Жамбылда жеті ауданда егін орағы аяқталды

15.08.2019, 09:35

345

Жамбыл облысында биыл 333 мың 526 гектар жерге егінегілген болса, қазіргі таңда оның 328 мың 493 гектар жері орылып үлгерді. Текөңірдегі таулы аймақтардың жекелеген шаруашылықтарында ғана егін орағы жалғасыпжатыр. 

Ал өңірдегі дәнді-дақылдаралқабының да 90 пайыздан астамы орылып біткен. Бұл ретте масақтыдәнді-дақылдарды ору науқанын алғашқы болып Байзақ ауданының дала еңбеккерлеріаяқтапты. Байзақтықтар 13 мың 836 гектар жерге ақ егіс егіп, жауаптынауқанға аса жауапкерлішілікпен қараған жергілікті механизаторлар әр гектардан23,1 центнерден өнім жинаған. Аудан көрсеткішін өрге сүйрегендердің бірі — Талаптышаруа қожалығы. Олар 600 гектар жерге еккен өнімдерін шашпай-төкпей қамбаларынақұйып алыпты.

Байзақтықтарданбасқа, Қордай, Меркі, Мойынқұм, Т. Рысқұлов, Талас және Жамбыл аудандарында даақ егістік толық орылып біткен. Енді Жуалы, Сарысу және шулық шаруалар бір«әуп» десе, Әулиеатада егін орағы аяқталмақ. 

Ал Т.Рысқұлов ауданындағы «Береке-20»ЖШС 800 гектарға егін егіпті.

 – Халқымыз «Диқанның қазынасы – жер» деп бекерге айтпағанғой. Серіктестікке қарасты 5747 гектар жердің 1400 гектары егістік. Биыл бізсоның 800 гектарына егін ектік. Қалған 600 гектарын пар айдап, келер жылдыңөніміне дайындап қойдық. Арпа орта есеппен гектарына 15центнерден айналды. Бидай гектарына20 центнерден айналып жатыр. «Еге білсең егін тасқа да бітеді» деген халықданалығын қаперде ұстап, агротехникалық шараларды әлі де жетілдіре түсудікөздеп отырмыз,- дейді серіктестік басшысы МақсатСартаев.

«Егініне қарай қырманы, күтіміне қарай түсімі» демей ме, қырманға қазіргі таңда 500 тоннадай арпа-бидай құйылыпты. Мақсат Әсәділдаұлы2007 жылы 96 үйдің жер үлесі­мен құрылған осынау серіктестікті Мелдебек Қазбековдеген азаматтан 2014 жылы қабылдап алыпты.

Жамбыл облысыәкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасының баспасөз хатшысы Тұңғыш Тынысбекұлыберген мәліметке жүгінсек, облыс бойынша  орта есеппен әр гектардан 22,7 центнерден егінтүсіп, бүгінгі күні қамбаларға 746 мың 703 тонна астық жиналған. Ел ырзығы егінжинауға 5 мыңнан астам түрлі техникалар жұмылдырылса, орақ науқанына 782комбайн қатысыпты. Енді дала еңбеккерлерінің алдында майлы дақылдарды жинауміндеті тұр.

Бұлретте Жамбыл облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары ЕрланҚұлкеев өңірде 56 мың гектарға майлы дақыл себілгенін атап өтіп, шаруалар ақегісті ору науқанын аяқтаған соң пісіп, дайын тұрған мақсары өнімдерін жинаужұмыстары басталатынын жеткізді. 

Қазір өнімді жинапалған аудандарда күздік егінге дайындық жұмыстары да қызу жүріп жатыр.

Фото: 24.kz

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 15:39
Ауыл шаруашылығы министрі ұн мен астық неге қымбаттағанын түсіндірді
Еркежан АРЫН 16.10.2021, 16:24
Қазақстандағы электрондық сауданың даму қарқыны жоғары
Айнұр ӘЛИ 14.10.2021, 13:00
Жалдамалы жұмыс жарылқай ма?
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 14.10.2021, 09:00
Зейнетке шығу бір арман
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 12.10.2021, 09:12
Ау, үкімет! Енді нан таппай қалмаймыз ба?!
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 08.10.2021, 17:08
Қарағандыдағы квазимемлекеттік сектор сыбайлас жемқорлықты алдын алуға кірісті

Аңдатпа


  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29