Жамбылда жылу құбырларын ауыстыруға 7 миллиард теңге қаржы бөлінген

20.09.2019, 20:03

7

Жамбыл облысының орталығы Тараз қаласындағы жылу құбырларының 25 шақырымға жуығы қайта жаңғыртудан өткізілмек. Оған «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 7 миллиардтан астам қаражат бөлінген. Осының нәтижесінде облыс орталығында тозған жылу жүйелерінің деңгейін 60 пайызға дейін төмендету көзделіп отыр.
Сонымен қатар, Тараз қаласының тұрғындары ыстық суды жыл он екі ай пайдалануы мақсатында шетелдік инвесторлар тартылып, жаңа жобалар жүзеге асырылуда. Осылайша, жылдар бойы күрмеуі тарқатылмай келе жатқан бұл шаруаның түйінін тарқату төңірегінде энергетика саласының мамандары «Тараз энерго орталығында» жиын өткізіп, осынау мәселені шетелдік компания өкілдерімен бірлесіп талқылады.
Жалпы, жарты ғасырдан астам уақыттан бері жұмыс атқарып келе жатқан «Тараз энерго орталығындағы» қондырғылардың едәуір бөлігінің тозығы жеткені бұрыннан айтылып келеді. Мұндағы барлық дерлік құрылғылар мен жабдықтардың жаңалауды қажет ететінін тиісті мамандар айтудай-ақ айтып келеді. Міне, басқосу барысында осынау модернизациялау мәселесі қаралып, алдағы он жыл ішінде қайта құру жұмыстарын шет елдік компания өкілдерімен бірлесе отырып шешу мәселесі қаралды.
Бұл ретте «Тараз энерго орталығымен» бірлесе іс атқаруға «Sterling And Wilson» компаниясының өкілдері қызығушылық танытып отыр. Жаңадан келіп жатқан арабиялық компаниядан бөлек, бұл мекеме Ресей және қытайлық әріптестерімен де жақсы байланыс орнатқан.
– Жан-жақты жұмыс жасайтын біздің компания энергожүйелердің құрылысымен айналысады. Біз энерго жүйелерін құрып тарататын, сонымен қатар халықаралық деңгейде жұмыс жасайтын бірден-бір өндіріс орнымыз. Қазір әлемнің түкпір-түкіпірімен бірлесіп жасайтын мекемелеріміз бар. Ал, бүгінгі Таразға келу мақсатымыз – осындағы энергоорталықты жаңарту, – дейді инвесторларды бастап келген компания өкілі Рашид Хан.
Осылайша, шаһардағы энерго орталық толықтай жөндеу көріп, жаңа технологиялар қолданысқа беріледі. Нәтижесінде, коммуналдық төлемдер бағасының айырымы төмендеп, тұрғындарға да тиімділік қарастырылады.
Айта кетерлігі, алдағы уақытта Жамбыл өңіріндегі 437 қазандықтың 11- іне жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Сонымен қатар, көп қабатты тұрғын үйлер мен бюджеттік мекемелердің қысқа әзірлігі пысықталмақ. 

Фото: inform.kz

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 10:26
Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
Еркежан АРЫН 24.09.2020, 10:35
Кәсіпкерлерді қолдайтын жобалардың бабын келістіре алдық па?
Еркежан АРЫН 24.09.2020, 10:23
Сауда ынтымақтастығын арттыру маңызды болып тұр
Айжан БҮРКІТБАЕВА 24.09.2020, 09:30
Жеке тұлғаларды банкроттау заңы керек пе?
Сайт әкімшілігі 23.09.2020, 13:22
Доллар қымбаттап жатыр
Қарлығаш Зарыққанқызы 22.09.2020, 10:46
Депозит нарығы: Банктер халықты қашанғы тонайды?

Аңдатпа


  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39