасының әсері зор. Бір кездері асса жайлауға шыққанда үй-үйдіаралап жүріп шөл басатын ел қазір жаз шыға салсымен қаланың маңы, ауылдың ішідегендей, кез келген жерден қымыз тауып іше алады. Қымызханалар саны осыесептен артып келеді. Тіпті, емдік үшін деп, желіден тікелей сауып беретінсаумалдың сұранысы да өзінше әңгіме.

Қазір Жамбылоблысында да қымыз ішушілер саны аз емес. Облыс отһрталығы Тараз қаласыныңмаңынан, қала ішінен 30-дан астам қымыз сауатын, сауып қана қоймай келушілергеқымыз ұсынатын орталықтар ашылған. Қымызхана дейді жұрт. Қымызханалар жұртқатек қымыз, саумал ғана емес, ұлттық тағамардың түр-түрін де ұсынады. Осыныңесебінен, жылқының арқасында деуге болатын шығар, дәмханалық қызметінжандандандырып, шаруасын дөңгелетіп отырғандар аз емес.

Қымызға дегенсұраныстың артуын мына жағдайдан да байқауға болады. Облыста қымызханалар саныартып, жылқы малының басы артып жатқанына қарамастан күн сайын кеш бата көпқымызханалар мен қымыз сататын орындарда қымыз бітіп қалады. Саумал ішу үшіналдын ала кезекке тұрмасаңыз, құр ауыз қайтатыныңыз тағы бар. Осы жағынаналғанда, қымыздың есебінен жылқының өсімі жылдан жылға арта түседі.

Қымызхана – шетелдікқонақтарды да қызықтыратын орын. Осыған орай, санитарлық тазалық мәселесінреттеу төңірегінде біраз уақыт сөз болып, бірқатар шаралар қолданылған да.Өйткені, қанша жерден мал ұстап отырмыз дегенмен, желі мен киіз үйдің арақашықтығын дұрыстау, ыдыс-аяқты таза ұстау, қыл аяғы киіз үйдің айналасынреттеп отыру мәселесіне қатысты ұқыптылық танытпай болмайды. Бұл бір есептен,мал көріп өскен ауыл қазағына таңсық болмағанмен арысы шетелдіктерге, берісіқалалық қазақтардың өзіне де үренбеген жайт. Қандай да бір қызмет көрсететін,асханалық бизнес бастаған соң сервистік қызметтің де сапасы жақсы болғаныжақсы. Облыс алдағы уақытта бұл мәселеге жиі айналып соғып отырады. Әрине, жаңабастамалар бойынша орта шәне шағын кәсіпкерлерді жөнсіз тексеріп, шаруасынакедергі келтіруге болмайды. Дегенмен, жоғарыдағы мәселені екі жаққа да тиімдіжолмен шешу маңызды. Сонда, ауыл шаруашылығының бір саласы ретінде қымызханакәсібі де өркендей түседі.

Енді, облыстағыжалпы ет шаруашылығы туралы бірер сөз. Қалай айтсаңыз да, ет шаруашылығыныңжетекші саласы – сиыр мен қой болып қала береді. Экспортқа шығатын, шетелдерденкелетін сұраныстың да дені осы екі түлікке түседі. Сол себепті, Жамбыл облысыбиыл бұл тараптағы жоспарды көтеріп, былтырғыдан 1,5 есе көп ет экспорттаймыздеп отыр. Қазір жоспарды орталап қалғандарын айтады. Айта кету керек, етөнімдерінің негізгі бөлігі – Иран Ислам Республикасы, Бахрейн Карольдігі жәнеКувейт мемлекетіне экспортталған. Негізгі экспорттаушылар «Оңтүстік ХалалТағамдары» ЖШС-і, Меркі ауданындағы «Меркі ет комбинаты» ЖШС, Қордайауданындағы «Первомайские деликатесы ЖШС» ет комбинаттары болып табылады.

Аталғанкәсіпорындардың жүктелімін арттыру арқылы алдағы уақытта етті экспорттаудинамикасын арттыру жоспарланып отыр. Ет комбинаттары өз мүмкіндігі шенһгіндежұмыс істеп отырғанын айта кету керек. Демек, комбинаттар ет қабылдауды күшейтуүшін жаңғыртылып, тың күшпен жұмыс істеуді бастайды деген сөз.

Малбасы саны артқан сайын ет экспорты да өркендейтіні түсінікті. Экспорттың бірпайдасы – мал өсірушілер етті жоғары бағада сата алады. Сұраныс көбейген сайын сыртқынарықтағы бағаның да өсетіні белгілі. Демек, малшылар мен кәсіпкерлер еңбегініңжемісін көре алады деген сөз. Жамбыл облысы биыл ет экспорттаудың жоспарынартығымен орындаймақ. Егер, статистикаға көз салсақ, облыстың ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі бекітіп берген көрсеткішті жыл соңына дейін еркінигереміз деп отыр. Қйткені, облыс былтырғы жүктелген міндетті асыра орындаған. Ауылшаруашылығы министрлігінің тапсырмасына сәйкес, 2018-ші жылы Жамбыл облысыбойынша 1 мың тонна сиыр және 1,5 мың тонна қой еті экспортқа шығарылуы тиісболатын. Ал, облыстың тауар өндірушілері жоспарды артығымен орындап, экспортқа 1014,1 тонна сиыр және 1659,1тонна қой етін шығарған. Ал, биылғы жаспар былтырғыдан әлдеқайда көп. 1,5 есе. Сиыретін экспорттау бойынша биылға бекітілген жоспарға сәйкес облыстан 1500 тоннасиыр еті экспортқа шығарылуы тиіс. Жыл басынан бері тауар өндірушілер 862,7  тонна сиыр етін экспортқа шығарып, жоспардыңорындалуы 57,5 пайызды құраған. Сонымен бірге 671,2 тонна қой еті экспортталған.

Енді облыстағы сүт шаруашылығы жайында тоқталсақ. Өңірде алдағы жылдарыбіршама жаңа сүт фермалары ашылмақ. Жамбыл облысындағы сүт бағыты бойынша малшаруашылығын дамытуға арналған ұзақ мерзімді концепция қабылданып, облыста2018-2027 жылдар аралығында жаңа 61 сүт-тауар фермасы іске қосылады депжоспарлануда. Бұл 61 сүт-тауар фермасының биылға тиесілісі төртеу.

Фото: baribar.kz

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 18.09.2020, 10:05
Tengri Bank лицензиясынан айырылды
Қарлығаш Зарыққанқызы 17.09.2020, 09:14
Ресейдің доллардан арылуға асығуы нені аңғартады?
Қарлығаш Зарыққанқызы 15.09.2020, 10:51
Халық арзан баспанамен қашан қамтылады?
Сайт әкімшілігі 14.09.2020, 15:37
Қазақстандықтар айдың соңына дейін жер мен мүлік салығын төлеу керек
Әділ АҚЫЛБАЙ 11.09.2020, 09:29
е-learning 30 млрд теңгені жұтып қойды. Нәтиже қайда?
Қарлығаш Зарыққанқызы 10.09.2020, 11:07
Мемлекетке телмірген банктерді қандай тәуекелдер күтіп тұр?

Аңдатпа


  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13
  • Мегаполистің білім саласы автоматтандырылды
    20.09.2020, 13:46
  • Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
    20.09.2020, 13:34