Жамбылда ет экспорты екі есеге артты

22.08.2019, 14:21

48

Елімізде ауыл шаруашылығы, оның ішіндемал шаруашылығы саласын дамыту туралы бірнеше бағдарлама бар. Және әр өңірдемал шаруашылығына субсидия бөлініп, мал бордақылау алаңдары ашылып жатыр.Бұрынғыдай еттерін қара базарға емес, осындай арнайы орындарға өткізу деақырындап жолға қойылып келеді. Осының нәтижесінде, соңғы жылдары етті шетелдерге экспорттау саласында да өсім байқалады. Кез келген өндірістік саланыңқай деңгейде екенін көрсететін басты көрсеткіш те осы экспорт мәселесіменбайланысты. Экспортың қаншалықты көп болса, ісің соншалықты жоғары деңгейдежүріп тұр деген сөз.

Жамбыл облысы жерінің шұрайы жағынанда, басқа жағынан да мал шаруашылығы саласында жетекші облыстардың бірі деугеболады. Облыста соңғы жылдары мал басы саны артып келеді. Бірқатар атқарылыпжатқан шаруалар да аз емес. Соның нәтижесінде Әулиеата өңірінде шет елдерге етэкспорттау көрсеткіші артып келеді. Оны биылғы көрсеткіштер еркін дәлелдеп тұр.Еске сала кетсек, биыл қыстағы көрсеткіш бойынша ет экспорты бойынша, оныңішінде қой етін шет елдерге шығару бойынша жамбыл облысындағы көрсеткіш 5 есегеартқан. Енді, осы көрсеткішті сиыр еті дәлме-дәл қайталамаса да, өсу бар екенінкөрсетіп отыр.

Биылғы жылдың алты айында Жамбылоблысы 374 тонна сиыр етін экспортқа шығаруды жоспарлаған болатын. Нәтижесінде 798тонна сиыр еті шетелге шығарылды. Яғни, жарты жылдың қорытындысы бойыншаоблыста сиыр еті экспортының жоспары 2 есеге артты.

Жамбыл облыстық ауылшаруашылығыбасқармасының басшысы Берік Нығмашевтің айтуына қарағанда ауылшаруашылығысаласында жарты жылда облыста өндірілген өнімінің көлемі 61,3 млрд. теңгеніқұрап, жарты жылдық жоспар толық орындалып отыр. Незігі о бастағы жоспар 54,6млрд. теңге еді.  Сондай-ақ, егіншаруашылығы өнімінің көлемі – 1 616,4 млн. теңгені, мал шаруашылығы өнімініңкөлемі 59 164,9 млн. теңгені құрады. Ауыл шаруашылығы негізгі капиталынасалынған инвестиция көлемі облыс бойынша 16,9 млрд. теңгені құрап, жоспар 152,0пайызға орындалды.

Ал, тамақ өнімдері өндірісінің негізгікапиталына салынған инвестиция көлемі облыс бойынша 5,6 млрд. теңгені құрап,жоспар 172,0 пайызға жетті. Сонымен қатар, қозы етін экспорттау көрсеткіші облыста504,8 тонна экспортталып, 120,1 пайызға орындалды. «Сыбаға» бағдарламасыаясында аналық қой басын сатып алудың жылдық жоспары 40,0 мың бас болса,бүгінгі күнге 34,3 мың басқа өтінім қабылданып, одан 24,0 мың бастың өтінімімақұлданған.

2019 жылғы 1 шілдеге облыстағы мүйіздіірі қара мал саны 446,7 мың басқа жетіп, былтырғы жылдың осы кезеңіменсалыстырғанда 7,7 пайыз, қой мен ешкі саны 3,5 млн. басты құрап, 3,6 пайызға,жылқы 140,5 мың басқа жетіп 6,9 пайызға, түйе саны – 7,5 мың басты құрап, 10,5пайызға, құс саны – 1,5 млн. басқа жетіп, 6,8 пайызға артып отыр. Сондай-ақ, етөндірісі 54,4 мың тоннаны құрап, 4,3 пайызға, сүт өндірісі 151,6 мың тоннанықұрап, 3,0 пайызға, жұмыртқа өндірісі 59,7 млн. дананы құрап 8,8 пайызғаартуда.

