Жамбылда 6,6 мың гектар суармалы алқап айналымға қосылды

30.08.2019, 10:04

226

Кезінде каналдардың бұзылып, тоғандардың талқандалуынансуармалы алқаптардың азайып кеткені белгілі. Соңғы уақытта Жамбыл облысында солсуармалы алқаптарды қайта қалпына келтіруге жауапты қызметкерлер білек сыбанакірісіп кетті.

Өңірдегі суармалы егістікалқаптарын арттыру – өнім көлемі еселеудің негізгі тетігі десек, бүгінде бұлбағытта жамбылдықтар алғашқы нәтижелерге қол жеткізе бастады. Мәселен,өңірімізде өткен жылы құрылған «мехотряд» 99 шақырымды құрайтын 27 канал мен 5су қойманы тазалап, 6,6 мың гектар суармалы алқапты айналымға қосқан.

Бұл ретте «Жамбыл су қоймалары» коммуналдық мемлекеттік мекемесініңатқарып отырған жұмыстарына аз-кем тоқтала кетсек. Бүгінде бұл мекемеге қарасты106 су қоймасы бар. Ондағы 61 қоймаға жиналған су арқылы шаруақожалықтарөздеріне тиесілі 10800 гектар алқапты суаруда. Жалпы алғанда, биыл облысбойынша 24 су қоймасы ағымдағы жөндеуден өткізіліп, 1 су қоймасы қайта қалпынакелтірілмек.
Ал «Талас-Аса» КММ жыл басынан бері ұзындығы 68шақырым болатын 12 каналды тазаласа, жыл соңына дейін 25 шақырымдық 5 каналдыіске қоспақ. Осылайша, олар биыл облыста барлығы 8 мың гектардан астам суармалыалқапты айналымға енгізуді жоспарлап отыр.

«Алайда, өткен жылғы түгендеу бойынша, өңірде 552шақырымды құрайтын 112 каналдың тозығы жеткендігі анықталған. Бұл қарқынменжұмыс жүретін болса, каналдарды тазалау жұмыстары 5-6 жылға созылмақ. АсқарИсабекұлы бұл мәселеге айрықша назар аударып, барлық каналдарды қалайда 2 жылдатазалап, іске қосу керектігіне көңіл бөліп отыр. Ол үшін барлық қажеттіліктерқарастырылмақ. Өз кезегінде өңір басшысы мекеменің техникалық базасын нығайтып,жұмысты күшейте түсуді тапсырды. Сонымен қатар, өңірдегі барлық тазалауды қажетететін каналдардың саны мен ұзындығын қайта анықтау керектігін, ол үшінтүгендеу мен есептеу шараларын мұқият жүргізуді жүктеді»,- дейді облыс әкімініңбаспасөз қызметінің басшысы Нұрадин Рақай.

Қазіргі таңда «Талас-Аса» су шаруашылығы ұзындығы 62шақырым су жүйелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Бұдан бөлек, 19каналды тазалап, жөндеу жұмыстарын жоспарлап отыр.

Ал жыл аяғына дейін Талас ауданындағы Тамды суаружүйелері алқабындағы 16 шақырым каналды да тазалап қалпына келтірмек.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 13:18
Қазақстан Үкіметі мен "Сбер" меморандумы: мән-жайы анықталды
Еңлік АБАҒАН 16.09.2021, 12:30
Көгілдір отын неге қымбаттап кетті?
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 16.09.2021, 07:53
Инфляция шарықтаса, Досаев қалтырайды
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 14.09.2021, 16:30
Сыбайластықтың сара жолы
Еркежан АРЫН 14.09.2021, 13:30
Су арналары: цифрландыру, реконструкция, жаңа суқоймалар
Еркежан АРЫН 14.09.2021, 10:30
Жер қатынастары туралы заңда не өзгерді?

Аңдатпа


  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39