Жамбылда Қамбар ата тұқымы 10296 басқа көбейген

25.08.2019, 15:02

109

Жамбыл облысындабиыл ауыл шаруашылығы саласының барлық түрлерінен дерлік тұрақты өсу динамикасыбайқалып отыр. Әсіресе, Әулиеатада мал шаруашылығы дамып, тұрғындардыңқорасындағы төрт түліктерінің басы көбейген. Мәселен, мүйізді ірі қараның саны2019-шы жылдың  1 тамызына 440 425 бастықұрап, өткен жылдың осы кезеңімен (411346бас) салыстырғанда 29079 басқанемесе 7,1 пайызға өскен. Соның ішінде сиыр саны 187 369 басқа жетіп, өткенжылмен (173533 бас) салыстырғанда 13836 басқа, яғни 8 пайызға артты. Қой менешкінің саны 3 323 121 басқа жетіп, былтырғы жылмен салыстырғанда (3198664 бас) 124457 басқа, яғни 3,9 %өскен. Жылқы саны 141 904 бастықұрап, былтырдан бері өңірде Қамбар ата тұқымы 10296 басқа көбейген, яғни 7,8%. Сондай-ақ,түйе басының саны 7405 басты құрап, 553-ке немесе 8,1 пайызға көбейген.

Жамбыл облысында 2018-2027 жылдар аралығында етті мал шаруашылығындамытуға арналған ұзақ мерзімге жоспарланған салалық бағдарлама  қабылданып, индикативті көрсеткіштері бекітілгенболатын. Жалпы осы бағдарлама аясында 2018-2027 жылдар аралығында облысқаалыс-жақын шет елден 36 мың басқа жуық мүйізді ірі қара малының аналық басынсатып алу жоспарланған.

Өткен жылы«КазАгро» ҰБХ несиелік қаржы институттары арқылы 8208 бас мүйізді ірі қарасатып алуға 34 шаруашылықтан өтінім түскен болса, бұл ретте оның 7818 басыбойынша жоба мақұлданыпты. Жыл басынан бері жергілікті шаруалар алыс-жақын шетелдерден 2912 бас мүйізді ірі қара сатып әкелген. Сондай-ақ, өңірде осыбағдарлама аясында 77 тауар өндірушіге 948,6 миллион теңге несие беріліп,  32,2 мың бас қой сатып алынған.

ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінің тапсырмасына сәйкес, 2018-ші жылы Жамбыл облысыбойынша 1 мың тонна сиыр және 1,5 мың тонна қой еті экспортқа шығарылуы тиісболса, есепті кезеңде облыстағы тауарөндірушілер экспортқа барлығы  1014,1 тонна сиыр және 1659,1 тонна қой етіншығарған. Сиыр етін экспорттау бойынша биылға бекітілген жоспарға сәйкесоблыстан 1500 тонна сиыр еті экспортқа шығарылуы тиіс. Жыл басынан бері тауар өндірушілер862,7  тонна сиыр етін экспортқа шығарып,жоспардың орындалуы 57,5 пайызды құраған. Сонымен бірге 671,2 тонна қой етіэкспортталды.

Ет өнімдерініңнегізгі бөлігі Иран Ислам Республикасы, Бахрейн Карольдігі және Кувейтмемлекетіне экспортталған. Негізгі экспорттаушылар «Оңтүстік ХалалТағамдары» ЖШС-і, Меркі ауданындағы «Меркі ет комбинаты» ЖШС, Қордайауданындағы «Первомайские деликатесы ЖШС» ет комбинаттары.

Осы кәсіпорындардыңжүктелімін арттыру арқылы алдағы уақытта етті экспорттау динамикасын арттыружоспарланып отыр екен.

Енді еттен сүтке көшсек. Сүт бағытындағы мал шаруашылығын дамытуғаарналған ұзақ мерзімді концепция қабылданып, облыста 2018-2027 жылдараралығында жаңа 61 сүт-тауар фермасы іске қосылады деп жоспарлануда.  Бұл ретте биылға 4 ферманың құрылысыжоспарланған.

Жалпы, Жамбыл облысы бойынша осы жылы асыл тұқымды мал шаруашылығындамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды қолдаубағдарламасына 3,65 миллиард теңге бөлінген болса, ол қаржыны тамызға дейін-ақтолық игеріп тастаған.

Фото: priru.kz

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 25.02.2021, 10:10
Доңызға бар субсидия жылқыға неге жоқ?
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 25.02.2021, 09:43
Банкроттар парады, банктердің «ажалы»
Нұр-Қасым ЖОМАРТ 23.02.2021, 11:56
Автобан ақылы болмақ
Сайт әкімшілігі 22.02.2021, 10:03
133 мың мигрант елден шығарылды
Сайт әкімшілігі 19.02.2021, 13:50
Доллар күрт қымбаттады
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 18.02.2021, 12:16
Мұнай мен Құдай: Қазақ қара алтынсыз болашаққа дайын ба?

Аңдатпа


  • Буырқанған дауылда сыналған басылым
    25.02.2021, 13:12
  • «Жас Алаштан» басталған журналистік жол
    23.02.2021, 10:51
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығымен құттықтаулар легі басталды
    22.02.2021, 13:50
  • «Қасымның тағдыры бұрмаланған»
    19.02.2021, 09:41
  • Түркістан облысында "Жас Алаштың" атында мектеп бар
    15.02.2021, 10:51