Сонымен қатар, аталған бағдарламааясында шет елден импортталатын асыл тұқымды МІҚ мал басын сатып алу жылдықжоспары 4,0 мың бас болса, 2752 бас сатып алуға өтінімдер түсіп, одан 1850бастың өтіні мақұлданған. Жылдық жоспар мақұлданған өтінімге шаққанда 45,8пайызға, қабылданған өтінімге шаққанда жоспардың орындалуы 68,8 пайыз құрапотыр.

Ал, 2019 жылдың өнімі үшін ауылшаруашылығы дақылдарының егістік көлемі барлығы 687,1 мың гектарғаорналастырылды. Яғни, дәнді және дәнді бұршақты дақылдар 352,4 мың гектар,майлы дақылдар 60,9 мың гектар, қант қызылшасы 5,6 мың гектар, картоп 10,1 мыңгектар, көкөніс-бақша дақылдары 66,3 мың гектар, мал азығы дақылдары 207,3 мыңгектарға егілді. Бұл дегеніміз 2018 жылмен салыстырғанда 18,6 мың гектарға артық.

15 тамызға дәнді масақты дақылдардың329,1 мың гектары орылып, барлығы 748,0 мың тонна дән бастырылды, орташаөнімділік әр гектардан 22,7 центнерді құрап отыр. Егін орағы әлі жалғасуда. Соныменқатар, 1,5 млн. тоннаға жуық пішен, 44,1 мың тонна пішендеме және 86,6 мыңтонна сабан дайындалды. Мал азығы дайындау жұмыстары жалғасуда.

Егіс алқаптарын арзандатылғанминералды тыңайтқыштармен қамтамасыз ету мақсатында жергілікті бюджеттен 1,0млрд. теңге бөлінді. Жоспар бойынша 22,4 мың тонна минералды тыңайтқыштардыауыл шаруашылығы алқаптарына пайдаланып, жалпы егістік алқаптың 22,0 пайызын қамтужоспарланған. 2019 жылдың 15 тамызына ауыл шаруашылығы құрылымдары тарапынан16,5 мың тоннасы алынып, ауыл шаруашылығы дақылдарына ендірілуде.

Енді күзгі дала жұмыстарынааудандардағы шаруа қожалықтардың ауыл шаруашылығы техникалары (тракторлардыңбарлық түрлері бойынша 5063 бірілік, астық ору комбайндары 695 бірлік жәнебасқада қажетті техникалары) 100 пайызға жазғы және күзгі дала жұмыстарынадайын. Оның ішінде егін орағына қатысты 695 астық ору комбайндары толығыменегін орағына қатысуда.

Үкімет тарапынан Жамбыл облысының диқандарынакүзгі жинау және егіс дала жұмыстарын жүргізу үшін 16200 тонна кепілдендірілгендизель отыны бөлінген. Егін орағы және басқада күзгі дала жұмыстарына қажетті шілдеайына бөлінген 5800 тоннаның 5284 тонасы жеткізіліп, шаруашылықтарға 4562тоннасы таратылды.

Ал, 2020 жылдың өніміне сүр (пар)көтеру шаралары облыс бойынша 97,9 мың гектар алқапқа жоспарланса, нақтыкөтерілгені 99,5 мың гектар немесе 101,7 пайыз. Бірінші өңделгені 99,5 мыңгектар, 100 пайызды, екінші өңделгені 97,3 мың гектар, 97,7 пайызды құрап отыр.Ағымдағы жылы 6043 гектар алқаптағы парға химиялық өңдеу жұмыстары атқарылды.

Көктемгі және күзгі дала жұмыстарынқаржыландыру мақсатында, Жамбыл облыстық «Аграрлық Кредиттік Корпорациясы» АҚ-ыарқылы «Кең дала» бағдарламасы бойынша, 43 ауыл шаруашылығы құрылымдарынан363,1 млн. теңгеге өтінім түсіп, таратылды. Сонымен қатар, Жамбыл облысытық«Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ы арқылы «Егінжай» бағдарламасыбойынша 2 шаруашылыққа 10,0 млн теңге қаржыландырылып отыр.

Облыста ауыл шаруашылығыалқаптарындағы су жүйелері мен каналдарды тазарту және қалпына келтіружұмыстарын тұрақты жүргізу мақсатында 2018 жылы «Талас-Аса» су шаруашылығыкәсіпорны базасында облыстық механикалық жасақ құрылған. Оныңматериалдық-техникалық базасына облыстық бюджеттен 401,5 млн. теңге бөлініп,барлығы 17 бірлік мелиоративтік-құрылыс техникалары сатып алынды.

