Жамбылда 2 мыңға жуық адам қайтарымсыз грант алды

05.11.2019, 11:08

175

Жамбыл облысында экономиканыңбарлық салаларында оң динамика қалыптасқан. Экономиканың өсуі 105,7 пайыздықұраса, инфляция керісінше төмендеген. Өңірде «Саудадан» басқасы республикалықорта көрсеткіштен жоғары болған. Жалпы, жамбылдықтар жылды осы қарқынменаяқтауды көздеп отыр.

Салаларды айтатын болсақ, өнеркәсіптің өсуі 106,5 пайыздықұрап, жыл қорытындысымен өндіріс көлемі450 миллиард теңгеден артады деп күтілуде. Былтыр бұл көрсеткіш 420 миллиардкөлемінде болған.

Биыл Үкіметтен қолдау тапқан қанат қақты жоба «Қарапайым заттардыңэкономикасы» аясында жалпы құны 70 миллиард теңгеге 112 жобаның ішінен 20,2миллиард теңгеге 38 жоба мақұлданыпты. Осынау қабылданған шаралардыңарқасында өңірдегі шикізаттық емес экспорт көлемі 188,6миллион АҚШ долларына жеткен.      

Жалпы, Жамбылда өңірлік өнім көлемінде шағын жәнеорта бизнестің үлесі соңғы 5 жылда18%-дан аспаған болса, өткен жылы 21 пайызға өскен.Биыл бұданда артады депкүтілуде.

Айталық, үстіміздегі жылыкәсіпкерлерге 8,6миллиард теңге көлемінде шағын несие беріліп, бұл ретте өңірлер аралығындағы еңжоғарғы көрсеткішке қол жеткізді.

Бұдан басқа, шағын бастамалардыіске асыру үшін 2 мыңға жуық адамға қайтарымсыз грант, жалпы сомасы 1,2миллиард теңге (200АЕК — 505мыңтеңгеден) бөлінді. Оның 300миллион теңгесі жергілікті бюджеттен қаралған.

Нәтижесіндеөндірілген өнім мен қызмет көлемібиыл 167 миллиард теңгені құрап, 6,3 пайызға  артып отыр.

Жалпы, облыс бойынша 2025 жылға дейін 2,9 трлн.теңгені құрайтын 69 жоба«инвестиция тарту» картасына енгізіліп отыр. 

Ағымдағы жылы 89 млрд.теңгені құрайтын 15 жоба іске қосылады, оның ішіндешетелинвесторларының қатысуымен қуаттылығы 100 МВт күн  электр станциясыосы айда жұмысын бастайды. 

Осы орайда баламалы электр қуатын өндіру облыста қарқынды деп айтуғаболады. Бүгінде қуаты 233 МВт,  құны 118миллиард теңге болатын 5жобаныңқұрылысы жүргізілуде. Бұған қолданыстағы 9жобаны (170 мвт) қосқанда жалпы қуаттылық 403 МВт құрайды.Бұлреспубликадағы ең жоғарғы көрсеткіш.

Ал келесі жылы Жамбыл жерінде жалпы құны 500 миллиард теңгеден асатын іріжобалардың құрылысын бастау жоспарланып отыр. Бұл бойынша дайындық жұмыстарықазірден-ақ қызу жүріп жатыр.   

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Нұрай РАХЫМ 20.10.2021, 10:19
Жаңа кен орындары игерілмек
Еңлік АБАҒАН 20.10.2021, 09:12
Ауғанстанға астық беру – пиар
Тоқтар ҒАБДРЕШҰЛЫ 19.10.2021, 14:24
Батыс Қазақстан башқұрттармен бизнес жасамақ
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 19.10.2021, 08:23
«Досаевқа – «2», үкіметке – «-1»
Сайт әкімшілігі 18.10.2021, 15:39
Ауыл шаруашылығы министрі ұн мен астық неге қымбаттағанын түсіндірді
Еркежан АРЫН 16.10.2021, 16:24
Қазақстандағы электрондық сауданың даму қарқыны жоғары

Аңдатпа


  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30
  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31