Жамбылда жыл аяғына дейін 27 тұрғын үй тапсырылуы тиіс

16.03.2019, 19:05

155

Жамбыл облысында коммуналдық тұрғын үй қорынан пәтер алу үшін кезекте 23 762 адам тұр. Осы ретте өткен жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында тұрғын үйлер мен инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету нысандарына 12,7 миллиард теңге бөлінген. Осы қаржының есебінен 32 көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп, 38 инженерлік инфрақұрылым жобалары іске асырылуда. Бұл ретте былтыр облыс бойынша 1 673 пәтер пайдалануға беріліп, 4 654 жер учаскелеріне инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым тартылған. Жалпы, жыл қорытындысы бойынша 482,3 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Бұл 2017 жылғы көрсеткіштен 21 пайызға артық екенін айта кетейік.Ал, биыл Бағдарлама аясында 23,5 миллиард теңге қаржы қаралып отыр екен. Осы қаржы есебінен өңірімізде 28 көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жүргізілмек. Жоспар бойынша жыл аяғына дейін 27 көпқабатты тұрғын үй тапсырылуы тиіс, 1 арендалық үй 2020 жылы пайдалануға берілмек. Яғни, биыл бюджет есебінен 1 970 адамды пәтермен қамту көзделіп отыр. Оның ішінде кредиттік 21 үйден 1 460 пәтер, арендалық 6 үйден 510 пәтер. Сонымен қатар, әкімдік тарапынан құны 5,6 миллиард теңгені құрайтын 710 пәтерлі 11 арендалық үйдің құрылысына республикалық бюджетті нақтылауда қаржы бөлу үшін жобалау-сметалық құжаттамалары әзірленіп, өтінім тапсырылыпты.Ал облыс бойынша арендалық тұрғын үй кезегінде тұрған 23 762 адамның ішінде халықтың әлеуметтiк осал тобына жататын азаматтардың саны 13 436. Әулиеатада әкімдіктің бастамасымен осы отбасыларды тұрғын үй кезегі жеткенге дейін жатақханамен қамту жұмыстары қолға алынуда. Ағымдағы жылы осындай 6 жатақхананада 400-ге жуық аз қамтылған және көп балалы отбасын қоныстандыру жоспарланып отыр. Олардың 3-еуі Тараз қаласында, Жаңатас, Қаратау және Шу қалаларында 1 жатақханадан.Орайы келгенде айта кетсек, жуырда Жаңатас қаласында 60 пәтерлік көпқабатты тұрғын үй қайта жаңғыртудан өтіп, пайдалануға берілді. Қаладағы №1 шағын ауданында орын тепкен аталмыш №5 үйге қайта жаңғырту жұмыстарын тараздық мердігер «Бер-Нур-Тараз» ЖШС-і жүргізген. Жобалық құны 195,1 миллион теңге. Нысан пайдалануға өткен жылдың 29-желтоқсанында қабылданған. Мереке қарсаңында пайдалануға берілген тұрғын үйде бір бөлмелі — 5, екі бөлмелі — 35, үш бөлмелі — 20 пәтер бар. Аталған үйге қоныс аударатын адамдардың тізімі аудандық тұрғын үй комиссиясы тарапынан жасақталыпты. Жалпы, Сарысу ауданы бойынша өткен жылдың қорытындысы бойынша барлығы 180 пәтерлі 2 арендалық үй қайта жаңғыртылып, пайдалануға беріліп отыр.Фото: inform.kz
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Еркежан АРЫН 29.07.2021, 17:20
Сүт өнімдерін цифрлық таңбалау өзекті
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 29.07.2021, 08:48
Қорды сақтай алмаған Үкімет Қор болмақ
Еркежан АРЫН 27.07.2021, 11:40
Қазақстан суды көрші мемлекеттермен бөлісу мәселелерін қалай шешеді?
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 22.07.2021, 08:57
80 триллион? Көк тиыны жоқ Келімбетов қиялдап жүр
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 21.07.2021, 13:38
Қазақтың мұнайы алпауыттардың ғана бағы ма?
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 21.07.2021, 08:43
Қазақ ауылының кежегесі неге кері тартып тұр?

Аңдатпа


  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58
  • Ташкенттен «Жас Алаш» газетінің түпнұсқасы табылды (видео)
    07.07.2021, 13:15