2019 жылдың І-жартыжылдығында облысаумағында 60 шақырым құрайтын 16 каналдары мен 2 су қоймаларына және 4 жекешаруашылық каналдарына жөндеу, тазалау жұмыстары жүргізілді. Соның нәтижесінде5214 гектар суармалы алқап қалпына келтірілді. Одан бөлек су қоймаларына жөндеужұмыстарымен қатар Байзақ ауданында Талас өзенінің жағалауына бекіту жұмыстарыжүргізілді. Сондай-ақ, бірқатар жекеменшік су жүйелеріне тазалау жұмыстарыатқарылды.

Осы ауылшаруашылығы кооперативтерін жабдықпенқамтамасыз ету үшін жалпы сомасы 3,7 млрд. тенгеге 11 модульді сүт қабылдаупункті, 5 сүт тасымалдайтын автокөлік, 3 модульді мал сою алаңы 1 еттасымалдауға арналған рефижиратор көлігі, аналық 5056 бас МІҚ малын, 10 019 басбұқашық сатып алынды. Қазіргі уақытта, 9 сүт өңдеуші кәсіпорынға сүт өткізуде.Сонымен қатар, ауыл тұрғындарының әлеуметтік тұрмыстық жағдайын жақсарту жобасыаясында аушаруашылығы кооперативтерінің жұмысын жандандыру үшін қосымша 78 сүтқабылдау танкер, 85 сүт тасымалдағыш автокөлік, 7 сүт өңдеу цехы, 48 сүтсауатын аппарат, 45 мұздатқыш, 15 рефрижиратор және басқа да ауыл шаруашылығытехникалары сатып алу жоспарланып, қажетті қаражат көлемі 5,8 млрд. теңгеніқұрап отыр.

«Ағымдығы жылдың сәуір айында ауылшаруашылығы министрлігімен жасалған үш жақты келісім негізінде 5,1 млрд.теңгенің 4,1 млрд. теңгесі қаржы институттарына аударылып берілді. Оның ішінде«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ облыстық филиалына — 2 466,6 млн.теңге және «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ облыстық филиалына — 1 644,4 млн.теңге. Жалпы алғанда бүгінгі күнге 333 үміткер 1191,8 млн. теңгеге несиеқаржатымен қамтамасыз етілді» дейді Жамбыл облыстық ауылшаруашылығыбасқармасының басшысы Берік Нығмашев

Облыс аумағындағы коммуналдықменшіктегі су шаруашылығы нысандарын республикалық меншікке өткізу жұмыстарыжүргізілуде. Барлығының ұзындығы 2960 шақырымды құрайтын 436 нысан өткізілужоспарланса, бүгінгі күнге 387 нысан өткізіліп, қалған 49 нысан 2019 жылыөткізілетін болады.

Фото: alageyim.kz

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Айжан БҮРКІТБАЕВА 17:29
Ипотекалық дағдарыс келе жатыр ма?!
Қарлығаш Зарыққанқызы 24.11.2020, 14:41
Қазақстан экономиканы сауықтыру үшін 1,5 млрд еуро қарыз алады
Сайт әкімшілігі 24.11.2020, 14:18
Зейнетақыны пайдалануда 10% салық ұстау жөніндегі заңды Мәжіліс кері қайтарды
Тоқтар ҒАБДІРЕШҰЛЫ 23.11.2020, 15:53
Батыс Қазақстанда азық-түлік бағасы ұшып тұр
Сайт әкімшілігі 23.11.2020, 10:49
Семинарға сенбеңіз, қаржылық сауаттылық туралы оқытқан алаяқ ұсталды
Қарлығаш Зарыққанқызы 20.11.2020, 09:33
Мемлекетке масыл болған банктер арқылы ДСҰ талаптарын орындай аламыз ба?!

Аңдатпа


  • Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылыс: тағы бір адам қайтыс болды
    10:40
  • «Жас Алаш» жазған жайдан соң: Тұғыл тығырықтан шықты (видео)
    24.11.2020, 15:57
  • «Жас Алаштың» себепкер болуымен көп балалы ана жер алды
    23.11.2020, 11:20
  • Құны 68 мың теңгелік бетперденің қандай мақсатта алынғаны белгілі болды
    24.11.2020, 12:41
  • Үгіт-насихат материалдарын "Жас Алашқа" ұсыну тәртібі туралы мағлұмат
    23.11.2020, 18:42