Жамбылда жиын-терін аяқталды

10.09.2019, 13:12

371

Жамбылоблысының шаруалары масақты дәнді дақылдарын шашпай-төкпей  жинап алып, жиын-терінді межелі мерзімінде аяқтады. Биыл барлығы 763,2 мың тоннаастық қамбаға құйылып, өнімділік әр гектарға шаққанда орташа 23 центнерді құрапотыр.

Бұл ретте бидайдың жалпыөнімі 331, 7 мың тонна жиналып, гектарына 24,1 центнерден айналса, арпа 431,5мың тоннаны құрап, оның орташа өнімділігі гектарына шаққанда тиісінше 22,2центнерден айналған.

Жалпы астық бастырубойынша аудандар арасында Т. Рысқұлов ауданы биыл тағы көш басында тұр. Құландықтардыңқамбасына 250,5 мың тонна астық жиналған. Яғни, облыс бойынша жиналған дәндідақылдардың үштен бірі осы ауданның шаруаларына тиесілі. Одан кейінгі орындарда130 мың тонна астық орған Қордай және 125 мың тоннамен Меркі аудандары бөлісіптұр.
Облыс әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары ЕрланҚұлкеевтің айтуынша, егін жинау кезінде агроқұрылымдарда жанар-жағармаймәселесі туындамаған. Бұл мақсатқа кепілдендірілген баға бойынша 16 200 тоннадизель отыны бөлініпті. Сонымен қатар «Кең дала» бағдарламасы аясында көктемгіжәне күзгі дала жұмыстарын жүргізу үшін «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ жалпысомасы 312 миллион теңгені құрайтын қаржыға ауыл шаруашылығы тауарларынөндірушілердің 43 өтінімін қаржыландырған.

– Егін жинау науқаныныңоңтайлы мерзімде аяқталуы – бұл жоғары деңгейдегі ұйымдастыру,материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселелерінің уақтылы жүзеге асырылуы менөнімділігі жоғары егін жинау техникаларын қолданудың жемісі, – дейді Е.Құлкеев.

Ол жыл сайын фермерлер100 мың гектардан астам егістік алқапты минералды тыңайтқыштарменқоректендіретінін де атап өтті. Мысалы, өткен жылы облыс бойынша минералдытыңайтқыштар сатып алуға 800 миллион теңге бөлінсе, биыл бір миллиард теңгебөлініпті.

Осы орайда шаруақожалықтарының сұрыптарды жаңартумен де айналысып жатқанын айта кетейік. Яғни,дәнді дақылдардың жалпы алаңының 30 пайызына жоғары өнім беретін сұрыптар себіліп,бұл өнімділікті 15-20 пайызға арттыруға мүмкіндік беріпті.

Сондай-ақ, қазіргі таңда5063 трактор және 695 комбайн жөнделіп, келер жылдың өнімін жинауға әзірліксапына қойылыпты.
Ал  астықты сақтау мен сатуда да шаруаларбас ауырта қоймайды. Өйткені, біраз жылдан бері фермерлер астықтарын көршілес Қырғызстанмен Өзбекстан, қала берді Тәжікстан елдеріне өткеру жолға қойылған.

Сөз соңында тағы бір айтаөтерлігі, жыл басынан бері Жамбылда ауыл шаруашылығы паркі бес пайызға жаңартылса,жыл соңына дейін бұл көрсеткіш жеті пайызға дейін жеткізіледі деп күтіліп отыр.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Жарас КЕМЕЛЖАН 06:13
Jusan-ды жусататын күн туа ма?
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 05.10.2022, 09:29
«ҚОРАҒА» кірдік. Берешекке құмар үкіметте бедел қалды ма?!
Сайт әкімшілігі 04.10.2022, 14:51
Еуроодақ Ресей алтынына санкция жариялады
Сайт әкімшілігі 03.10.2022, 15:43
Қазақстанда жылдық инфляция 17,7%-ға дейін өсті
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 03.10.2022, 09:29
Шөптің құны!..
Сайт әкімшілігі 30.09.2022, 20:13
Елдегі әлеуметтік қамтамасыз ету саласындағы дамыту жұмыстары

Аңдатпа


  • Jusan-ды жусататын күн туа ма?
    06:13
  • «Назарбаевсыздандырумен» қашанғы алысамыз?
    06:12
  • Ұлттық идеологияда неге ұтылып жүрміз?
    06:11
  • «ҚОРАҒА» кірдік. Берешекке құмар үкіметте бедел қалды ма?!
    05.10.2022, 09:29
  • Ресей – өтірікшілер елі. Қазақстанға не жорық?
    05.10.2022, 09:28