Жамбылда жаңа оқу жылында 5 мектеп пайдалануға беріледі

10.08.2019, 13:33

179

Жамбыл облысында жаңа оқу жылықарсаңында 5 бірдей мектеп пайдалануға берілмек. Олар Меркі ауданының Қазақдихан ауылында, Жамбыл ауданы Бірлесу еңбек ауылында, Шу қаласының Тоғаймассивіндегі орын тапшылығы бар мектеп, Т.Рысқұлов ауданы Жалпақсаз ауылындағыапатты мектеп және Байзақ ауданындағы үш ауысымды Ақшолақ мектебі. Ал қалған 3апатты мектепке облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, олардың құрылысы 2020-шы жылыаяқталады деп жоспарлануда.

Жамбыл облыстық білім басқармасының басшысыРахия Тұрмаханбетова жыл басынан бері өңірде 7 мектепке күрделі жөндеу жүргізілгенінжеткізді. Бүгінгі таңда оның 3-нің құрылысы аяқталыпты. Қалған 4-нің құрылысы қоңыркүзге дейін созылмақ. Дегенмен, оқу процесіне кедергі келтірмеу шараларынназарда ұстайтын боламыз дейді облыстың бас мұғалімі.

Сонымен қатар, өңірде  мектепке дейінгі білімберетін 545 мекеме  жұмыс істейтінін, 55207 бала тәрбиеленіп жатқанынайтты. Ағымдағы жылы өңірде 2194 орындық 15 мектепке дейінгіұйым ашылыпты. Ал жекеменшік балабақшалардың үлесі 31,4 пайызды  құраған.Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2 пайызға артық. Нәтижесінде мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылғандар үлесі3-6 жас аралығында 98%-ға артыпты.

Жамбыл облыстық білім басқармасы басшысыныңайтуынша, жаңа оқу жылында Тараз қаласы мен аудандарда 37 IT-сынып ашужоспарланып отыр екен. Ол өткен жылмен салыстырғанда 23 IT-сыныбына артық. Оданбөлек, облыс бойынша мектептердің 99% Wi-Fi желісімен жабдықталған. Алробототехника кабинеттерімен мектептердің 50 пайызы қамтамасыз етіліпті.

«Өткен оқу жылы жемісті болды.Мәселен, облыс бойынша мектеп бітірген 8813 түлектің 317-сі «Алтын белгі» төсбелгісіне, ал 242 оқушы «Үздік» аттестатқа ие болды. Түлектердің 65,4 пайызыжоғарғы оқу орындарында оқуға мемлекеттік гранттар жеңіп алды. 

Облысымыздың оқушылары халықаралық,дүниежүзілік, республикалық пән олимпиадалары мен ғылыми жарыстарда 132 медальиеленсе (2018 ж. — 123), шығармашылық байқауларда 2967 жүлделі орынды, түрліспорт жарыстарында 238 медаль жеңіп алды. Оның ішінде республикалық«Ұлттық мектеп лигасында» жамбылдық оқушылар жалпы командалық есепте І орынғаие болғанын айта кетейін. Оқушыларды білім нәрімен сусындатып, адамгершілікрухта тәлім-тәрбие беріп, жақсы қасиеттерді бойына дарытуда, осындайжетістіктерге жетуіне ұстаздар қауымының еңбегі зор»,- дейді РахияТұрмаханбетова.

Фото: 24.kz

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Нұрай РАХЫМ 20.10.2021, 10:19
Жаңа кен орындары игерілмек
Еңлік АБАҒАН 20.10.2021, 09:12
Ауғанстанға астық беру – пиар
Тоқтар ҒАБДРЕШҰЛЫ 19.10.2021, 14:24
Батыс Қазақстан башқұрттармен бизнес жасамақ
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 19.10.2021, 08:23
«Досаевқа – «2», үкіметке – «-1»
Сайт әкімшілігі 18.10.2021, 15:39
Ауыл шаруашылығы министрі ұн мен астық неге қымбаттағанын түсіндірді
Еркежан АРЫН 16.10.2021, 16:24
Қазақстандағы электрондық сауданың даму қарқыны жоғары

Аңдатпа


  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30
  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31