Жамбылда 70 инвестициялық жоба құрылды

19.04.2019, 15:39

30

Жамбыл облысы экономикасындағы негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі жылдан жылға артып келеді. 2018 жылы негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемі 255,0 млрд. теңгені немесе 2017 жылмен салыстырғанда 108,4 пайызды құрады. Инвестициялардың жалпы көлеміндегі бюджеттік салымдарының үлесі 22,2 пайыз, өзіндік қаражаттар – 71,1 пайыз, банктерден несиелер және басқа да қарызға алынған қаражаттар – 6,7 пайызды құрады.

Жалпы инвестиция көлеміндегі ішкі инвестициякөлемі 83 пайыз, ал сыртқы инвестициялардың үлесі 17 пайыз құрап отыр.

Өңдеу өнеркәсібіндегі негізгі капиталға салынғанинвестиция көлемі 42,4 млрд. теңгені құрады. Облыстық даму бағдарламасындағыжоспар – 27,2 млрд. тг. болатын.

Шикізаттық емес секторының негізгі капиталынасалынған инвестициялар көлемі (мемлекеттік бюдж. қоспағанда) – 161,7 млрд.теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 116,1 пайызға артқан. Басқарма менаудандар келісімінде жоспар – 108,9 пайыз.

Инвестицияларды мақсатты түрде тарту, олардыжүйелеу және инвесторларға «бір терезе» қағидаты бойынша қызмет көрсетушеңберінде «Инвесторларға қызмет көрсету, жобалық басқару және цифрландыруорталығы» (бұдан әрі — Орталық) құрылды. Орталық инвестиция тарту бойынша алдыңғықатарлы агенттіктердің озық тәжірибесіне негізделген аймақтық даму институтыретінде әрекет етеді.

Орталық жаңа жобаларды жүзеге асыру бойыншашетелдік және отандық инвесторлармен 300-ден астам жеке кездесу өткізді.Сүйемелдеуге 30-дан астам жоба алынды.

Нәтижесінде 18 мың жаңа жұмыс орнын құруғабағытталған 4,8 млрд. АҚШ долларын құрайтын (1,8 трлн. теңге), 2018-2026 жылдараралығындағы іске асыруға жоспарланған 70 инвестициялық жобаның базасы құрылды.

Облыстың инвестициялық ахуалын жақсарту мақсатындаинвестиция тарту жөніндегі өңірлік кеңестің отырыстары өткізілуде. Өткен 2018жылы кеңестің үш отырысы өткізілді.

2019 жылдың қорытындысы бойынша жалпыинвестициялар өсімін 102 пайыз көлемінде орындау жоспарлануда.

Фото: turkystan.kz

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 13:30
30 пайыз: «Шымбұлақ» жаңа маусымды карантиндік шектеулермен бастады
Қарлығаш Зарыққанқызы 27.11.2020, 09:25
Естір құлақ, епті үкімет қайда бар?!
Айжан БҮРКІТБАЕВА 26.11.2020, 15:59
Ұлттық қордың қызығын халық қашан көреді?
Қарлығаш Зарыққанқызы 26.11.2020, 13:52
Қазаққа малын көгендеп бағу ғана қалды
Қарлығаш Зарыққанқызы 25.11.2020, 12:49
Алматыда азық-түлік апта сайын қымбаттап жатыр, бұған тоқтам бар ма?!
Қарлығаш Зарыққанқызы 24.11.2020, 14:41
Қазақстан экономиканы сауықтыру үшін 1,5 млрд еуро қарыз алады

Аңдатпа


  • Қабырғасы қақыраған құрылыстан қашан құтыламыз?
    11:09
  • Қазақстанда қылмыстың 12%-ын әйелдер жасайды
    16:52
  • 30 пайыз: «Шымбұлақ» жаңа маусымды карантиндік шектеулермен бастады
    13:30
  • Солтүстік Қазақстанда бүтін бір ауыл қар суын ерітіп ішіп отыр (видео)
    27.11.2020, 09:35
  • Жастарға жол бермей жатқан ешкім жоқ
    27.11.2020, 09:16