Жамбылда жол жөндеуге 14,8 миллиард теңге бөлінген

28.08.2019, 20:43

13

«Жолдыңжайын жүрген біледі» деп аталарымыз айтқандай, «бір жол бар жақын, жақын даболса алыс». Иә, жол – экономиканың күре тамыры. Ел экономикасының дамуынаавтомобиль жолдарының қосар үлесi мол.

Бұлретте Жамбыл облысында жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары мен елді-мекенкөшелері желісінің ұзын-ырғасы 9 690 шақырымды құрайды.

Оныңішінде республикалық маңызы бар автомобиль жолдары – 1152 шақырым, облыстықмаңызы бар автомобиль жолдары – 1987 шақырым, аудандық маңызы бар автомобильжолдары 1188 шақырым және елді-мекендер көшелерінің желісі 5363 шақырым.

Қазіргітаңда республиканың оңтүстік бөліктерін солтүстікпен байланыстыратын күретамырлар болып табылатын республикалық маңызы бар «Алматы-Ресей федерациясыныңшекарасы (Екатеринбургке қарай)», «Меркі-Шу-Бурылбайтал» автожолдарын қайтажаңғырту жұмыстары  басталғаны белгілі. Жобалардытолық аяқтау 2022 жылға жоспарланған.

Өткенжылы өңірімізде жол саласына қаржы жылдағыдан көбірек бөлініп, нәтижесінде 500шақырымға жуық жергілікті маңызы бар автожолдар мен елді мекен көшелеріжөңделіп, ішкі және ауылдар арасындағықарым-қатынас біршама жақсара түскен болатын. Атап айтатын болсақ, 2018-шіжылы жалпы жол саласына 12,1 миллиард теңге бөлінген. Осы қаржының есебінен 18 шақырым шағалды жол салу (1 нысан),  26,4 шақырым күрделі жөндеу (1 нысан)  және 499,4 шақырым (158 нысан) автожолдар менкөшелерге орташа  жөндеу жұмыстарыатқарылды. Оның ішінде 145,4 шақырым облыстық маңызы бар автожолдың 26,4шақырымына күрделі, 119 шақырымына орта жөндеулер, 211 шақырым аудандық маңызыбар автожолдардың 187,4 шақырым елді мекен көшелерінің 18 шақырымына құрылыс,169,4 шақырымына орта жөндеу жұмыстары жүргізілген. Сондай-ақ, 1 көпірдіңқұрылысы жүргізіліп,  2 жол өткелі қайтажаңғыртылған.

Нәтижесінде жергілікті жолдардың жақсы және қанағаттанарлықжағдайдағы  көрсеткіші жоспардағы 78,5%асып 80,1%-ға орындалған.

Ал осы жылы жергілікті маңызы бар автожолдар мен елдімекен көшелерінің жағдайын одан әрі жақсарту мақсатында республикалық жәнежергілікті бюджеттерден бірлесіп қаржыландыру тәжірбиесін жалғастыру арқылыжалпы 14,8 миллиард теңге бөлініпті. Оның ішінде, 8 миллиард теңгереспубликалық, 6,8 миллиард теңге жергілікті бюджеттен. Бөлінген қаржы есебіненжалпы 16,2 шақырым жаңа жол құрылысы, 6,2 шақырым қайта жаңғырту, 30 шақырымкүрделі жөндеу және 550,1 шақырымға жуық орта жөндеулер жүргізілетін болады.

Бұл ретте биылғыжобалардың ішіндегі ең маңызды деген 3-еуіне тоқталсақ. Олар:

— Ұзындығы 16,1шақырым «Қырғызстан шекарасына Тараз қаласын оңтүстіктен айналма» автожолыныңқұрылысы;

— Облыстық маңызыбар «Тараз-Сарыкемер-Түймекент-Ақшолақ» автожолының 3,4-14,4 шақырымдарын қайтажаңғырту;

— Облыстық маңызыбар «Тараз-Жетібай-Тегістік-Ойық» автожолының 1,7-7 шақырымдарын қайта жаңғыртунысандары.

Аталған жобалардың жүзеге асырылуы – жергіліктітұрғындардың көлікпен қатынауын жақсартумен қатар, өңірдің көліктік логистикасыинфрақұрылымының дамуына да орасан зор үлес қосады. Осы орайда айта өтерлігі,жыл қорытындысы бойынша Жамбыл облысы «Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағыоблыстық және аудандық маңызы бар автожолдардың үлесі» индикаторлық көрсеткішін80,1 %-дан 85% жеткізуді жоспарлап отыр.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Еркежан АРЫН 11:30
Ауыл шаруашылығы кешенін дамытудың болашағы кемел
Еркежан АРЫН 11:27
Шекаралық аймақтардағы сауданың шырайын кіргізу маңызды
Сайт әкімшілігі 28.09.2020, 17:13
Жемқорлықты бақылау көрсеткіші артып келеді
Сайт әкімшілігі 28.09.2020, 15:45
Ұлттық банк теңгенің әлсіреуіне қатысты түсінік берді
Сайт әкімшілігі 28.09.2020, 14:06
Доллар күрт төмендейді-сарапшы
Сайт әкімшілігі 28.09.2020, 12:13
Қазақстанда доллар қымбаттап жатыр

Аңдатпа


  • Жарты мүшелі жан жұртқа жігер беріп отыр (видео)
    10:22
  • Ар сатылды, кен шашылды
    09:55
  • Ұлттық банк теңгенің әлсіреуіне қатысты түсінік берді
    28.09.2020, 15:45
  • «Shymkent bike» қызметін пайдаланушылар көбейді
    26.09.2020, 15:01
  • Үш мыңға жуық медицина қызметкеріне біржолғы төлем берілді
    28.09.2020, 11:16