Жамбылда 1714 жоба іске асырылыпты

07.10.2019, 13:35

46

«Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау мендамытудың мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырыла бастаған уақыттан бері Жамбылоблысында барлық қаржы құралдары арқылы жалпы сомасы 106,4 миллиард теңгеніқұрайтын 1714 жоба жүзеге асырылды. Ал биыл 6,7 миллиард теңгенің 344 жаңажобасы қолға алынды», — дейді Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік жәнеиндустриалды-инновациялық дамыту басқармасының басшысы Жеңіс Сариев.

Оның ішінде бағдарламаның бірінші және екіншібағыттарындағы «Пайыздық ставканы субсидиялау» тетігі бойынша, жалпы сомасы88,6 миллиард теңгені құрайтын 1006 жоба жүзеге асырылыпты. Бұл ретте биыл 113жоба жүзеге асырылу үстінде екен.
Айта кетерлігі, ертегідегі «Тоғыз ұлым бір төбе, Ертөстігім бір төбе»дейтіндей,  аталған тетік бойынша жұмысжүргізуде өңіріміздегі он ауданды қоса алғаннан да тараздық  кәсіпкерлердің белсенділігі басым болып отыр.Яғни, жалпы жобалардың 508-і – Тараз қаласының, ал қалған 498-і өзге 10 ауданныңүлесінде.
Бағдарламаның бірінші бағыты аясында «пайыздық ставканы субсидиялау» құралыбойынша аудандар арасында жобалардың басым бөлігі Шу, Байзақ, Қордайаудандарында жүзеге асырылуда екен. Ал оларды қаржыландыруда «Қазақстан ХалықБанкі» АҚ облысымыздағы екінші деңгейдегі банктер арасында көш бастап тұр. Олбарлығы 318 жобаны қаржыландыруды жүзеге асырған.

Жеңіс Сариевтің айтуынша, «Банк кредиттері бойыншакепілдік беру» құралы бойынша күні бүгінге дейін жалпы кепілдік сомасы 4,7миллиард теңгені құрайтын 396 жоба жүзеге асырылған.
«Субсидиялау» құралы бойынша жүзеге асырылған жобалардың дені Тараз қаласыныңеншісіне бұйырса, ал «Өндірістік инфрақұрылымды дамыту» бойынша көрсеткішкерісінше. Яғни 95 жобаның 81-і облыс аудандарының еншісіне тиіпті.
Өңірімізде кәсібін жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін мақсатты мемлекеттік гранттарұсыну ісі де жүйелене түскен.

Жамбылда шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға дамемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау мол көрінеді. Атап айтқанда,нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасының «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту»аталатын 2-ші бағыты бойынша Тараз, Жаңатас және Қаратау қалаларында шағыннесиелендіру және несиені кепілдендіру үшін биылғы жылға барлығы 1124,9 миллион(несиелендіруге – 1036,6 миллион, кепілдендіруге – 88,3 миллион) теңге бөлініп,толықтай «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорына жолданып, екінші деңгейлі банктергеорналастырылыпты.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Қарлығаш Зарыққанқызы 09:25
Естір құлақ, епті үкімет қайда бар?!
Айжан БҮРКІТБАЕВА 26.11.2020, 15:59
Ұлттық қордың қызығын халық қашан көреді?
Қарлығаш Зарыққанқызы 26.11.2020, 13:52
Қазаққа малын көгендеп бағу ғана қалды
Қарлығаш Зарыққанқызы 25.11.2020, 12:49
Алматыда азық-түлік апта сайын қымбаттап жатыр, бұған тоқтам бар ма?!
Қарлығаш Зарыққанқызы 24.11.2020, 14:41
Қазақстан экономиканы сауықтыру үшін 1,5 млрд еуро қарыз алады
Сайт әкімшілігі 24.11.2020, 14:18
Зейнетақыны пайдалануда 10% салық ұстау жөніндегі заңды Мәжіліс кері қайтарды

Аңдатпа


  • Солтүстік Қазақстанда бүтін бір ауыл қар суын ерітіп ішіп отыр (видео)
    09:35
  • Жастарға жол бермей жатқан ешкім жоқ
    09:16
  • Автовокзалға баласын тастап кеткен әйелдің кім екені анықталды (видео)
    11:36
  • Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылыс: тағы бір адам қайтыс болды
    25.11.2020, 10:40
  • «Жас Алаш» жазған жайдан соң: Тұғыл тығырықтан шықты (видео)
    24.11.2020, 15:57