Жамбылда туризм бойынша 7 млрд теңгелік жоба басталды

28.08.2019, 15:26

346

Жылдан-жылға Жамбыл облысындаорналасқан тарихи-мәдени ескерткіштер мен өңірдегі көркем табиғатты тамашалаудықұп көрген туристердің саны артып келеді. Салыстырмалы түрде айтар болсақ,өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 21,4 пайызға өскен.

«Бүгінде Жамбылоблысы экономикасының басым бағыттарының бірі ретінде туризм саласының дамуынаерекше көңіл бөлініп отырғаны белгілі. Жоспарланған мақсат пен міндеттерге қолжеткізу үшін облыстың оң туристік имиджін қалыптастыру және туристік ағымдытарту үшін қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде.Өңірдегі туристік қызметті дамыту саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясаттыжүзеге асыратын «Жамбыл облысы әкімдігінің туризм басқармасы» коммуналдықмемлекеттік мекемесі құрылған болатын.

Бұл басқармааймақтың туризмін дамыту перспективаларын анықтай отырып, тарихи-мәдени мұраобъектілерін сақтау, туризм саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту,бәсекеге қабілетті туристік бағдарламаларды қалыптастыру және жүзеге асыру,туризм саласына инновациялық технологияларды енгізу мен инвестиция тарту, «ҰлыЖібек жолындағы» туризмді дамыту мен алға бастыру және т.б. мәселелеріменайналысады»,- дейді Жамбыл облысы әкімдігі туризм басқармасының басшысы ҚарлығашАралбекова.

Жыл басынан бастапаймақтағы туризмді дамыту мақсатында облыстың оңтайлы имиджін қалыптастыруғабағытталған бірқатар жұмыстар атқарылған. Статистикалықмәліметтерге сүйенсек, жыл басынан өңірдегі туризм саласы бойынша негізгікапиталға салынған инвестициялардың аумақтық көлемі – 3 миллиард 521 миллион639 мың теңгені құраған.

Қазіргі таңда Жамбыл облысындатуризм саласын дамыту бойынша екі ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Соның бірі – Жуалы ауданындағы  «Қаралма» тау-шаңғы базасы. Бұл жобаныңқұны — 3 миллиард 355 миллион теңгені құрайды. Кешен  Талас Алатауының3200 метр биіктігінде орналасқан. Бүгінгі таңда құрылысқа 274 га жер телімібөлініп, электр қуатымен жабдықтау, газ мен су құбырын жүргізу инженерліккоммуникациялары өтетін жерлері анықталып, автожол құрылысы аяқталды.

Техникалық сипаттамалары бойынша арқандыжолдың ұзындығы 2050 метрді құрайды. Кешеннің құрамына 20 коттедж, 100 орындық1, әрқайсысы 70 орындық 2 мейрамхана, 30 орындық кафе, бақылау мұнарасы, қызметкөрсету орталығы, 100 автокөлікке арналған автотұрақ, бассейн және басқа дасауда-ойын-сауық орындары кіреді.

Ал екінші жоба Тараз қаласының орталығынанашылады деп күтілуде. Ол «Шахристан» этно-мәдени кешені» жобасы. Ол 13 863шаршы метр аумаққа орналасатын болады. Жобаның жалпы құны -3,768 миллиардтеңге. Оның ішінде: «Руханият орталығы», музей, көрме орталығы, суретгалереясы, «Арбат» қарастырылған. Сонымен қатар, ежелгі салт-дәстүрлердіжаңғырту мен облыстағы кәдесый өнімдерін өндіруді дамытуды көздейтін «Таразшеберлері» қолөнершілер қалашығы орналасатын болады.

Мақсаты қолөнер мұрасын өмірге әкелгенкәсіпкерлерге қолдау көрсету арқылы өңірімізге туристерді тарту. Қолөнершеберлеріне өз туындыларын сатуға мүмкіндік тудыратындай жағдай жасау. Бүгінгітаңда жобаның эскизі әзірленіп, аумақты құрылысқа дайындау жұмыстары жүргізіліпжатыр.  

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 25.05.2023, 06:23
Электромобильді кедендік бажсыз ресімдеу тәртібі туралы
Сайт әкімшілігі 23.05.2023, 15:51
Үлкен Алматы айналма жолы пайдалануға берілетін мерзім аталды
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 23.05.2023, 09:31
Шабан жалақы, жүйрік инфляция, тепеңдеген халық
Сайт әкімшілігі 22.05.2023, 12:02
Қаржы мониторингі агенттігі қаржы пирамидалары тізімін жариялады
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 18.05.2023, 15:45
Банкрот болдым дегенше...
Күлтегін БЕК 18.05.2023, 10:09
АҚШ-та дефолт болса, ҰЛТТЫҚ ҚОР бізді құтқара алмайды

Аңдатпа


  • Келген қазақ құжатсыз, туған бала тұрақсыз
    26.05.2023, 10:25
  • Қазақтың жерін саудалап жүрген кім?
    26.05.2023, 09:51
  • Құқығың бұзылса, депутатқа айтасың, депутат бұзылса, кімге айтасың?
    26.05.2023, 09:13
  • Ғинияттың 207 мың кемшілігі
    25.05.2023, 10:00
  • Орталық Азияның «отағасы» кім?
    25.05.2023, 09:31